3 сынып_5 бөлім_Өнер _Зат есімнің тәуелденуі қысқа мерзімді жоспар


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: 5 Өнер

Тақырыбы: №76.Зат есімнің тәуелденуі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу

3.2.5.1 түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) берілген тақырып/сұрақ бойынша алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету

 Сабақтың

 мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады:

-көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды біледі;

үлгі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

-мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;

-жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады,

Оқушылардың көбі жасай алады:

-көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды анықтайды;

-тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

-мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;

-жаңа сөздердің мағынасын түсіндірме сөздікті қолдану арқылы түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

-көпшілік алдында сөйлеуге қойылатын талаптарды ұсынады;

зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

-мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;

-жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді, сөздерді сөз таптарына қарай топтастыра алады;

-кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады

Бағалау

критерийлері

-Мәтіннен зат есімнің тәуелдік жалғауларының қолданысын анықтайды және жекеше, көпше түрде тәуелдейді

- Түрлі жағдаяттағы өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік нормаларды сақтап сөйлейді

- Мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды

 Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Тәуелдік жалғаулар, жақ, жекеше, көпше

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Егер бұл домбыра әкеңнің заты болса, қалай айтар едік?

-Өлең не туралы? Оған ат қой. Өлеңдегі негізгі ойды анықта.

-Өлеңдегі бала туралы сенің пікірің қандай?

 Құндылықтар

Ұлттық музыкалық аспаптардың ерекшелігін білу және қастерлеу. Қазақтың ұлттық салт дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз таптарын ажыратады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 минут

Миға шабуыл .) «Не білесің?» әдісі

Домбыраның суреті беріледі. Домбыраға қатысты ұғымды ашатын ойларына келген барлық сөздерді/сөз тіркестерін айту ( ағаштан жасалған, музыкалық аспап, тегі болады, екі шекті аспап, күй тартады т.б)

Сұрақтар қойылады:

-Егер бұл домбыра әкеңнің заты болса, қалай айтар едік?

-Әкемнің домбырасы

Бүгінгі өтетін мақсатымыз: Мәтіннен зат есімнің тәуелдік жалғауларының қолданысын анықтаймыз және жекеше, көпше түрде тәуелдейміз.

Тақырып: «Зат есімнің тәуелденуі»

Слайд 3

Сабақтың ортасы

8 минут

7 минут

4 минут

6 минут

5 минут

(М.К Ж.Ж) 3.2.4.1 , 3.3.6.1

40-жаттығу «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Өлеңді оқы.

-Өлең не туралы? Оған ат қой. Өлеңдегі негізгі ойды анықта.

-Өлеңдегі бала туралы сенің пікірің қандай?

Өлеңнің соңғы шумағын (төрт жолын) есте сақтап көркем жаз.

Домбыра шерту аз деген

Ағайды тыңдап күнде мен,

Ақылымен күйшінің

Күй тартуды үйренем.

Өлеңде қарамен жазылған сөзді сөз құрамына талда- (Ақылымен анамның). Қосымшаның сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын айтып көр. Өз ойыңды төмендегі ақпаратпен салыстыр.

Жекеше Көпше

1 жақ: Менің анам Біздің анамыз

2 жақ: Сенің анаң, Сендердің аналарың

Сіздің анаңыз Сіздердің аналарыңыз

3 жақ:Оның анасы Олардың аналары

Ережемен жұмыс

Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулар деп атайды:Өнер-ін, әке-м, әже-ң, ат-ы, ата-сы. Тәуелдік жалғаулар үш жақта, жекеше және көпше түрде айтылады: дос-ым, дос-ың, дос-ыңыз, дос-ы; дос-ымыз, достар-ың,

достар-ыңыз, достар-ы.

Дескриптор:

-негізгі ойды анықтайды

-өлеңге ат қояды

-соңғы шумағын көркем жазады

-сөзді сөз құрамына талдайды

Қ.Б: мадақтау арқылы

Саралау: «Дереккөздер» тәсілі: кейбір оқушылар күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алуын, өлеңнің негізгі ойын анықтап, өлеңге ат қоя білуін саралау.

(М.К ) Есіңе сақта!

Зат есімнің тәуелдік жалғаулары

Жақ

Жекеше

Көпше

I

жақ

-ым, -ім

-ымыз, -іміз

II

жақ

-ың,-ыңыз,

-ің, -іңіз

-ыңыз, -іңіз

III жақ

-ы, -і, -сы,-сі

-ы, -і, -сы, -сі

3.2.5.1(М.К Ұ) Бейнежазба «Ұлттық аспаптар»

Тыңдалған ақпараттан музыкалық аспаптардың атын атау. Әр аспаптың ерекшеліктерін атап беру.

-Домбыра мен шертердің қандай ұқсастықтары бар?

-Жетігеннің ішек сандары қанша?

-Қыс мезгілінің ызғарына ұқсайтын қай аспап?

Дескриптор:

-аспаптардың атын атайды

-аспаптардың ерекшеліктерін айтады

3.4.2.2, 3.1.3.1 (Т.Ж) Ұлттық аспаптардың суреттеріне қарай топтастырылады (домбыра, қобыз, жетіген)

«Домино» әдісі

Қағаз қиындылары домино пішіндес қиылып, ортасы қаламмен сызылады.Топтағы бірінші оқушы бір заттың атын жазып, келесі оқушы оң жағына сол сөзді жекешеге, келесі оқушы көпше түрге түрлендіру қажет. Осылай топтар бірнеше сөздерді жазып шығу керек.

Дескриптор:

-зат есімді жекеше түрде тәуелдеп жазады

-зат есімді көпше түрде тәуелдеп жазады

Қ.Б: топтар бір-бірін кері байланыс беру арқылы бағалайды

Саралау: «Қарқын» тәсілі: сөздерді жекеше және көпше түрге тәуелдеу қарқынын анықтау.

3.4.2.2

41-жаттығу (Ж.) Шығармашылық жұмыс

Жұмбақтың шешуін тап. Тәуелдеулі зат есімдерді тауып, түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеру себебін түсіндір.

Екі желім-

Күйдің көрігі,

Әннің көлігі. (Домбыра)

Дескриптор:

-жұмбақтың шешуін табады

-тәуелдеулі сөздерлің жағын анықтайды

-түбір сөздің соңғы дыбысының өзгеруін түсіндіреді

Қ.Б: көңілді смайлик арқылы

Саралау: «Диалог және қолдау» тәсілі: кейбір оқуышыларға тапсырманы орындауда қолдау жасалады.

3.4.2.2 (Ж.Ж) 43-жаттығу «Сәйкесін тап» әдісі.

Дескриптор:

-тәуелдену ерешелігін анықтайды

-топтап жазады

Қ.Б: жұптар бір-бірін жұлдызша арқылы бағалайды

Саралау: «Қорытынды» тәсілі: барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, сөздерді тәуелдену ерекшелігіне топтастыра алуын саралау

Слайд 4

Слайд 5

Слайд 6

https://www.youtube.com/watch?v=vL_-wWXcvfk

Слайд 7

Слайд 8

Қосымша 1

Слайд 9

Слайд 10

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия. «БТА» әдісі

Оқушыларға сабақтың қорытындысы ретінде мына сұрақтар қойылады:

Білдім...

Түсіндім...

Мынадай жағдайларда алынған ақпаратты қолдана аламын...

Үй тапсырмасы:42- жаттығу

Слайд 11

Слайд 12

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Дереккөздер» тәсілі: кейбір оқушылар күрделі дереккөздермен жұмыс жасай алуын, өлеңнің негізгі ойын анықтап, өлеңге ат қоя білуін саралау.

«Қарқын» тәсілі: сөздерді жекеше және көпше түрге тәуелдеу қарқынын анықтау.

«Диалог және қолдау» тәсілі: кейбір оқуышыларға тапсырманы орындауда қолдау жасалады.

«Қорытынды» тәсілі: барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, сөздерді тәуелдену ерекшелігіне топтастыра алуын саралау

Қ.Б:мадақтау арқылы,

топтар бір-бірін кері байланыс беру арқылы бағалайды,

көңілді смайлик арқылы,

жұптар бір-бірін жұлдызша арқылы бағалайды

Топтық және оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу