3 сынып_5 бөлім_Өнер _ 16 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: 5 Өнер

Тақырыбы: 16 сабақ . Өнерлінің қолы алтын. Презентация құрастыру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттермен мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, презентация т.б.) құрастыру

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

3.4.2.4 негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау

 Сабақтың

 мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады:

-үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, презентация құрап жазады;

-үлгі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

-сөз құрамы сызбасы негізінде негізгі және туынды зат есімдерді анықтайды;

Оқушылардың көбі жасай алады:

-үлгі негізінде презентация құрап жазады;

-тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

-негізгі және туынды зат есімдерді ажыратады;

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

-презентацияны өз бетінше құрай алады;

-зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

-туынды зат есімдер жасай алады

Бағалау

критерийлері

  • Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауларының қолдану арқылы презентация құрастырады
  • Негізгі, туынды зат есімдерді қолданады

 Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Презентация, хат,

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Отан сөзін жекеше түрде тәуелдеп айт

-Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

-Достар сөзін көпше түрде тәуелдеп айт

-Тәуелдік жалғау неше жақта айтылады?

-Дәптер сөзін жекеше түрде тәуелдеп айт

-Зат есім дегеніміз не?

-Туынды зат есімге мысал келтір

Құндылықтар

Шығармашылықпен жұмыс жасауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек, АКТ

Алдыңғы меңгерілген білім

Негізгі, туынды зат есімді біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 минут

4 минут

Сабақтың ортасы

10 минут

Психологилық ахуал

Мұғалімнің сұрағы:

1. Әрбір адам?

2. Әрбір сабақ?

3. Әрбір ісің?

4. Әрбір сөзің?

Оқушылардың жауабы:

1. Туысым, досым, бауырым

2. Үйрену, ұғу, ұлағат

3. Тірлік, тірек, адамдық

4. Шындық, бірлік, адалдық

Өткенді пысықтау

(Ж.Ж. М.К) «Сағат дос » әдісі

Оқушылар дәптеріне сағаттың суретін салады. Негізгі қажетті уақыт 12:00, 15:00, 18:00, 21:00 Сыныпты аралай жүріп қай уақытта кіммен кездесетінін жазады. Кездесетін оқуыш қайталанбау керек.

Мұғалім әр уақытты айтқан кезде, оқушылар бір-бірімен жұптасады.

Жұпта талқылайды: Үйге берілген тапсырманы талдау. (Өнер түрлері тақырыбына сурет/фотосуреттер, қанатты сөздер, мақал, жұмбақ, өлең жинастырып келу.)

12:00

Өнер туралы суретті талдау

15:00

Өнер туралы мақалды талдау

18:00

Өнер туралы жұмбақты талдау

21:00

Өнер туралы өлеңді талдау

3.4.2.2 (Ұ )1-тапсырма «Көңілді қалпақ» ойыны

Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Мұғалім әнді қосқан

кезде, оқушылар қолдарындағы қалпақты шеңбер бойындағы балаларға кезектесіп кигізуі тиіс. Әуен тоқтағанда қалпақ кімнің қолында болса, сол оқушы сұраққа жауап береді.

1-сұрақ

Отан сөзін жекеше түрде тәуелдеп айт

2-сұрақ

Тәуелдік жалғау дегеніміз не?

3-сұрақ

Достар сөзін көпше түрде тәуелдеп айт

4-сұрақ

Тәуелдік жалғау неше жақта айтылады?

5-сұрақ

Дәптер сөзін жекеше түрде тәуелдеп айт

6-сұрақ

Зат есім дегеніміз не?

7-сұрақ

Туынды зат есімге мысал келтір

Дескриптор:

-Сұраққатрға жауап береді

Қ.Б: мадақтау арқылы

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады.

Слайд 3

Слайд 4

Қосымша 1

Слайд 5

Қосымша 2

10 минут

10 минут

3.4.2.4 (Ж ) 2-тапсырма «20 сөз» әдісі

Оқушылар тек қана туынды зат есім жазу керек, басқа ешбір сөз жазуға болмайды. Кестені толтыру. Қабілеті жоғары оқушыларға сөздерден сөйлем құрастыру беріледі

Дескриптор:

-туынды зат есім жазады

-кестені толтырады

Қ.Б: смайлик арқылы

Саралау: «Қорытынды» тәсілі Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек

3.3.4.1 3-тапсырма (Т.МК)

Түстерді таңдау арқылы топтарға біріктіру.

Түрлі өнер түрлері бойынша презентация құрастыру және оны сыныптастарының алдында қорғау.

Презентацияларын қорғап сөйлеуінде тәуелдік жалғаулы және туынды зат есім сөздерін қолдану.

1-топ «Қызыл түс» Зергерлік өнер туралы

( Алқасы, білезіктері, сырғасы т.б)

2-топ «Жасыл түс» Сурет өнері туралы

( Қылқаламы, бояуы, түстері т.б)

3-топ «Сары түс» Ағаш өнері туралы

( Ағашы, домбырасы т.б)

Дескриптор:

-презентация құрастырады

-тәуелдік жалғауын қолданады

-туында зат есім сөздерін қолданады

Қ.Б: топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды

Саралау: «Қарқын» тәсілі Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

Слайд 6

Қосымша 3

Слайд 7

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия: «Бір минуттық жазба» әдісі

Оқушылар нақты бір сұраққа бір минут бойы жауап жазады.

Бүгін үйренгендеріңнің ішіндегі ең маңыздысы не болғаны жайында бір минут бойы жазба жазыңдар.

Жазғандарын оқытып шығу.

Үй тапсырмасы: Өнер сөзін жекеше және көпше түрде тәуелдеп жаз.

Слайд 8

Слайд 9

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады.

«Қорытынды» тәсілі Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу керек

«Қарқын» тәсілі Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

Қ.Б: мадақтау арқылы

Қ.Б: смайлик арқылы

Қ.Б: топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды

Кері байланыс: «Бір минуттық жазба» әдісі

Оқушылар нақты бір сұраққа бір минут бойы жауап жазады.

Топтық және оқу құралдарын қолдануда, шақыру билетін жасауда қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу