1. Қазақ тілі_3-сынып_7-бөлім_Су-тіршілік көзі_ №111 сабақ_ КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Су – тіршілік көзі

Сабақ тақырыбы: Есептік және реттік сан есім

111-сабақ.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

- есептік және реттік сан есімдерді анықтайды;

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

Оқушылардың көбі:

- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

- мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

- есептік және реттік сан есімдерді ажыратады;

- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

Оқушылардың кейбірі:

- сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжауды үйренеді;

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

- есептік сан есімнен реттік сан есім жасай алады;

- түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

Бағалау критерийлері

- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай алады;

- мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай алады;

- есептік және реттік сан есімдерді анықтай алады;

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Арал теңізі, экологиялық апат

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Арал теңізі қай жерде орналасқан?

- Аралдың экологиялық жағдайының салдары қандай болмақ?

- Аралды сақтап қалу мүмкін бе?

- Сіз Аралды сақтап қалудың қандай жолын ұсынар едіңіз?

Құндылықтар

Алдыңғы меңгерілген білім

Сан есім тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру «Арқаға сурет салу» ойыны

Бұл ойында барлық әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп, бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында тұрған оқушыларға бір санның атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, он, он екі, жиырма, отыз, қырық екі, он тоғыз, елу үш т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі санның суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған санды салады.

Суреттер салынып біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған санның атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.

Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

5-10 минут

10-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

Арал теңізі туралы деректер https://yandex.kz/video/search?filmId=7609239095949626326&text=арал%20теңізі%20туралы%20видео&noreask=1&path=wizard

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Арал теңізі қай жерде орналасқан?

- Аралдың экологиялық жағдайының салдары қандай болмақ?

- Аралды сақтап қалу мүмкін бе?

- Сіз Аралды сақтап қалудың қандай жолын ұсынар едіңіз?

3.2.4.1 (Ұ; Т; Қ) 83-беттегі 35-тапсырма.

Мәтінді оқып, негізгі ойды анықтау. Оқулықтағы берілген сұрақтарға жауап беру. Болжау жасау. Ақыл сөздің мағынасын топта талқылайды.

3.2.4.1 (МК) Ереже

Сан есім есептік және реттік болып екіге бөлінеді. Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сан есімдерін есептік сан есім деп атайды: екі, алты, жеті.

Нешінші? сұрағына жауап беретін сан есімдерді реттік сан есім деп атайды: екінші, алтыншы, жетінші.

Реттік сан есім есептік сан есімге –ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

3.4.2.6 (Ұ; Қ) 84-беттегі 36-тапсырма. Мәтінді көркем жаз. Сан есімдерді тап. Оларды есептік және реттік екенін ажырат.

3.1.3.1 (Ж; Қ) 85-беттегі 38-тапсырма. Шығармашылық үзіліс.

Сергіту сәті

- Шаршаса қолымыз,

- Оңымыз, солымыз.

- Былай - былай ойнаймыз,

- Күш жігерді жинаймыз.

3.2.4.1 (Т; Қ) Мәтіннің тақырыбын анықтау. Сан есімдерді есептік және реттік екенін ажыратып жазбаша жазу.

1-мәтін

Қазақстанның Оңтүстік аймағында жатқан Арал теңізі көлемі жағынан екінші орынды иеленеді. Арал теңізі Тұран ойпатының тектоникалық қазан шұңқырында жатыр. Ол дүниежүзілік мұхит деңгейінен 53м биіктікте орналасқан. 1950 жылы жалпы ауданы 64 мың шаршы километр, ұзындығы 428 километр, жағалаулары көбінесе ойпатты, жазық, құмды болып келеді.

2-мәтін

Теңізде балықтың 30-дан аса түрі бар. Кәсіптік маңызы бар бекіре, сазан, қаяз, шабақ ақмарқа сияқты балықтар ауланады. Соңғы уақытқа дейін аралдан болықшылар жылына 200 мың тонна балық аулап келеді. Аралға құятын Амудария мен Сырдария өзенінің суын егістікке орынсыз пайдалану, ысырап ету салдарынан теңіз суы тартылып, айдыны тарылып барады.

3-мәтін

60 жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттық өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

4-мәтін

Арал теңізінің 2010 жылы құриды деген ғылыми болжам бар: шындық па, дақпырт па? Қазіргі Арал теңізінің экологиялық проблемалары осы жүйедегі бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұрынғы теңіздің астауын сақтап келген қысым бірте-бірте азайып, енді теңіз түбінің көтерілу процессі бастау алды. Демек бұл процесс негізінен екі бағытта яғни, онтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарап бет ала бастады. Осыған орай кейбір ғалымдарының есептеулері бойынша Арал теңізі түбінің бүгінгі көтерілу жылдамдығы жылына 5-7 мм, ал жарты ғасырдан кейін 50-70 сантиметрге жетеді екен. Сөйтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік етулері жыл өткен сайын, оларды айтарлықтай қусырып, қиындатып барады. 

Әрбір топ «Фактілер мен пікірлер» жиынтық кестесін толтырады.

Фактілер

Мәтіндегі пікірлер

(автор не туралы)

Факт – ол шынайы оқиға, құбылыс. Пікір – бір нәрсе туралы пайым, мәселеге, құбылысқа немесе оқиғаға қатысты жеке көзқарас, бағалау ақпараты.

Оқулық. Ә.Е: Жұмабаева,...

Қосымша №2

Қосымша №3

Қосымша №4

Қосымша №5

Қосымша №6

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай аламын

Мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтай аламын

Есептік және реттік сан есімдерді анықтай аламын

Сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса аламын

Үйге тапсырма 85-беттегі 37-тапсырма.

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Топтық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлеңмазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу