3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№92сабақ_Болымды және болымсыз етістік_ПРЕЗЕНТАЦИЯ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

6-бөлім: «Атақты тұлғалар»

Сабақ тақырыбы:

№ 92. Болымды және болымсыз етістік»

Сабақтың мақсаты

3.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/ сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау.

Бағалау критерийлері

- тірек сөздерді белгілеп, ашық және жабық сұрақтарға жауап береді;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;

- жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастырады

«Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі

1. Мақал дегеніміз не? (Тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы)

2. Мәтел дегеніміз не? (Ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы)

3. Тыйым сөздерді қалай түсінесің? (Балаларға арналып айтылатын, оларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыратын өсиет сөздер)

4. Бата беруді білесің бе? Батаны кімдер береді?

.

Тірек сөздер үлгісі: Би, шешендер, жас ұрпақ, өсиет, нақыл сөздер, өткір тіл, татулық, бірлік, жол көрсету, тәрбиелеу.

Бейнематериал бойынша тірек сөздерді белгілеу

Жабық сұрақтар үлгісі:

1. Қазақтың қандай билерін білесің?

2. Төлеби Әлібекұлы кім?

3. «Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді» өсиет сөзінің авторын ата.

Ашық сұрақтар үлгісі:

1. «Қазақ халқының төрт құбыласын түгендеу» тұжырымын Төлеби тұлғасымен қалай байланыстыруға болады?

2. «Елге – бай құт емес, би құт» даналық сөзінің мағынасын қалай түсінесің?

3. Төлебидің шешендік сөздері мен өсиеттері нағыз тәрбиелеу құралы дегенмен келісесің бе? Неліктен?

Бата, бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

Нақыл сөздер - күрделі мәселeлерді терең ете дәл жеткізетін ой шалымы кең, қысқа қайырымды шешен сөз.

Батаны жаттау

Жұмыс реті:

1. Мұғалім батаны оқу үлгісін көрсетеді.

2. Батаның тыныс белгілеріне назар аударылады.

3. Оқушылардың батаны мәнерлеп оқуды және жаттайды.

4. Оқушылардың батаны жатқа жазады.

5. Жазған батаны өздері тексередіі.

6. Жіберілген қателерді анықтап, түзетеді.

7. Өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма:

Төлебидің өмір тарихын зерттеу, шағын эссе жазу.

Рефлексия

-Бүгінгі сабақта не қызықты болды?

-Қандай жаңа ақпарат алдыңдар?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу