3 сынып_7 бөлім_Су туралы 6 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Қазақ тілі Бөлімі:7-бөлім Су-тіршілік көзі №6 –сабақ. Судың да сұрауы бар | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна | |||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау 3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||
Сөздік қор |
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Табиғатты қорғауға және адамгершілікке тәрбиелеу | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | |||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сұрақтар құрастыра алады. Мәтіннің тақырыбын анықтай алады. | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Дереккөздер | ||||||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 4 минут | Шаттық шеңбер Қуанамыз күлеміз, Бар әлемде сүйеміз. Қол ұстасып, қуанып, Достарымен бір жүреміз. Миға шабуыл «Кім жылдам?» ойыны Берілген сөйлемдерді мазмұнына қарай топтап мәтін құрастыр. Көшет өсу үшін қандай сұйықтық құю қажет? Неге? -Алманы үзіп алдым. -Мен ағаш суардым. -Көшет салдым. -Көшет үлкен ағаш болды. -Күрекпен жер қаздым. -Ағашта жеміс пайда болды.
| Слайд 3
Слайд 4 Қосымша 1 | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 8 минут
2 минут 10 минут | 3.2.3.1 1-тапсыма (Ө,Ж,Қ) «ОЙЛАН-ЖҰПТАС-ТАЛҚЫЛА» стратегиясын «Судың да сұрауы бар» мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру. Өз бетінше пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастыру. Жұпта сұрақтарды жетілдіру. «Судың да сұрауы бар» Су – адамзат пен жан-жануар және өсімдік әлемінің ауадан кейінгі тіршілік көзінің маңызды құрамы. Жалпы адам, ауқатсыз үш ай өмір сүрсе, оттегісіз бірнеше минут қана тіршілік етпек. Ал, сусыз үш тәулікке әрең шыдар еді. Суды жер бетінің құрылысшысы деп те атайды. Су ауа-райын реттеп, адамзатты қажетті қормен әрі ғаламат қуатпен қамтамасыз етеді. Суға қатысты статистикалық деректер таңқаларлық жайтқа толы. Нақты айтқанда, жер бетінің 70 пайыздан астамы сумен көмкерілген. Пайымға салып, судың жайы жайлы абыржымай-ақ қоюға болар еді. Тек, бұл ойымыз мүлдем жаңсақ, себебі жер бетіндегі барлық сулардың ішуге де, тұрмыстық қажеттіліктерге де жарамсыз. Ал, адамға тұщы су қажет, оның қоры аса қуантарлық емес, әрі біркелкі орналаспаған көрінеді. Ғалымдардың тұжырымынша, планетамыздағы 70 пайыздан астам судың 3 пайызы ғана ішуге жарамды деп есептеледі. «ОЙЛАН-ЖҰПТАС-ТАЛҚЫЛА» стратегиясының қадамдары:
Дескриптор: -мәтін бойынша сұрақтар құрастырады -сұрақтарға жауап береді Қ.Б: жұптар бір-біріне бас бармақ арқылы бағалау Саралау: «Дереккөздер» тәсілі - Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады 3.2.3.1 2-тапсырма (Ұ,Қ) «Сұрақтар галлереясы» әдісі арқылы өзі таңдаған сұрақтарға жазбаша жауап беру. Оқушылар сұрақтарының бір бет қағазға жазылуы қадағаланады. «Сұрақтар галлериясы» стратегиясын жүзеге асыруда оқушылардың сынып ішінді бір-бірлерінің сұрақтарымен танысып, жазбаша жауап жазуы үшін қолайлы жағдай тудырылады. Ең көп жауап берілген сұрақтың рейтенгісін шығару; Рейтинг критерийін анықтау:
Дескриптор: -сұрақтарға жауап жазылады -рейтинг анықталады Қ.Б: мадақтау арқылы Саралау: «Қарқын» тәсілі - Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді Сергіту сәті: «Сөз тізбегі» әдісіКез келген сөздің соңғы буынынан жаңа сөз құрастырады.
Оқушыларды 1,2,3, деп санау арқылы төрт топқа біріктіру 3.2.4.1 ,3.2.5.1 3-тапсырма «Топтық тергеу» әдісі Мәтінді барлық топ түсініп оқу. Әр топқа тапсырмалар беріледі. 1-топ. Баяндап берушілер. Әңгімені оқып, мазмұнын өз көзқарастарын қосып баяндау. Мәтіннің негізгі ойы мен тақырыбын анықтау 2-топ. Зерттеушілер. Әңгіме кейіпкерлеріне мінездеме беру ( мәтіннен жаңа сөздерді анықтау) 3-топ. Сұрақ құрастырушылар. Әңгімені оқып, қалған топтарға жоғары деңгейлі сұрақтар дайындайды. Дескриптор: -әңгімені баяяндайды, негізгі ойды анықтайды -кейіпкерге мінездеме беріп, жаңа сөздерді анықтайды -сұрақтар құрастырады. Қ.Б: топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалау Саралау: «Тапсырма» әдісі - Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. | Слайд 5 Қосымша 2 Слайд 6 Слайд 7 Слайд 8 Қосымша 3 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия «Стикер» әдісі
Үй тапсырмасы: Су туралы мақал-мәтелдер жазып келіу. Мақалдың ішінен сөз таптарын анықтау | Слайд 9 Қосымша 4 Слайд 10 | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
«Дереккөздер» тәсілі - Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады «Қарқын» тәсілі - Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді «Тапсырма» әдісі - Мұның құрамына білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. | Қ.Б: жұптар бір-біріне бас бармақ арқылы бағалау Қ.Б: мадақтау арқылы Қ.Б: топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалау | Топтық және оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?