1. _Қазақ тіл¦ 3 сынып_5 бөлім_78-сабақ Өнер _Зат есімнің тәуелденуі


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Қазақ тілі

Бөлімі: 5 Өнер

Тақырыбы: №78.Зат есімнің тәуелденуі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату;

3.2.6.1 мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін/стилін (көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін)/жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу.

 Сабақтың

 мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады:

  • мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды
  • тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды
  • түбір сөзге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасайды
  • үлгі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

Оқушылардың көбі жасай алады:

  • мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
  • тірек сызбаларды басшылыққа алып, мәтін түрлері/стилі/ жанры бойынша ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықтайды
  • туынды сөздердің құрамына ажырата алады
  • тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

  • мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады;
  • мәтіндердің ұқсастығы мен ерекшеліктерін сипаттайды
  • туынды сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады, туынды сөз жасайтын жұрнақтарды атай алады
  • зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;

Бағалау

критерийлері

  • Мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды
  • Көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтіннің жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды
  • Туынды сөз жасап, түбірлес сөздердің мағынасын ажыратып және тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі

 Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Тәуелдік жалғаулар, жақ, жекеше, көпше

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Ақ ши туралы не біліеміз?

-Ораулы ши қандай болады?

-Киіз үй, шиде қандай суреттер бейнеленген?

 Құндылықтар

Ұлттық ою-өрнекті таныта отырып, қазақтың қол өнерін үйренуге тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

дүниетану

Алдыңғы меңгерілген білім

Жекеше және көпше түрде тәуелдеп жаза алады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Дереккөздер

Сабақтың басы

1 минут

5 минут

.) Шаттық шеңбер «Көрші»

Оң жақ көршіңмен амандас

Сол жақ көршіңмен амандас

Оң жақ көршіңе бір жымиып,

Сол жақ көршіңе жымиып- ду қол шапалақта.

3.4.2.2 (Т.Ж) Өткен сабақты пысықтау

Ақ ши және ораулы ши туралы дереккөздерден жазу.

-Ақ ши туралы не біліеміз?

-Ораулы ши қандай болады?

Оқушыларды «Ақ ши», «Ораулы ши», «Шым ши» деп үш топқа біріктіріп. Әр топ өз атауларын үш жақта тәуелдеп жазып беру. Қай топ аз уақытта дұрыс жазып берсе жеңімпаз атанады.

-Киіз үй, шиде қандай суреттер бейнеленген? (ою)

-Бүгінгі сабағымызда қазақтың ою-өрнектері туралы білетін боламыз.

Тақырып пен мақсатпен таныстыру

Слайд 3

Слайд 4

Сабақтың ортасы

8 минут

5 минут

5 минут

6 минут

3.2.6.1, 3.2.4.1 (Ұ) 1-тапсырма «Екі түрлі түсніктеме күнделігі» әдісі

Мәтінді түсініп оқы.

Бөліктің оң жағына

Бөліктің сол жағына

Төмендегі тақырыптардың қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді?

1.«Әр өрнектің атауы »

2.«Қазақ ою-өрнегінің тарихы»

3.«Жан-жануарлар ою-өрнегі»

4.«Сақ-скифтердің «аң бейнелі» өнері»

Мәтіннің жанрын анықтап жаз

1. Көркем мәтін

2.Ғылыми-танымдық мәтін

Дескриптор:

-мәтінді түсініп оқиды

-мазмұнына қарай тақырып таңдайды

-мәтіннің жанрын анықтайды

Қ.Б: мадақтау арқылы

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

3.4.2.2 2-тапсырма (Ж) «60 секунд» әдісі

Жылдам орындау және дұрыс ережеге сай жазу

Өрнек сөзін жекеше, көпше түрде тәуелдеп жаз.

Жақ

Жекеше

Көпше

І жақ

ІІ жақ

ІІІ жақ

Дескриптор:

-өрнек сөзін жекеше түрде тәуелдейді

-өрнек сөзін көпше түрде тәуелдейді

Қ.Б: қызыл, жасыл, сары оюлар арқылы

Саралау: «Қарқын» тәсілі Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

3.4.2.2 , 3.4.2.1 3-тапсырма (Ж.Ж) «Ойлан, тап» әдісі Жұмбақты оқып, шешуін тап. Тәуелденген сөздерді тауып, оларды үш жақта, жекеше және көпше түрде айт.

Тарағым бар-

Таранбаймын,

Орағым бар –

Ора алмаймын.

Сақалым бар, ал бірақ

Мен ақсақал бола алмаймын.

Дескриптор:

-жұмбақтың шешуін табады

-үш жақта жекеше, көпше түрде айтады

Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы

Саралау: «Қорытынды» тәсілі Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады

3.4.2.2 (Ж) 4-тапсырма Шығармашылық жұмыс

Тоқыма торға зер салып қара. Шебер тоқыма торды тоқыған кезде әртүрлі ағаштарды пайдаланған екен. Тиісті әріптерді қойсаң, ол қолданған ағаш түрлерін оқисың.

  • Шыққан ағаш түрлерін тәуелдеп жаз.

Дескриптор:

-ағаш түрлерін анықтайды

-ағаш түрлерін тәуелдеп жазады

Қ.Б: жұлдызша арқылы

Слайд 5

Қосымша 1

Слайд 6

Қосымша 2

Слайд 7

Слайд 8

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия.

«Жетістік баспалдағы»

Өте жақсы түсіндім

Жақсы түсіндім

Түсіндім

Аздап түсіндім

Түсінбедім

Үй тапсырмасы: 51-жаттығу

Слайд 9

Слайд 10

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Диалог және қолдау көрсету» тәсілі Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек қажет болады.

«Қарқын» тәсілі Кейбір оқушылар басқаларына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

«Қорытынды» тәсілі Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болады

Қ.Б: мадақтау арқылы

Қ.Б: қызыл, жасыл, сары оюлар арқылы

Қ.Б: жұптар бір-бірін бас бармақ арқылы

Қ.Б: жұлдызша арқылы

Кері байланыс«Жетістік баспалдағы»

Топтық және оқу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу