Қазақ тілі_3 сынып_5-бөлім Өнер_Тақырыбы_ Көрініс сценарий оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: «Өнер»

Мектеп:Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Көрініс сценарий оқу

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

33.1.1.1 тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

3.2.1.2 мәтінді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу

 Сабақ

 мақсаттары

Мәтіннен тірек сөдерді белгілеуге, қойылған срақтарға жауап беруге дағдыландыру.

Бағалау критерийлері

Тірек сөздерді белгілейді;

Ашық сұрақтар құрастырады;

Жабық сұрақтар құрастырады;

Қойылған сұрақтарға жауап береді.

 Сөздік қор

Ашық, жабық,тірек сөздер, өнер, сала,

Құндылықтардыдарыту

Жауапкершілік, еңбекқорлық.

Пәнаралық байланыстар

Математика, дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Кітап жайлы әңгімелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, жағымды көңіл күй орнату.

Ойын: «Мен саған, сен маған»

Мақсаты: Оқушының бойында байқампаздық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.

Шарты:

Оқушылар бір-біріне кез келген ертегі кейіпкердің сөзін немесе қимылын келтіреді және қай ертігінің кейіпкері екенін анықтайды.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.Мақсаты негізінде бағалау критерийлерін анықтау.

Үй тапсырмасын тексеру:Үйге берілген «Көктем сәні» ертегісін рөлге бөліп оқыту, шапалақтап бағалау.

Сабақтың басы

5 минут

25 минут

ІІ. Қызығушылықты ояту.

(Ұ) СЦЕНАРИЙ сөзін әріптерден құрастыру

С Е Н И Ц А Р Й

-Сценарий дегеніміз не?

-Ненің сценарийі болуы мүмкін?

-Сендер ненің сценарийін құрып көрдіңдер?

) Мәтінмен жұмыс

Әр топқа мәтін таратылады.Оқушылар мәтінді оқиды.Тізбек бойынша оқыту.

Мақсаты: Оқушылар ертегіні оқып, көрініс ұғымымен танысады.

Мәтіннің қалай берілгенін, мәтіннің кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін, оқиға орнын, т.б. талдау. Мәтін қандай мақсатпен берілгені туралы талқылайды

Тауық, тышқан және құр.Ерте заманда тауық,тышқан, құр – үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:- Дән таптым!- деп айқалапты.- Мұны тиірменге апару керек. Кәне, қайсың алып жүресің?- депті тауық.- Мен апара алмаймын,- депті тышқан.- Мен де апара алмаймын,- депті құр.Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Тиірменге тарттырыпты.Тауық:- Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті.- Мен апара алмаймын,- депті тышқан- Мен де апара алмаймын,- депті құр.Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.- Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық.- Мен илей алмаймын,- депті тышқан.- Мен де илей алмаймын,- депті құр.Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:- Кім от жағады?- деп сұрапты.- Мен жаға алмаймын,- депті тышқан.- Мен де жаға алмаймын,- депті құр.Отты да тауық өзі жағыпты.- Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық.- Мен сала алмаймын,- депті тышқан.- Мен де сала алмаймын.,- депті құр.Нанды да тауықтың өзі салыпты.- Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.Тауық нанды алып қойыпты да:- Мұны кім жейді?- деп сұрапты.- Мен,- деп тышқан стол қасына келіп отырыпты.- Мен де жеймін,- деп,құр да стол қасына келіп отырыпты.

Ой қозғау

-Нан туралы не білесіңдер? 

(Т,Қ)Мәтіннен кейінгі жұмыс

Ашық сұрақтар: Қайда? Қашан? Неге? Неліктен?

Қанша?

Жабық сұрақтар: «Ия» немесе «Жоқ» жауаптары берілетіндей қойылады.

Әр топ ашық/жабық сұрақтарды құрастырады.

Құрастырған сұрақтарын көрші топқа береді.Көрші топтың құрған сұрақтарына жуабын табады да жазады.

Топтар бір-бірін дескриптор арқылы бағалайды.

Дескрипторлар

Балл

Ашық сұрақ құрастырды

1

Жабық сұрақ құрастырды

1

Ашық сұраққа жауап берді

1

Жабық сұраққа жауап берді

1

Барлығы

4 балл

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды, бағалайды.

Қосымша №1

Қосымша №2

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

-Мен сабақта ________________________білдім.

-Сабақта ___________________________ үйрендім.

Бағалау

Үйге тапсырма: Мәтінді рөлге бөліп оқу, сахналау.

Бағдаршам түрлі түсті стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды

меңгеру

деңгейін

тексеру

жоспарыңыз?

Денсаулық

және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуы

  • Мәтін бойынша тапсырмаларды дифференциациялау.
  • Мәтін бойынша тапсырмаларды орындауын бағалау.

Сандық техникаларды қолдануда қауіпсіздік шараларын еске түсіру және сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу