1.Қазақ тілі_3- сынып_7-бөлім_ Су- тіршілік көзі__ Нұсқаулық жазу_4-сабақ_ КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Су- тіршілік көзі

Сабақ тақырыбы: Cабақ № 4 Нұсқаулық жазу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Калимова З. Б.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.1.6.1 интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды (қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып, тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту;

3.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен сызба, график, кесте, фотосуреттер арқылы мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып, түзету;

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді үлгі негізінде қолдана алады;

-үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, нұсқаулық мәтінін құрап жазады;

- мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Оқушылардың көбі:

  • тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді қолдана алады;
  • сурет бойынша тірек сөздерді қолданып, нұсқаулық мәтінін құрап жазады;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді;

Оқушылардың кейбірі:

  • тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді еркін қолдана алады;
  • ұсынылған тақырыпта сурет бойынша нұсқаулық мәтінін құрап жазады;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Бағалау критерийлері

  • тыңдаушының назарын аудартуға ықпал ететін техникалар ( қимыл, дауыс ырғағы, екпін, ) мен қаратпа сөздерді еркін қолдана алады;
  • ұсынылған тақырыпта сурет бойынша нұсқаулық мәтінін құрап жазады;
  • жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Нұсқаулық

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Сен суды не үшін пайдаланасың?
  • Күніне неше литр су жұмсайсың?
  • Суды үнемдеудің қандай жолдарын ұсынар едің?

Құндылықтар

Суды үнемдеп пайдалануға және қорғай білуге баулу

Пәнаралық байланыс

әдебиеттік оқу, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Су – тіршілік көзі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Шаттық шеңбері» Оқушылар шеңберде тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Айгүл, бүгін сен қандай әдемісің. Санжар, саған бүгін қуаныш сыйлаймын. т.б

Ой қозғау

Судың қадірі дегенді қалай түсінесің?

Ассоциация құру. Топта талқылау. Топ жұмысын таныстыру

Қ.б «Бас бармақ» арқылы бағалау

ІІ.Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

Слайд -1

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут

5-7 минут

1минут

10 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

3.1.6.1 (Ж.Т,Қ) Суға қатысты айтылған мақал- мәтелдер мен тыйым сөздерді ажырату.

І топ

1.Суды бекер төкпе.

2.Тау мен тасты су бұзады, Азаматты сөз бұзады.

3.Cуға түкірме.

4. Сөздің басы – құлақ, Судың басы – бұлақ.

ІІ топ

1. Түнде су алуға барма.

2. Таулы жер бұлақсыз болмас, Сулы жер құрақсыз болмас.

3. Отқа су құйма.

4. Жылай-жылай арық қазсаң, Күле-күле су ішерсің.

ІІІ топ

1.Судың бетін ашық қалдырма.

2. Жақсы - суы тәтті көлмен тең, Жаман - желі қатты шөлмен тең.

3.Лас су төккен жерді баспа.

4. Арық бар жерде су бар,

Су бар жерде ну бар.

ІV топ

1. Суды ысырап етпе, үнемде.

2. Көлдің көркі – құрақ,

Таудың көркі – бұлақ.

3. Бұлақты былғама

4. Азған елде намыс жоқ, Сусыз жерде қамыс жоқ.

Топ оқушыларына мақал – мәтел, тыйым сөздер жазылған парақшалар таратылады. Берілген тапсырмалармен танысып, мағынасына қарай мақал-мәтел мен тыйым сөздерге ажыратып, өз ойын дәлелдеу ұйымдастырылады.

Топта ақылдаса отырып, халқымыздың суды қадірлеуі туралы ой тұжырымын барлығы кезекпен ой жалғап сөйлейді.

Ықтимал жауаптар: Мен «Судың бетін ашық қалдырма» деген тыйым сөзді былай түсінемін. Судың бетін ашық қалдыруға болмайды. Себебі, суға шаң тозаң түсуі мүмкін,

Өйткені.......

«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Дескриптор:

-тақырыпқа сәйкес дәлелді ой қорытып айтады;

-қаратпа сөздерді қолданады;

-сөйлеу мәдениетін сақтайды;

3.3.4.1, 3.3.5.1 (Ж, Ө, Т) Сурет бойынша тірек сөздерді қолданып, «Суды үнемдей білейік!» нұсқаулығын құрап жазады.

  • Сен суды не үшін пайдаланасың?
  • Күніне неше литр су жұмсайсың?
  • Суды үнемдеудің қандай жолдарын ұсынар едің?

Жұбыңмен бірлесе отырып, суды неліктен және қалай үнемдеу керектігі туралы ой бөліс, суды үнемдеу туралы нұсқаулық құрастырып жаз.

Тірек сөздер: ағызба, суды үнемде, ашып кетпе, дұрыс пайдалан

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы

жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Жазған нұсқаулықтарын топта жариялап оқиды.

Қ.Б. Мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асады.

Дескриптор:

  • нұсқаулық мәтінін құрастырып жазады;
  • қатені тауып түзетеді;

Сергіту сәті

«Күн, жер, су» ойыны.

«Күн» дегенде, қолдарын жоғары көтеріп күнді бейнелейді.

«Жер» дегенде, бір орында тұрып, аяқтарын кезек-кезек қозғайды

«Су» дегенде, қолдарымен толқынды бейнелейді.

3.3.5.1 (Ұ, Т) Өлеңді оқып, жатқа жаз. Қарамен жазылған сөздің астын сыз. Мағынасын түсіндір.

Су деген - өмір көзі,

Тіршіліктің нәрі бұл.

Су болмаса оянбайды,

Табиғаттың барлығы.

Болмас еді шөп – шалаң,

Болмас еді тірі жан.

Сол себепті балалар,

Ысырап қылмайық суды.

Бимұратова Ұ.

Оқушылар өлеңді бірнеше рет хормен қайталап, жатқа жазады. Жазып болған соң дұрыс нұсқасын мұғалім интербелсенді тақтадан көрсетеді. Жіберілген қателерді түзетеді.

Қарамен жазылған сөздің астын сызады. Мағынасын түсіндіреді.

Қ.б Өзін – өзі бағалау

Дескриптор:

  • өлеңді жатқа жазады;
  • қатені тауып, түзетеді.

Слайд-2

Қосымша№1

парақшалар

Слайд -3

Қосымша №2

Слайд-4

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Тақтадағы кемпірқосақ суретіне өз есімдері жазылған стикерлерді желімдейді. Олар ең төмендегі қызыл түстен ең жоғары орналасқан күлгін түске стикерлерді желімдеу арқылы өздерінің сабақтағы түсінік (немесе көңіл-күй) деңгейін білдіреді.

Үй тапсырмасы: Суды үнемдейік! Шағын мәтін жазу.

Қосымша №3

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін қосымша тапсырмалар беріледі.

Көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясы, өзара бағалау, «Бас бармақ» арқылы жүзеге асады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу