Ұшып келем Етістіктің шақтары. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 110 сабақ


Пән: Қазақ тілі.

Бөлім Ғарышқа саяхат

Күні:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Калдина В.Т

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

110 Ұшып келем Етістіктің шақтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту

4.1.3.1 сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып, белгілі бір тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелесу

4.4.2.9 - етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы:

  • тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айтады;
  • сұхбаттасының жай-күйін ескере отырып, тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап әңгімелеседі;
  • етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) жұрнақтар кестесі негізінде қолданады;

Оқушылардың көпшілігі:

тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айтады

сұхбаттасының жай-күйін ескере отырып, тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап, тыңдаушы әрі сөйлеуші рөлінде әңгімелеседі

  • етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолданады

Оқушылардың кейбірі:

  • тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын өрбітіп айта алады;
  • сұхбаттасының жай-күйін ескере отырып, тақырып аясында тілдік нормаларды сақтап белсенді сөйлеуші ретінде әңгімелеседі;

-мәтін мазмұны бойынша өз пікірлерін білдіре алады

-етістіктің шақтарын сөйлем ішінен тауып ажыратады,қай жақта тұрғанын ажыратады

Бағалау критерийлері

  • Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
  • Тірек сөздерге сүйеніп, мәтінді мазмұндайды.
  • Берілген тақырып бойынша диалог құрастырады
  • Сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды
  • етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) жұрнақтар кестесі негізінде қолданады;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

Өткен шақ, осы шақ, келер шақ

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

  • Ұшқыш болу үшін ең маңызды не?

Құндылықтар

Жаңаны танып білуге құштарлығын ашу, ынталандыру

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Алдыңғы білім

Етістіктің шақтары

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин

1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз

Ақылдымыз,парасаттымыз, көңілдіміз

Үлкенге ізеттіміз

Кішіге қамқормыз

Көп оқимыз

Өнерліміз

Жанып тұрған шырақпыз!

Елімізді өркендететін,

Бабаларға тағзым ететін.

Біз қазақ елінің болашағымыз

(Ө,Ж, Т) «Еркін жазу» әдісі. 1 минут ішінде «Ұшқыш қандай болады?» сұрағына жауап жазу.

Жұпта идея бөлісу. Сөз қатарын толықтыру.

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын белгілеу.

Бағалау критерийлерін тұжырымдау.

Сабақтың ортасы

30 мин.

4.1.1.1 (Ө, Ұ, Т) Тыңдалым тапсырмасы.

«Ұшып келем»өлеңін тыңдау. Мәтіннен

«Түртіп алу» әдісі арқылы негізгі тұстарын белгілеу.

Мәтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар беру:

- Өлең не туралы?

-Баланың қиялында не бар?

Дескриптор:

-мәтінді тыңдау;

-негізгі тұстарын белгілеу;

-мазмұнын айту;

4.1.3.1 (Т) «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі

Пікіріңді білдір. «Ұшқыш болудың ерекшелігі қандай?»

Сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге орналасады. Мұғалімнің белгісі бойынша сытрқы шеңбердегі оқушылар алдымен берілген сұраққа сұраққа жауап береді. Ішкі шебердегі оқушылар тыңдап, сонан соң өздері де жауап береді. Оқушылар жауап беруіне 30-40 сек шамасында уақыт беріліп, қайта белгі беріледі. Сыртқы шеңбердегі оқушылар сағат тілмен бір орын жылжып тұрады. Сыртқы және ішкі шеңбердегі оқушылар кезекпен сұраққа жауап беріп, ой бөліседі. Сұраққа жауап беру осылай жалғасады. Арнайы қоңырау, сылдырмақ немесе шапалақтау арқылы белгі беруге болады.

Оқушылардың өзара кері байланыс беруін ұйымдастыруға болады. Ол үшін тапсырма соңында оқушылар өзіне қай пікір ұнағанын және неліктен ұнағанын айтады.

4.4.2.9 (Ж.Т) 28-жаттығу, 88 бет. Мақалдарды жатқа жазу

Дескриптор;

-Мақалды жаттап, жатқа жазу

-Келер шақтың етістіктерін тауып,сызу.

Оқушылар бірін-бірі тексеріп, смайликтермен бағалайды.

4.4.2.9 (Ж, Т,Ұ) Ұшқыштарға қатысты қандай етістіктер жиі қолданылады? Етістіктер қатарын жазу.

Топта талқылау, сөздер қатарын толықтыру. Топ мүшелері маңыздылығына қарай 3 етістікті іріктеп алып, етістікті үш шақта сөйлем құрап жазу.

Өткен шақ

Осы шақ

Келер шақ

Ықтимал жауап: ұшады, қарайды,самғайды, т.с.с.

Өзара жұмыстарын тексеру.

Дескриптор:

- етістікті үш шақта қолдана алады.

Сергіту сәті«Түсін мені» (оқушыларды топқа бөлу)

І топ:үш сөз (жүгіреді,ойланады,оқиды)

ІІ топ: үш сөз (аулайды,төбелеседі, билейді)

ІІІ топ: үш сөз (айтады,жазады,ойнайды)

(қағазды жазып тарату,сөздерді қимылмен көрсетеді,келесі топ шешіп,етістікті жіктейді)

(Ж) 31-жаттығу. Жұмбақты көшіріп жазу, етістіктерді тауып қай шақта тұрғанын айту. Жұмбақтың жауабымен сөйлем құрап жазу.

Шығармашылық жұмыс «Жұмбақ құрастыр»

Дескриптор:

-суреттер атауы жауап болатындай жұмбақ құрастыру

-жұмбақтағы етістіктерді табу

-үш жақта жіктеп жазу;

оқулық

Кесте №2

2-слайд

3-cлайд

Кесте №3

4-слайд

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия. Өзіндік бағалау парағы.

(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау.

Бағалау критерийлері

Өз бағам

Мұғалім бағасы

Мәтіндегі негізгі тұстарды белгілей аламын

Мәтін мазмұнын айта аламын

Пікірімді білдіріп,дәлелдей аламын

Етістікті үш шақта жіктей аламын.

Жұмбақ құрастыра аламын.

Үйге тапсырма: Ұшқыш сөзіне бес жолды өлең құрастыру.

1. Ұшқыш

2. Сын есітм ( 2 сөз)

3. Етістік (3 сөз)

4. Сөйлем.

5. Синоним сөз

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысындасыныптуралынемесежекелегеноқушыныңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу