2_Қазақ тілі_3 сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№9сабақ_Болымды және болымсыз етістік_ПРЕЗЕНТАЦИЯ


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

6-бөлім. «Атақты тұлғалар»

Сабақ тақырыбы:

9 сабақ. Болымды және болымсыз етістік

Сабақтың мақсаты

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау;

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Бағалау критерийлері

-болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады;

-тірек сөздер мен жоспарды қолданып мәтін құрап жазады;

аллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

Морфологиялық ширату

І топ: Нан қоқымын шашпа.

Ақты төкпе.

ІІ топ: Бас киімді жерге тастама,

Аяқ киімді төрге шығарма.

ІІІ топ: Малды теппе.

Итке ожаумен ас құйма.

IV топ: Бос бесікті тербетпе.

Сыпырғышпен ұрма.

Жаңа ақпарат

Етістік болымды (ойна, сөйле) және болымсыз (жазба, күтпе) болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: келме, айтпа, өтінбе.

Мәтін құрау

Тірек сөздер: Нан, бидай, ас, үлкен, дастархан, қою, тастамау, шашпау, қасиетті, тағам, қадір.

Жоспар: 1. Нан қайдан келеді?

2. Дастарханның көркі.

3. Нан қадірін білейік!

Тақырыбы: Ас атасы - нан.

Бұл кім?

https://vk.com/albums-26449296

Абай Құнанбаев

Өлеңдері: «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым», «Қыс», «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба» т.б.

Қанатты сөздері:

1. Адам баласының ең жаманы – талапсыздық.

2. Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы.

3. Сөзіне қарай кісі ал,

Кісіге қарап сөз алма.

4. Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

Өзіндік бағалау

Мен не үйрендім?

Мен үшін не қиын болды?

Мен енді нені үйренуім керек

Үй тапсырмасы: Абай Құнанбаев туралы «Синквейн» стратегиясы бойынша бес жолды өлең құрастыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу