1. Қазақ тілі_3-сынып_7-бөлім_Су-тіршілік көзі_№112 сабақ_ КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Су – тіршілік көзі

Сабақ тақырыбы: Есептік және реттік сан есім

112-сабақ.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

3.4.2.6 есептік және реттік сан есімдердің айырмашылығын анықтау;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

- есептік және реттік сан есімдерді анықтайды;

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

Оқушылардың көбі:

- тақырып пен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;

- есептік және реттік сан есімдерді ажыратады;

- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

Оқушылардың кейбірі:

- сурет бойынша мәтіннің мазмұнын болжауды үйренеді;

- есептік сан есімнен реттік сан есім жасай алады;

- түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

Бағалау критерийлері

- жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай алады;

- есептік және реттік сан есімдерді анықтай алады;

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса алады;

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Алакөл көлі, емдік, көлдер жүйесі

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Алакөл туралы кімнің пікірлерін білесіз?

- Алакөлдің ерекшелігі неде?

- Алакөл жағасында демалуды жарнамалаңыз.

Құндылықтар

Алдыңғы меңгерілген білім

Сан есім тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

 Ұйымдастыру «Аудиториядағы заттар»

 Оқушылар аудиториядан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!»

 Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір оқушының) бүкіл аудиторияға да жариялауды сұрау керек.

Сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру.

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

5-10 минут

10-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

(Ж; Қ) 85-беттегі 39-тапсырма.

Өлеңді мәнерлеп оқып, жұпта бір-біріне сұрақ қояды. Өлеңдегі қарамен берілген сөздердің мағынасын сөздік арқылы біледі.

Ызғын – қалың шөп

Дәрменсіздік – шарасыздық, қолынан келмеу

Жалықпай - ерінбей

3.4.2.6 ; Ұ; Қ) 85-беттегі 40-тапсырма.

Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жазады. Сан есімдерге сұрақ қойып, олардың мағыналық өзгешелігін айтып түсіндіреді.

3.1.3.1 (Ж; Қ) 85-беттегі 42-тапсырма. Шығармашылық үзіліс.

Сергіту сәті

Шынығамыз, жастай бiз,

Жаттығуды бастаймыз.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш

Бойымызға жинап күш.

Алакөл көлі https://yandex.kz/video/search?filmId=9223241014881673920&text=алакөл%20қорығы

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Алакөл туралы кімнің пікірлерін білесіз

- Алакөлдің ерекшелігі неде?

- Алакөл жағасында демалуды жарнамалаңыз.

3.1.2.1 (Т; Қ) Суреттермен жұмыс.

Топтағы оқушылар берілген суреттер бойынша әңгіме құрастырады. Су жағасындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.

Әрбір сурет бойынша суға түсудегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы айтады.

1-топ.

2-топ.

3-топ.

4-топ.

Оқулық. Ә.Е: Жұмабаева,...

Қосымша №1-4

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Сурет бойынша мәтін мазмұнын болжай аламын

Есептік және реттік сан есімдерді анықтай аламын

Сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатыса аламын

Үйге тапсырма 85-беттегі 41-тапсырма.

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Топтық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлеңмазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу