Көліктердің дамуы. Қазақ тілі, 5 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

САБАҚ: 3

Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Үсен Айгүл Мырзакелдіқызы

Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны: 20

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Көліктердің дамуы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О6.Оқылым стратегияларын қолдану.

Оқылым стратегияларын қолдану:жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

 Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттарды түсінеді.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген мәтіндердегі нақты ақпараттарды анықтайды.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттарды талдайды, себептерін анықтайды, шешім шығарады.

 Бағалау критерийі

Мәтін мазмұнын түсінеді;

Мәтіндегі нақты ақпаратты анықтайды.

Берілген ақпараттарды талдап, себептерін анықтайды, шешім шығара алады.

Тілдік мақсат

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »

 Сабақта қамтылатын

құндылықтар

Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдалану үшін интербелсенді тақтаны қолданады.

Пәнаралық байланыс

экономика

Сабақтың түрі

Семинар сабақ

Алдыңғы оқу

Алдыңғы сабақта оқушылар көліктер туралы тыңдалым материалы бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерін білдірген.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту

Қай сан қай аймаққа тиесілі?

Оқушыларға 01-16 аралығында сандар жазылған жетондар таралып беріледі. Оқушылар көлік нөмірлеріндегі соңғы екі санның қай аймаққа тиесілі екенін табу керек.

01

02

03

04

05

06

07

08

09

10

11

12

13

14

15

16

Астана қаласы – 01

Алматы қаласы – 02

Ақмола облысы – 03

Ақтөбе облысы – 04

Алматы облысы – 05

Атырау облысы – 06

Батыс Қазақстан облысы – 07

Жамбыл облысы – 08

Қарағанды облысы – 09

Қостанай облысы – 10

Қызылорда облысы – 11

Маңғыстау облысы 12

Оңтүстік Қазақстан облысы – 13

Павлодар облысы – 14

Солтүстік Қазақстан облысы – 15

Шығыс Қазақстан облысы – 16

Топқа бөлуТүскен аймақтарға қарай оқушылар 4 топқа бөлінеді:

  • Оңтүстік
  • Солтүстік
  • Батыс
  • Шығыс

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын, жетістік критерийлерін таныстыру:

Үлестірме материалдар

Сабақтың ортасы

2 минут

3 минут

5 минут

5 минут

7 минут

3 минут

4 минут

10 минут

Оқылым алды сұрақтар:

  • Көліктің қандай түрлері бар?
  • Көп қолданылатын көлік түрлері қандай?
  • Ата-бабамыз қандай көліктерді қолданған?
  • Келешекте қандай көліктер пайда болуы мүмкін?
  • Қалай ойлайсыздар, бензинмен жүретін көліктер тиімді ме, әлде газбен жүретін көліктер ме?

Топтық жұмыс1-топ

2-топ

3-топ

4-топ

Білу

Кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпараттардың мәтін екенін дәлелдеңіздер.Мәтін не туралы? Мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтаңыздар.

ЖЖ.Түсіну

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыздар

Негізгі ақпараттар

Қосымша ақпараттар

ТЖ.Қолдану

«Неліктен» стратегиясы

«Пирамида» әдісі бойынша өз мәтіндеріңізді талдаңыздар, себептерін анықтап, шешім шығарыңыздар.

Бағалау «Бас бармақ»

ТЖ.Талдау

Әңгіме-дебат

Ақпарат көздерінің дерегіне сүйенсек, қазір Қазақстанда 4 миллионға жуық көлік бар. Олардың 12 мыңы ғана газбен жүреді. Қалай ойлайсыз, көлікке тиімдісі не: газ ба, бензин бе?

Ж.Ж.Жинақтау

Мәтінге жоспар құрыңыз.

«Көлікке тиімдісі не: газ ба, бензин бе?» тақырыбында эссе жазу үшін деректердегі ақпараттарды пайдаланып, күрделі жоспар құрыңыздар.

Жоспар құруға үлгі схема.

І. Кіріспе бөлім.

1. Тезис

ІІ. Негізгі бөлім.

1.Тезис:

2.Тезис:

3.Тезис.

ІІІ.Қорытынды бөлім

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»

ТЖ.Бағалау

«Көлікке тиімдісі не: газ ба, бензин бе?» тақырыбында эссе жазу Бағалау «Бас бармақ»

Диаграмма,

суреттер

Үлестірме материалдар

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы

«Бүгін мен...................... білдім»

2.«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды»

3.« ......................... екенін түсіндім»

4.«Мен..................................... білім алдым»

5. «.................. мені таң қалдырды»

Үйге тапсырма: «Келешектің кемеңгер көліктері» тақырыбында суреттер салу

стикер

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу