3_Қазақ тілі_3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№92сабақ_Болымды және болымсыз етістік_Дидактикалық материал


6-бөлім: «Атақты тұлғалар»

№ 92. Болымды және болымсыз етістік

Қосымша №1

Тірек сөздер үлгісі: Би, шешендер, жас ұрпақ, өсиет, нақыл сөздер, өткір тіл, татулық, бірлік, жол көрсету, тәрбиелеу.

Қосымша №2

Жабық сұрақтар үлгісі:

1. Қазақтың қандай билерін білесің?

2. Төлеби Әлібекұлы кім?

3. «Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді» өсиет сөзінің авторын ата.

Ашық сұрақтар үлгісі:

1. «Қазақ халқының төрт құбыласын түгендеу» тұжырымын Төлеби тұлғасымен қалай байланыстыруға болады?

2. «Елге – бай құт емес, би құт» даналық сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

3. Төлебидің шешендік сөздері мен өсиеттері нағыз тәрбиелеу құралы дегенмен келісесің бе? Неліктен?

Қосымша №3

Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты: сонда Төле би былай деген екен: - Бата - басқа, қына - тасқа, ақыл - жасқа, не қалайсың, балам? - депті. Сонда Жетес бала: - О, қасиетті, баба! - Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат, тонға бергісіз өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтсаңыз соған ризамын, - депті. Онда колыңды жай, балам, - деп Төле би:

Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны деп қарала

Өзегің талса өзен бойын жағала,

Басыңа іс түссе көпшілікті сағала.

Өзіңе-өзің кәміл бол.

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа катал бол!

Досыңа адал бол!

Қосымша №4

Бата, бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

Нақыл сөздер - күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу