1.Қазақ тілі 3 сынып_5 бөлім_Өнер _ 77-сабақ қысқа мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: 5-бөлім: 77-сабақ Өнер

Тақырыбы: Зат есімнің тәуелденуі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

3.2.5.1 берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін/сөздік/ сызба/кесте/карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау.

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау;

 Сабақтың

 мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады:

  • мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды;
  • үлгі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
  • сөз құрамы сызбасы негізінде тәуелдеулі және туынды зат есімдерді анықтайды;
  • жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрайды;
  • тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
  • тәуелдеулі және туынды зат есімдерді ажыратады;
  • жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрай алады;
  • зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
  • туынды зат есімдер жасай алады
  • жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

Бағалау

критерийлері

-Тақырып бойынша әңгіме құрайды

-Туынды зат есімдерді анықтайды

-Тәуелдік жалғауларын қолданады

 Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Тәуелдік жалғаулар, жақ, жекеше, көпше, туынды зат есім

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Бірінші суретте не бейнеленген?

-Кілемді тоқу үшін қандай құралдар керек деп ойлайсың?

-Екінші суретте қандай ыдыс түрлері бейнеленген?

-Ол ыдыстарды қандай материалдан жасайды?

-Үшінші суретте қандай ұлттық бұйым жасалуда?

 Құндылықтар

Ұлттық бұйымдардың жасалу жолдарын білу және құрметтеу

Пәнаралық байланыс

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Зат есімнің тәуелдік жалғауларын біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы

2 минут

5 минут

Психолгилық ахуал .) «Сәлеметсің бе?»

Оқушылар кезек-кезек көршісінің аттас саусақтарына қолын тигізеді.Бас бармақтан бастайды:

-Мен саған тәлеймін (бас бармағын тигізеді);

-Табыс (сұқ саусақ);

-Үлкен (ортаңғы);

-Барлығында (атаусыз);

-Барлық жерде (шынашақ);

-Сәлеметсің бе! (алақанын тигізеді)

Миға шабуыл .)

Бір, екі, үш деп санай отырып үш топқа біріктіріледі.

Үш топқа жұмбақ беріледі.

1-топ

Әжемнiң қалпақты таяғы,

Қолына алса жүгiрер,

Шорланып белi бүгiлер.  

(Ұршық)

2-топ

Жүнді жайып өрнектеп, шиге орап тептік төпелеп.

Сосын аштық көрмек боп, дап-дайын тамаша

(Текемет)

3-топ

Ұқсайтын шеңберге қабырғасы жиылып,керіледі. Жиһазы мол кең бөлме, төбесінен жұлдыздар көрінеді

(Киіз үй)

Жұмбақтың жауабын үш жақта тәуелдеп беру

Слайд 3

Слайд 4

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

2 минут

8 минут

8 минут

10 минут

М.К Ережені еске түсіру

Ережемен жұмыс

Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар деп атайды:Өнер-ін, әке-м, әже-ң, ат-ы, ата-сы. Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады: дос-ым, дос-ың, дос-ыңыз, дос-ы; дос-ымыз, достар-ың, достар-ыңыз, достар-ы.

Есіңе сақта!

Зат есімнің тәуелдік жалғаулары

Жақ

Жекеше

Көпше

I

жақ

-ым, -ім

-ымыз, -іміз

II

жақ

-ың,-ыңыз,

-ің, -іңіз

-ыңыз, -іңіз

III жақ

-ы, -і, -сы,-сі

-ы, -і, -сы, -сі

44-жаттығу (Ж) «Галерея» әдісі

Үш түрлі сурет ілінеді.Сол суреттер бойынша жұптар әңгіме құрастыру қажет.

Сурет бойнша әңгіме құрастыр. Әңгімеде тәуелдеулі және туынды зат есімдерді пайдалан.

-Бірінші суретте не бейнеленген?

-Кілемді тоқу үшін қандай құралдар керек деп ойлайсың?

-Екінші суретте қандай ыдыс түрлері бейнеленген?

-Ол ыдыстарды қандай материалдан жасайды?

-Үшінші суретте қандай ұлттық бұйым жасалуда?

Дескриптор:

-әңгіме құрастырады

-тәуелдеулі және туынды зат есімді қолданады

Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды

Саралау:қабілетті оқушылар берілген сурет бойынша әңгіме құрастыруын саралау

45-жаттығу (Ж) «Ойлан,тап» әдісі

Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.Тәуелдік жалғаулы зат есімдердің астын сыз.

Ақши – Әминаның ауылы ауылда ши өседі Әмина бір бума ши әкелді шешесі одан ши тоқыды ши тоқу өнер.

Дескриптор:

-тиісті тыныс белгісін қояды

-тәуелдік жалғаулы зат есімдерді анықтайды

-тәуелдік жалғаулы зат есімдердің астын сызады

Қ.Б: түсті жұлдызшалар арқылы

Саралау:тапсырмаларды орындаудада көмек қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіледі

46-жаттығу (Т) Бейнежазба көрсету «Кластер» әдісі

Киіз үйдің жасалу жолдарымен танысу және кластер құрсатыру. Ши сөзін үш жақта тәуелдеп жаз.

1-топ Үйдің сүйектері(ағаштан жасалған бөліктері)

2-топ Киіздері (ши де осыған жатады)

3-топ Арқан-баулары (баулары, басқұр және арқандары)

Дескриптор:

-киіз үйдің құрылымын талдайды

-кластер құрастырады

-ши сөзін үш жақта тәуелдейді

Қ.Б: топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды

Саралау:тапсырманы орындауда кейбір оқушылардың жылдамдығын саралау

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Қосымша 2

Слайд 9

https://www.youtube.com/watch?v=Dkm6Z4k2kCI

https://www.youtube.com/watch?v=4VXt6zhTAVU

Қосымша 3

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия «5-5-1» әдісі

Бүгінгі өткен тақырыпты бес сөйлеммен қорытындылаңдар.

Үйге тапсырма: Ақ ши және ораулы ши туралы дереккөздерден жазу.

Слайд 10

Слайд 11

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар берілген сурет бойынша әңгіме құрастыруын саралау.

Тапсырмаларды орындаудада көмек қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетіледі.

Тапсырманы орындауда кейбір оқушылардың жылдамдығын саралау

Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды

Түсті жұлдызшалар арқылы

Топтар бір-бірін бас бармақ арқылы бағалайды

Топтық жұмыста, «Галерея» әдісінде техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу