1. Қазақ тілі_3 сынып_Мәтін және сөйлем, Ашықхат жазу_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8 бөлім: Мерекелер. Демалыс мәдениеті | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі» | ||||||||||||||||||||||
Күні:. | Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т. | ||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: 0 | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | №120-сабақ. Мәтін және сөйлем. Ашықхат жазу | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету; 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық) құрау/компьютерде теру. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап береді; - жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзетеді; - мұғалімнің көмегімен сызба пайдаланып, ашықхат құрайды | ||||||||||||||||||||||
Сөздік қор
| Пәндік терминология мен тірек сөздер ашықхат, тілек, құрылым, қымбатты. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар: Ашықхатты қалай безендіруге болады? | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Анаға құрмет көрсету, сыйластық қасиеттерін қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өзін өзі тану, АКТ (шрифт таңдау, безендіру) | ||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ашықхат мәтінін Microsoft Word бағдарламасында теріп, Paint бағдарламасын қолданып безендіре алады. | ||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін түрлері | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. (Ж, Қ) «Бинго» тәсілі. Оқушылар бір-біріне үй тапсырмасында тақырып аясындағы жинақтаған мақал –мәтелдерін бір біріне таныстырады. Тыңдағаны бойынша «Бағалау парағын» толтырады. Бағалау парағы
Талқылау. Өзара бағалау. Тақырыпты аша білген достарым.... Ұсыныс... (МК, Ұ) Тақырыпты анықтау. Суретпен жұмыс. 8-тапсырма. 97-бет
Сабақтың лексикалық тақырыбы мен оқу мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін белгілеу. | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
| 3.2.3.1 (Ө, Ж, Ұ; Қ) Мәтінді оқу. Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және оларға жауап беру. 5-жаттығу. Мәтінді іштей оқу. «Инсерт» әдісі (2-2,5 мин)
Ақпаратпен бөлісу - Күнделікті өмірден білетін мәтіндегі ақпараттар қайсы? - Сен келіспейтін ақпарат кездесті ме? - Қандай жаңа ақпарат білдің? -Тағы не білгің келеді? Талқылау Саралау
Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастыр. Жұпта өзара сұрақтарды жетілдіру. Топта сұрақтарды өзара талқылап, топ сұрақтарының тізбесін әзірлеу. ДЖИГСО әдісі, топтар өзара сұрақтарға жауап жазады. Өзара құрастырылған сұрақтарды бағалайды. Маған ең ұнаған сұрақ, себебі... Менің ұсынысым, осы сұрақты әлі де ... осылай жетілдіруге болады. Ал сендер қалай ойлайсыңдар? Дескриптор - пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыра алады; - сұрақтарға жауап жазады. (Ө; Ж; Қ) Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып жазу. Мәтіннен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып жазады. Қаратпа сөздің сөйлемдегі орнын ауыстырып, сөйлемді қайта құрап жазу. Өзара жұпта жазба жұмыстарын тексеру. Бір-бірінің қатесін жай қарындашпен түзету, бірге талқылау. Саралау: оқушыларға құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемнің сызбасын ұсыну арқылы қолдау көрсету. Сергіту сәті Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу. 3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Есте сақтау диктанты. Өлеңді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу. Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. 6- жаттығу. Өлеңді іштей оқып, жаттау. (2 минут уақыт) Өлеңді хормен айту. Жеке жатқа айту. Өз бетінше өлеңді тиісті тыныс белгілерін қойып, сауатты жазады. Оқушылардың бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі. «Бағдаршам» тәсілі Қатесі жоқ – жасыл түс 1 қате - сары түс Бірнеше қате – қызыл түс 3.3.5.1 (МК; Т; Қ) Сұрақтар мен сөздерді сәйкестендіру. Ашықхат жазу. 7- жаттығу. Ашықхат мәтіні бөліктерінің сұрақтары мен сөздерін сәйкестендіреді. Үлгі: Қымбатты/ Ардақты ... ... ... ... мерекеңізбен/туған күніңізбен құттықтаймын. Сізге ... .... тілеймін. Ізгі ниетпен ... ... Талдау: Қандай ыстық лебіз, жақсы тілектер жазуға болады? Талқылау:
Талқылау барысында оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруға көңіл бөліну керек. Мысалы, қажымас қайрат, көктемдей құлпырып, әдемі ... т.с.с. Өзіндік жұмыс. Анамызға құттықтау ашықхатын жазу. «Галерея» әдісі. Өзара бағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалған ашықхаттар көрмесін ұйымдастыру. Өзара бағалауды түрлі түсті стикерлер арқылы ұйымдастыру. (Оқушылар ашықхатта көрмесін аралап оқып шығын, өзіне ұнаған, ашықхат қрылымы сақталған және қатесіз жазылған 5 ашықхатқа жасыл түсті стикер, қате кездескен жұмыстарға сары түсті стикер жабыстырады.) Дескриптор:
Мұғалімнің басшылығымен қателер талқыланып, түзету жұмысы орындалады. Қатемен жұмыс барысында қате жазылған сөздер талқыланған соң, есте сақтау диктантын ұйымдастыру ұсынылады. | №4 дәптермен жұмыс http://balapan.kaztrk.kz Оқулық №4 дәптермен жұмыс Оқулық №4 дәптермен жұмыс Смайликтер | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | ІІІ Рефлексия (Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сәйкес өзін-өзі бағалау.
Үйге тапсырма: Ана тақырыбына бес жолды өлең құрастыру. Сызба бойынша «Ана» тақырыбына бес жолды өлең құрастырып жазу. 1. Ана 2. Сын есім ( 2 сөз) 3. Етістік (3 сөз) 4. Сөйлем. 5. Синоним сөз | №4 дәптермен жұмыс Түрлі түсті қарындаштар | |||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?