1.Қазақ тілі_3- сынып_7-бөлім_Су- тіршілік көзі__ Негізгі және туынды сын есім_107_сабақ_ КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: Су-тіршілік көзі

Сабақ тақырыбы: № 107 сабақ Негізгі және туынды сын есім

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлеу;

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріппен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарғажауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

-қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлейді;

– сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың көбі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

-сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

-негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Оқушылардың кейбірі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап береді;

-түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- туынды сын есімдер жасай алады;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады;

Бағалау критерийлері

-пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап бере алады;

-қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлейді;

– негізгі және туынды сын есімдерді анықтайды;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, көркем жазады;

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Негізгі және туынды сын есім

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

1.Мәтін не туралы?

2.Құстар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер неге солып қалды?

3.Олар неден көмек сұрайды?

4.Ертегідегі негізгі ой не?

Құндылықтар

Судың тіршілік үшін маңызы қымбат болатынын ұғыну

Алдыңғы меңгерілген білім

Негізгі және туынды сын есім

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Психологиялық ахуал. Парталас жұбына ыстық лебіз білдіру.

Ой қозғау

 Тапсырма жұппен орындалады.

Мақсаты: Судың тіршілікке қажет екендігін түсіну.

Кластер құру арқылы судың не үшін қажет екендігін анықтайды. Әр жұп өз кластерін құрады.

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

слайд-1

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

5-35 минут

5 минут

5-7 минут

1минут

10 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

3.2.3.1 (МК; Ө ) 17- жаттығу. Ертегіні оқу

Оқушылар ертегіні мәнерлеп оқып, мазмұнына талдау жасайды. Сұрақтарға жауап береді. Негізгі ойды анықтайды.

1.«Сұрақтар ілмегі»

  • Мәтін не туралы?
  • Құстар шөлдеп, ағаштар қурап, гүлдер неге солып қалды?
  • Олар неден көмек сұрайды?
  • Аспанда нелер пайда болды?
  • Жаңбырдың қандай пайдасы бар?
  • Ертегідегі негізгі ой не?

Мұғалім жауап берген оқушыларды ауызша мадақтайды.

2. (Т; Қ) Ертегі мазмұны бойынша сұрақ құрастыру. Сұрақтарға жауап беру.

Бұл тапсырма «ВЕЕР» әдісі арқылы орындалады.

Топ оқушыларына веер пішінінде бүктелген қағаздар беріледі. Оқушылар бір бүктелген бөлігіне сұрақ жазады да, екінші бүктелген бөлігін ашық қалдырады.

Ертегі мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар (неліктен? не себепті? қалай ойлайсың?) құрастырылады және басқа жұптардағы оқушылардан сол сұрақтарға жауап алынады.

Сұрақ жазып болған соң топ оқушылары бір – біріне қағаздарын ауыстырып береді. Оқушылар сұраққа жауап жазады. Мұғалім жұмыстарын жинап алады. Қойған сұрақтарына көңіл аударып, сабақтан соң тексеруге болады.

3. ( Т; Ө; Қ) Оқулықта берілген сұрақтарға өз көзқарасын білдіре алу білігін бағалау.

Оқушылар оқулықта берілген «Су болмаса не болатынын елестетіп көр және оны айтып бер» тапсырмасын топта талқылап, өз көзқарастарын білдіреді.

Қ.Б. «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды

4. «Субужаңбыр» сөздерін байланыстырып суретті сызбаға қарап әңгімелеулеріне басшылық жасалады.

Сергіту сәті

Бейнежазбадағы әуен ырғағымен билеу.

3.4.2.4 , 3.3.6.1 (МК; Ө; Ж; Қ) 18- жаттығу

1. Көркем жазу

Мәтінді көркемдеп жазады. Жұппен жұмыс ұйымдастырылады. Мәтіннен сын есімдерді тауып, оларды негізгі, туынды түрлеріне ажыратады.

Мұғалімнің басшылығымен орындалған жұмысты өзара тексереді. Бір-бірінің қатесін тауып, түзетеді.

Қ.Б. Өзара бағалау

Бағалау дескрипторы:

  • мәтінді көркем жазады;
  • сын есімді түрлеріне қарай ажыратады;

3.1.3.1 (Ө; Ұ; Қ) Жасырынған мақалды тауып оқу. Мағынасына талдау жасау. Тілдік нормаларды дұрыс қолдану.

Шығармашылық үзіліс 19- жаттығу

Жасырынған мақалды тауып оқиды. Жұпта мақалдың мағынасына талдау жасайды. (Дария жанынан құдық қазба).

Топта талдайды, пікірлеседі. Топтан бір оқушы шығып, мақалдың мағынасын түсіндіреді.

Қ.Б.«Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды. Орындаған жұмыстарының екі жақсы жағы мен бір кемшілігіне ұсыныс білдіру арқылы өз іс-әрекеттеріне кері байланыс жасайды.

Бағалау дескрипторы:

  • тілдік нормаларды сақтап сөйлейді;

3.1.3.1 (Ө; Ұ; Қ) Жағдаяттық тапсырмаларды шешу. Тілдік нормаларды дұрыс қолдану.

«Ойлан, тап» 20- жаттығу. Жағдаяттық тапсырманы түсініп оқиды.

Қарлығашты сипаттап көр. Тапсырма «Галереяға саяхат» әдісі арқылы орындалады.

Ықтимал жауаптар: Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр.

Стикерлер арқылы бір-бірінің жұмысын бағалайды.

Бағалау дескрипторы:

  • тілдік нормаларды сақтап сөйлейді;
  • сөзін жүйелі түрде жоспарлайды;

«Қазақ тілі» оқулығы 3-сынып. «Атамұра баспасы» 2018 ж.

оқулық

Слайд-2

Слайд -3

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

(Ө; Қ ) Тест. Саралау

Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады

1.Сын есім дегеніміз не?

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Негізгі сын есімнің ережесін тап

а) түбір сөзден болған сын есім

ә) жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есім

б) жалғау жалғану арқылы жасалған сын есім

3. Туынды сын есім қатарын тап.

а) бозғылт, байқағыш, әдепті

ә) жасыл, күшті, тарғыл

б) жарыс, көңіл, жүгірді

4.Анар ..... түсті жейде сатып алды. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қой

а) алқа

ә) ақшыл

б) көңілді

5. Түбірі зат есімнен болған сын есімдерді белгіле

а) өнерлі, саналы, шөпті

ә) ақшыл, күшті, тарғыл

б) ұсақтау, көңіл, жүгірді

Үй тапсырмасы: Үй құстарының біреуін сипаттап жаз

Қосымша №2

Қосымша №3

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысденсаулық пен қауіпсіздік

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін

Көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы, стикерлер арқылы, «Екі тілек, бір ұсыныс» стратегиясы арқылы

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу