сабақ жоспары. 10 сабақ. сабақ жоспары. 10 сабақ.
Сабақ жоспары
7. Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қазақ күресі | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 6.2.1.1 мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқылым мәтінінен негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіре білуге үйрету. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік дағдылар | Оқушылардың тақырыпқа қатысты лексикасы дамиды. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ оқушылардың бойына топтық, жұптық жұмыс жасау барысында бірін-бірі тыңдай білу, өзгенің пікіріне құрметпен қарау құндылықтарын дарыту, бірін-бірі бағалауы кезінде академиялық әділдік саясатын ұстануға үйретуге бағытталған. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Спорт, география | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді, спорт жұлдыздары туралы білімдерін толықтырады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған сабақ кезеңдері | Сабаққа жоспарланған іс-әрекеттер | Дереккөздері | |||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | 1-тапсырма. Оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында мұғалім оқушыларға «Қазақстан барысы» байқауының белгісі салынған белдіктің суретін ұсыну арқылы ой шақырады.
| Слайд | |||||||||||
Сабақтың ортасы 8 минут 15 минут 5 минут | 2-тапсырма Мұғалім оқушыларды мәтінді мұқият оқуға шақырады. Оқушылар мәтінді мұқият оқып, мәтіннің мазмұнын топта қысқаша талқылап, мәтінге қатысты тапсырмалар орындайды. Қазақстан барысы-2018 Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің жүлдесі мен Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақ күресінен "Қазақстан Барысы" VIII республикалық турнирі аяқталды. Биылғы балуандар бәсекесінде Ержан Шынкеев жеңімпаз атанды. Өткен жылы "Қазақстан барысы" атанған Еламан Ерғалиев биыл чемпиондық атағын қорғай алмады. Балуан ширек финалда "Әскер барысы" Ерасыл Қажыбаевтан жеңілді. Балуандар тең түсіп, белдесуде Еламанның қолы белбеуден босап, жарысты аяқтады. Естеріңізде болса, Еламан да өткен жылы "Әскер барысы" атанып барып, "Қазақстан барысында" бақ сынаған еді. Жартылай финалда Ерасыл Қажыбаев Түркістан облысынан келген балуан Ерсұлтан Мұзаппаровпен белдесті. Бірден ұпай алып, шабуылда ширақтық танытты. Әйткенмен екі балуанның салмағы бірдей емес. Ерасыл – биылғы балуандар бәсекесіне қатысушылар арасындағы ең ауыр салмақты спортшы. Ерсұлтаннан 60 кг-ға ауыр болды, дегенмен жекпе-жек соңында Түркістан облысынан келген балуан намысты қолдан бермеуге тырысты. Үстін-үстін әдіс жасап, ұпай алғанмен, алып қарсыласынан айласын асыра алмады. Жартылай финалдағы Айбек Нұғымаров пен Ержан Шынкеев арасындағы белдесу аса тартысты өтті. Жанкүйерлердің ықыласына бөленіп, қос балуанның әдіс-айлалары ерекше болды. Белдесудің соңында Ержан ұтылып тұрып, шығыс қазақстандық балуанды өз әдісіне түсірді. Нәтижесінде финалға жолдама алды. Биылғы "Қазақстан барысына" алып балуандар шықты. Ерасыл Қажыбаевтың салмағы 151 кг (ең ауыр балуан) болса, Ержан салмақ өлшеу рәсімінде қарсыласынан 20 кг жеңіл шыққан болатын. Финалдық белдесуді Ержан Шынкеев ширақ бастады. Бүк ұпайын алып, оны жамбас ұпайына айналдыра білді. Ал Ерасыл жарақаты барын аңғартып, ауырсына жүріп белдесті. Ержан шеберлігін танытып, алғаш рет Қазақстан барысы атанды. Ал алғаш рет Қазақстан барысына қатысқан Ерасыл Қажыбаев күміс белбеу иегері атанды. 3-тапсырма Мұғалім оқушыларды мәтінді қайта оқып шығып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтауға шақырады.
4-тапсырма
Детальді ақпараттар: Түсіндірмесі:
ДЕСКРИПТОРЛАР
| 2018 жылғы "Қазақстан барысында" Ержан Шынкеев топ жарды. | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия Мұғалім сабақ соңында оқу мақсатына қайта оралып, оған қаншалықты жеткендіктерін талқылайды. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы оқушылар өздерінің іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды. «Мен бүгін ... Мен үшін қиын болды... Мен тапсырманы ... Мен түсіндім... Алдағы уақытта ... Мені таң қалдырды ...» | Түрлі түсті қағаздар | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды