Ғарыш дегеніміз не? Етістіктің шақтары. Қазақ тілі, 4 сынып, презентация. 105 сабақ


Қазақ тілі 4- сынып

Тарау аты Ғарышқа саяхат

Сабақ тақырыбы

105 сабақ. Ғарыш дегеніміз не? Етістіктің шақтары

Құрастырған Калдина В.Т.

Оқу мақсаттары

4.2.5.1-дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау

4.3.2.1 - тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу

4.4.2.9 - етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды

Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды.

Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады

Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды

Тірек сөздер арқылы кейіпкерге мінездеме береді

Каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіру

Жұмбақтар шешу

Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,

Екеуі қызықтырған талайыңды.

Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,

Тұрады нұрға малып маңдайыңды.

(Ай, күн)

Су ішінде екі жайын, Бірі кетсе, бірі дайын.

(Ай, күн)

Төңірегі тең көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп,

Жас та сиған, кәрі сиған,

Астына оның бәрі сиған.

(Аспан)

Ғарыш дегеніміз не?

(“Инсерт”стратегиясы)

Түсіндірме сөздік

Ғаламшар-адасушы жұлдыз.

Күн жүйесі-Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар және оның серіктерін айтамыз.

Әлем немесе Ғарыш-Жерді қоршаған бүкіл дүние.

Галактика-миллиардтаған жұлдыздардан тұратын, кейде арасында орасан зор масса боп тұтасқан газ бен шаң болатын аса алып жүйе.

Сергіту сәті

«Күн, жер, су» ойыны.

«Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді.

«Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды.

«Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді

Мақала жазу

“Қазақ ғарышкерлері”

Тірек сөздер:қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, «Союз ТМ-13»ғарыш кемесі, Талғат Мұсабаев,ғарышта 3 рет болу,Айдын Айымбетов

Дескриптор:

1. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін жазады;

2. Мәтін жазу стилін сақтайды;

3.Грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;каллиграфиялық талаптарға сай жазады

Рефлексия “Кемпірқосақ”



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу