1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_8-сабақ__Пайымдау мәтінін құрап жазу_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлім:Өнер Сабақ тақырыбы 8-сабақ. Пайымдау мәтінін құрап жазу | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У | ||||||||||||||||
Күні: | |||||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау 3.3.1.1* жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету | ||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | өз бетінше мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды; пайымдау мәтінін тірек сөздер арқылы құрап жазады; кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады, жазу қарқынын жеделдетеді; | ||||||||||||||||
Сөздік қор | Пәндік терминология және тірек сөздер: Мәтін. Пайымдау мәтіні. Неліктен?, Не себепті? Не үшін? Өйткені, сондықтан, сол себепті. Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл: Талқылау үшін сұрақтар:
| ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ; Оқушыларды өнерді бағалай білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану, математика | ||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зат есімнің тәуелденуі. I-жақ, II-жақ, III-жақтар. Тәуелдік жалғаулар. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 4 минут | І. Ұйымдастыру кезеңі. «Карусель» әдісі «Карусель» әдісі бойынша сынып оқушылары ішкі және сыртқы шеңберге топтасады. Екі шеңбердегі оқушылар саны тең болуы қадағаланады. Ішкі жиын оқушылары орнында тұрып, сыртқы жиын оқушылары қозғалады. Шеңберде сөйлеуге нақты уақыт беріледі. Мысалы, 20 секунд. Әр сыртқы шеңбердегі оқушы өзінің ішкі шеңбердегі жұбына өз сұрағын айтқан соң, ішкі шеңбердегі оқушы оған жауабын айтады. Белгі беріледі де, ол келесі оқушыға қарай бір қадам жасайды. Жаңа жұбына өз сұрағын айтады. Осылай толық шеңберді айналып шығады. Оқушылардың сұрақтары: Мәтін дегеніміз не? Оның қандай белгілері бар? Мәтіндегі сөйлемдер қалай жазылады? Мәтіннің қандай түрлері болады? Пайымдау мәтінің бөліктерін ата. (дәлелденетін пікір, дәлелдеу, қорытынды) | ||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут 8 минут 7 минут 3 минут 12 минут | ІІ. Негізгі бөлім (МК, Ө) Көркем жазу. 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету; Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөйлем жазады. Мысалы: Тт Тт Тт Тт ттт ттт Талапты бала – талпынған құстай (мақал) (ТЖ) «Ойлан, тап» әдісі. Мәтінді оқы. 3.3.1.1* жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу
Жез киік Атақты күйші Ықыластың орындаушылық және күйшілік шеберлігі шыңдалған шағында шығарған күйінің бірі – “Жез киік”. Жез киік – даланың ерке, сұлу аңы. Өйткені, ол туралы халық аузында неше алуан аңыз да, ертегі де көп. Жез киік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, сондықтан оқтан аман қалады екен. Кейін мергендер оны атпайтын болған, себебі ол киелі жануар болып саналған. Міне, осы сұлу аңға Ықылас “Жез киік” атты күй арнаған. «Күй өнері» кітабынан Мұғалім берілген мәтіннің пайымдау мәтін түріне жататынын анықтауына мүмкіндік жасайды. Әр топқа пайымдауға жетелейтін проблемалық сұрақтар беріледі. Мысалы: Жез киік неліктен атылған оқтан аман қалады? Себебі не? Мергендер киікті не себепті атпайтын болған? т.б. Берілген сұрақтардың дәлелденетін пікірді, жауаптың қорытынды пікірді құрайтындығын оқушыларға айтып, түсіндіру. Пайымдау мәтіні бөліктері таптырылып, ол дәлелденетін және қорытынды пікірге ажыратылады. «Сондықтан», «өйткені» көмекші сөздеріне назар аудартылады. Сонымен қатар әр топқа тапсырма бөлініп беріледі. 1-топ: Мәтінінің құрылымдық бөліктерін толықтыр.
2-топ: Мәтіннің мазмұндық бөліктерін толықтыр.
Мұғалім оқушыларды жалпы мәтіннің мазмұндық бөліктерін ажырата білуге төселдіруде төмендегідей кестені пайдалануға болады:
3-топ: Пайымдау мәтінінің шартын толықтыр.
Қорытынды жұмыс ретінде мұғалімнің қолдауымен пайымдау мәтінінің шарты құрылады.
Бағалау дескрипторы: - Мәтінінің құрылымдық, мазмұндық бөліктерін және пайымдау мәтінінің шартын біледі, ажырата алады; - Пайымдау мәтіні туралы тұжырым жасайды; (Ұ,Ө,Қ) Өлеңді түсініп оқы. 3.3.1.1* жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; ........................ Жақсы жігіт болады «Сегіз қырлы, бір сырлы». Өнерімен алады Жүлделерді түр-түрлі. Өнерді үйрен бір-бірлеп, Бәрі қажет келешек: Ән де шырқа, би билеп, Сурет салып, кесте шек* Халық айтса, біледі: «Талаптыға нұр жауар». Өнерлі өрге жүзеді, Талапсыздар құр қалар. Ермек Өтетілеу Оқушылар «Автор орындығы» стратегиясы арқылы негізгі ойды анықтауда «Өлеңдегі негізгі ой қай шумақта берілген?» сұрағы қойылып таптырылады. (Т,Қ) Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу. Тақырыбы: Неліктен жақсы жігітті «Сегіз қырлы, бір сырлы» дейді? Тірек сөздер: біріншіден, екіншіден, өнерлі болу, өнер түрлерімен айналысу, ән шырқау, би билеу, сурет салу, кесте тігу, талапты болу, ынталы т.б. Оқушылар жазған «Неліктен жақсы жігітті «Сегіз қырлы, бір сырлы» дейді?» пайымдау мәтіндерін өзара тексереді. Қателерді анықтап, түзетеді. Дәптерге қатесіз жазып алады. Бағалау дескрипторы: - Мәтіннің негізгі ойын табады, ат қояды; - Тірек сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырады; (ҰЖ) Сергіту сәті. Қызықты тапсырмалар.Піл к 3 ті, піл к3ті емес, тіл к3ті. 6 н балдақ қол сәні, әшекей кесте т10 сәні.Өз елің – 6н бесігің.Өнерлінің қолы – 6нӨлеңшінің сөзі – 6н (ТЖ) Шығармашылық үзіліс. Суретпен жұмыс. 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау 3.3.1.1* жоспар/сызба бойынша әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау және пайымдау мәтінін түрлі көмекші сөздер арқылы құрап жазу.
Мұғалім оқушылармен сурет арқылы пайымдау мәтінін жазуға дайындық жұмысын ұйымдастырады. Жоғарыда берілген пайымдау мәтінінің шартын басшылыққа алады. Әр топ суретке назар аудара отырып, тірек сөздерді табады. Мәтіннің негізгі ойын байқап, тақырып қояды.
Бұл суретке қандай тақырып қоюға болады? Адамдардың көтеріңкі көңіл-күйлеріне қарап не айтар едің? Өзің қандай өнер түрін ұнатасың?(саралау) Топта оқушылар пікіралмасып өз болжамдарын таныстыруы тиіс. Топ құрамындағы оқушылар бір-бірінің ойын жалғап, «Тізбек бойымен әңгімелеу» әдісі арқылы сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді. Соңында оқушылар суретке байланысты құраған пайымдау мәтіндерін дәптерлеріне көшіріп жазады. Бағалау дескрипторы:
| №3 Дәптермен жұмыс 4-слайд Интерак тивті тақта 5-слайд 6-слайд 7-слайд №3 Дәптермен жұмыс 8-слайд 9-cлайд | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия:
Үй тапсырмасы «Ел іші - өнер кеніші» тақырыбына пайымдау мәтінін жазу. |
10-слайд | |||||||||||||||
Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру. Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі. | Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?