3_Қазақ тілі_3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№91сабақ_Болымды және болымсыз етістік_Дидактикалық материал


6-бөлім: «Атақты тұлғалар»

№ 91-сабақ. Болымды және болымсыз етістік

Қосымша №1

Ширату «Ойымызбен бөлісейік» айдары

Етістік

Болымды Болымсыз

етістік етістік

Қосымша №2

«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің мазмұны бойынша сұрақтар:

-Суретте кім бейнеленген?

-Абай Құнанбаев кім болған деп ойлайсың?

-Абайды қандай тұлға деп ойлайсың?

-Неліктен Абайды атақты тұлғалардың қатарына жатқызасың?

-Абайдың қандай өлеңдерін білесің?

-Өнер, білімге байланысты өлеңдерін білесің бе?

-Өлең неліктен «Ғылым таппай мақтанба» деп аталады?

-Автор: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол», - дегенде нені меңзегенін болжа.

-Өлеңнің жалғасын оқып, өз болжамыңмен салыстыр.

-Өлең мазмұнынан қандай ой түйдің?

Қосымша №3

Болымды және болымсыз етістіктерді салыстыр

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой-

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Қосымша №4

«Әдепті бол – әдепсіздіктен аулақ бол!»

Өжет ... .

Шыншыл ... .

Тәртіпті ... .

Мейірімді ... .

Әдепті ... .

Қорқақ ... .

Өтірікші ... .

Тәртіпсіз ... .

Қатыгез ... .

Әдепсіз ... .

Қосымша №5

Өзін-өзі бағалау кестесі

Бағалау критерийі

Ия

Аздап көмек қажет

Жоқ

пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамын және жауап беремін

болымды және болымсыз етістікті ажырата аламын

нұсқаулық құрап жазамын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу