Етістіктің шақтары. Ғарыштағы жұмыс. Қазақ тілі, 4 сынып, презентация. 12 сабақ


Қазақ тілі

4-сынып

8-бөлім: Ғарышқа саяхат

Сабақ тақырыбы

№12. Етістіктің шақтары. Ғарыштағы жұмыс

Қазақ тілі» оқу жоспары. 4-сынып. НЗМ ДББҰ, 2019 ж.)

Әзірлеген: Байтенова Қ.Қ.

Оқу мақсаттары

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту

4.4.2.9 етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

4.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды

Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды.

Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарға жауап береді, бүлгі бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастырады;

Етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) негізінде қолданады.

Сызбадан қандай мәлімет алуға болады? Мысалдар келтіріп, ой қорытындысын жаса.

Етістіктің шақтары

Бейнематериал үзіндісін тамашалау

0:00-0:48; 16:44- 17:57 уақыт аралығы https://www.youtube.com/watch?v=qZX_HkOyl98

Ғарышта қандай жұмыстар атқарылады? сұрағына жауап табу.

Негізгі тұстарын түртіп алу.

Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

ҒАРЫШТАҒЫ ЖҰМЫС

  Ғарыштың команда мүшелері тікелей ұшу мақсаты бойынша жұмыс істейді. Олар түрлі тапсырмаларды орындайды, оның ішінде навигация, басқару және бақылау, ғылыми-зерттеу, сондай-ақ бортта және ғарыш кемесі бортының сыртында зерттеулер жүргізеді. Сонымен қатар олар құралдарды қосып, түйістіруді жүргізеді, ғарыш стансаларын құрайды, құрылғыны жөндейді және оның дұрыстығын сақтап отырады. Зерттеудің көмегімен олар жұлдыздардың орнын анықтайды. Микротартылыстың түрлі заттар мен тірі ағзаларға әсерін зерттейді.

Ғарышта өмір сүріп, жұмыс істеу дегеніміз – үлкен тәуекелге бел буу. Ғарышкерлер өздеріне физикалық және психологиялық жағынан зиянын келтіруі мүмкін салмақсыздық жағдайында жұмыс істейді. Ғарыштан қайтқан ғарышкерлердің көпшілігі буын ауруларына шалдығады, оларда клаустрофобия дамып, үйін сағынғандықтан, құлазу әсері күшейеді.

 

- Ғарышта қандай зерттеулер жүргізіледі?

- Бортта және ғарыш кемесінің сыртында қандай зерттеу жұмыстарының түрлерін жүргізетінін айтып көр.

- Мәтіндегі «салмақсыздық жағдайында жұмыс істейді» деген сөйлемді ары қарай жалғастырып мәтінді толықтырып баянда.

Тірек сөздер: команда мүшелері, навигация, бортта және борттың сыртында, түйістіру, микротартылыс, физикалық, психологиялық, клаустрофобия.

Дескриптор:

- мәтіндегі негізгі тірек сөздерді анықтайды;

- мәтін мазмұнын қара сөзбен жүйелі баяндайды;

- тірек сөздерді орынды қолданады.

Сергіту сәті. «Жұлдыздар мен бөліктер» ойыны

Топ оқушылары жұлдызшаларды орнынан қозмағай,

4 жұлдызшадан топқа бөлуі керек.

Терме жазу

Мәтіндегі етістіктерді тауып, теріп жазу.

Қай шақта тұрғанын анықтау. Етістіктерді үш шақта жазу.

Дескриптор:

- етістіктерді шақтарына қарай ажыратады;

- етістіктерді тиісті шақты дұрыс қолданады.

Еркін жазу

Өзіңді қызықтырған ғарышкерлер атқаратын үш жұмыс түрін жазу.

Топта өз жұмысыңды таныстыр.

Өзіндік бағалау

Үй тапсырмасы

Дереккөзбен жұмыс. Ғарышкерлердің ашық ғарышта жұмыс істеуін не қамтамасыз етеді? Мәліметтер табу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу