Ғарыш дегеніміз не? Етістіктің шақтары. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 105 сабақ


Пән:Қазақ тілі.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғарышқа саяхат

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Калдина В.Т

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

№105. Ғарыш дегеніміз не? Етістіктің шақтары

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

4.2.5.1-дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, диаграмма) қажетті ақпараттарды табу, кездескен жаңа сөздердің мағынасын мәнмәтін бойынша анықтап, ақпаратты қорытындылау, бағалау

4.3.2.1 - тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазу

4.4.2.9 - етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

4.3.6.1 каллиграфиялық нормаларды сақтау және жазу техникасын жетілдіру

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • Мәтіннен қажетті ақпараттарды таба алады, жаңа сөздердің мағынасын ашады;
  • тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін жазады
  • етістікті тиісті шақта қолдана алады
  • каллиграфиялық нормаларды сақтау

Оқушылардың көпшілігі:

• дереккөздерінен қажетті ақпараттарды таба алады,жаңа сөздердің мағынасын анықтап, қорытынды жасайды

•тірек сөздерді қолданып белгілі бір стильде мәтін (мақала, мінездеме) жазады

етістікті осы шақ, өткен шақ, келер шақта қолданады

каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу жылдамдығын арттырады

Оқушылардың кейбірі:

  • дереккөздерден өз бетінше ізденіп ақпараттарды таба алады,оны қолданып, мән-мағынасын ашады.

-жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;

-каллиграфиялық нормаларды сақтау, жазу жылдамдығын арттырады

Бағалаукритерийлері

  • Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
  • Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды.
  • Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады
  • Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
  • Тірек сөздер арқылы кейіпкерге мінездеме береді
  • Каллиграфиялық нормаларды сақтап, жазу техникасын жетілдіру

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Галактика, ғарыш кеңістігі, Күн жүйесі,

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Жарық секундына неше километрмен таралады?

-Ғарыштың құрамдас бөліктеріне нелер жатады?

Құндылықтар

Жаңалыққа құштарлығын арттыру, мақсат қоюға баулу, жақсы қасиеттерін дамыту

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолданудағдылары

Дереккөздерден Ғарыш әлемі туралы мәліметтер жинақтау

Алдыңғы білім

Мазмұндау, мінездеме жазу дағдыларына сүйену

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(МК),(Т) «Миға шабуыл»әдісі арқылы жұмбақ шешу

Бір үйде қос сұлу қыз ағайынды,

Екеуі қызықтырған талайыңды.

Жүдемес төрт маусымда мұңаймаса,

Тұрады нұрға малып маңдайыңды.

(Ай, күн)

Су ішінде екі жайын,

Бірі кетсе, бірі дайын.

(Ай, күн)

Төңірегі тең көрініп,

Теген жатыр төңкеріліп,

Жас та сиған, кәрі сиған,

Астына оның бәрі сиған.

(Аспан)

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын ,

Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын. Жаһанның жерін,суын, жәндіктерін,

Іші кең бәрін салса толмайтұғын.

(Көк, аспан)

 

Сабақтың ортасы

30 мин.

(Ө), (Т) «Инсерт» стратегиясы арқылы бұрыннан білетін және «Ғарыш дегеніміз не?»мәтіні бойынша ақпаратты кестеге толтыру. 

«V»- 

білемін 

«+»-жаңалық 

«?»- түсіндіріңіз, зерттеймін

ІІІ. Негізгі бөлім

4.1.1.1 (МК; Ө; Ұ) Оқулықпен жұмыс.1- жаттығу.

1. Мәтінді тыңда.

Мұғалім «Ғарыш дегеніміз не?» әңгімесін оқып береді. Оқушылардың мәтінді тыңдау барысында тірек сөздерді белгілеп отыруы қадағаланады.

Ықтимал жауаптар: Галактика, Әлем, жұлдыздық жүйе,Күн жүйесі

Мұғалім тарапынан қойылған ашық сұрақтарға оқушылар жауап бере отырып, өздері белгілеген тірек сөздермен сәйкестігін тексереді.

  • Жарық секундына неше километр жылдамдықпен таралады? (300000км)
  • Ғарыштың құрамдас бөліктеріне нелер жатады? (галактикалар, шаң-тозаңдар мен газ шоғырлары, әлемнің түкпір-түкпірінен тасқындап таралатын түрлі сәулелер)

(Т), (Қ) Сұрақтарды, тірек сөздер мен сөйлемдерді, «Инсерт» кестесін,мәтінді, энциклопедиялар мен сөздік кітаптарды пайдаланып,жаңалық, сызба, жарнама, постер құрастыру және қорғау.

 «Сен білесің бе?» сұрақтары

1. «Ғаламшар» грекше қалай аталады?

2. Өзінен жарық шығармайтын салқын денелер?

3. Жердің серігі не?

4. Жарық секундына неше км жылдамдықпен таралады?

5. Күн жүйесіндегі тіршілік бар жалғыз ғаламшар?

6. Жердің дүние жүзіндегі бірінші жасанды серігі қашан ұшырылды?

  • Қазақ ғарышкерлерін кімдер?
  • Жерді қоршаған бүкіл дүние қалай аталады?

2).Түсіндірме сөздікпен жұмыс

Тірек сөздер мен сөйлемдер

Ғаламшар, Күн жүйесі, Галактика, Әлем немесе Ғарыш

Ғаламшар-адасушы жұлдыз.

Күн жүйесі-Күн және оны айналып жүретін ғаламшарлар және оның серіктерін айтамыз.

Әлем немесе Ғарыш-Жерді қоршаған бүкіл дүние.

Галактика-миллиардтаған жұлдыздардан тұратын, кейде арасында орасан зор масса боп тұтасқан газ бен шаң болатын аса алып жүйе.

3).4.4.2.9 - етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

Мәтіндегі таралады, жетеді,тұрады, жатады етістіктерінің қай мезгілде болған әрекетті білдіріп тұрғанын айтады.

2-жаттығу Сөйлемдерді қатесіз жазу, етістіктерді тауып, қандай мезгілдік ұғымда жұмсалғанын айту.

Дескриптор:

1.Қатесіз көркем көшіреді.

2.Етістіктерді табады.

3.Қай шақта тұрғанын табады.

Сергіту сәті

«Күн, жер, су» ойыны.

«Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп, күнді бейнелейді.

«Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды.

«Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді

4-жаттығу Жаңылтпашты жатқа жазу. Етістікті тауып, қай шақта тұрғанын айту.

4.3.2.1 -6-жаттығу. Тірек сөздерді пайдаланып, «Қазақ ғарышкерлері»тақырбына мақала жазу.

Тірек сөздер:қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, «Союз ТМ-13»ғарыш кемесі, Талғат Мұсабаев,ғарышта 3 рет болу,Айдын Айымбетов.

Дескриптор:

1. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін жазады;

2. Мәтін жазу стилін сақтайды;

3.Грамматикалық және пунктуациялық нормаларды сақтайды;каллиграфиялық талаптарға сай жазады

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Рефлексия

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

 

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушыныңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу