3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№10сабақ_Болымды және болымсыз етістік_ПРЕЗЕНТАЦИЯ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

6-бөлім. «Атақты тұлғалар»

Сабақ тақырыбы:

10 сабақ. Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау;

3.3.4.1 мұғалімнің қолдауымен сызба, график, кесте, фотосуреттер арқылы мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Бағалау критерийлері

-болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады;

-өз бетінше хат жазады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді.

Ой қозғау

-Дастарханды баспа.

-Үлкен адаммен сөз таластырма.

-Өтірік айтпа.

-Отпен ойнама.

Ойланайық: жоқшылық, үлкенді тыңдамау, өтірік айту, өрт.

-Бұның барлығы жақсылық па, жамандық па?

-Оларды жасауға болмайтындықтан, бұл сөздер қалай аталады?  

Халық әні

Ақ дігердей көрінбей, /көрінсе/

Үйдің сәні келмейді. /келеді/

Шым ораулы болмаса, /болса/

Шидің сәні келмейді. /келеді/

Егескен жауын мұқатпай, /мұқатса/

Ердің сәні келмейді. /келеді/

Қара жерден қар кетпей, /кетсе/

Көк орай шалғын шөп өспей, /өссе/

Жердің сәні келмейді. /келеді/

Үйрек ұшып, қаз қонбай, /қонса/

Көлдің сәні келмейді. /келеді/

Қызыл-жасыл киінбей, /киінсе/

Қыздың сәні келмейді. /келеді/

Қыз-бозбала жиылмай, /жиылса/

Жырдың сәні келмейді. /келеді/

Хат жазуға қойылатын талаптар

1. Хат алатын адамның аты-жөнін көрсету, онымен амандасу.

2. Кіріспе сөз – хат алатын адамның қал-жағдайын сұрау, игі тілектер т.б.

3. Негізгі бөлім – хат алатын адамды қызықтыратын ақпаратты жазу.

4. Қоштасу – құрмет көрсету, сүйіспеншілігін білдіру, қоштасу, тілеу айту т.б.

Хаттың үлгісі:

Сәлем Берік!

Қалың қалай? Қандай жаңалықтарың бар? Ауылдағы демалысың қалай өтуде? Берік, ауылға ата-әжеңе барып, бұрынғы әдепсіз қылықтарыңнан арылдың ба?

Ауылда жүргенде омартаны бұзба, талды сындырма, құстың ұясын бұзба, тал түске дейін ұйықтама. Ата-әжең мен ауылдағы достарыңнан әдепті қылықтарды үйренетіңе сенемін. Сонда бұрынғыдай үнемі сабаққа кешігуді де қоятын едің.

Жазғы демалысың пайдалы өтсін. Сені асыға күтемін.

Сәлеммен Айдар

Болымды және болымсыз етістіктерді ажырат,

Сөйлемдер: Үйілген сұр төбешік күлме? Досыңды мұқатып күлме. Жылтыраған қызыл түспе? Көліктен секіріп түспе. Көйлегіңнің жағасы кірме? Үйге жүгіріп кірме. Далада кісінеген атпа? Аққуды атпа.

Өзін-өзі бағалау кестесі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу