Өнер Зат есімнің тәуелденуі Презентация


Қазақ тілі

3 -сынып

5 -бөлім 79-сабақ

Зат есімнің тәуелденуі

(Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық 2-бөлім «Атамұра» 2018ж.

Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас )

Бағалау критерийлері:

Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін түрлерін жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады;

Фотосуреттер пайдаланып, мәтін құрады

Тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі

Шаттық шеңбер

Қуанамын мен де

Қуанасын сен де

Қуанайық достарым

Арайлап атқан күнге

Миға шабуыл

Сөзжұмбақ «Әріптерді қосып оқыңдар»

Төмендегі әріптерге сол жағындағы дауыссыз дыбыс әріптерінің ортасына немесе алдына, соңына, оң жақтағы дауысты дыбыс әріптерін қосып оқыңдар. Сонда мақал шығады.

(М.К Ұ) 3.2.6.1 52-жаттығу «Данышпан үкілер» әдісі

1.Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Екі мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрыңғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

2. Маңызды өмірлік даналық

Екі мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

3. Таныс және таныс емес.

Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

4. Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б арқылы бейнелеп көріңіз.

5. Үлгі боларлық қорытынды

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

6. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Екі мәтіннің жанрын анықта ( көркем мәтін, ғылыми-танымдық мәтін). Текемет қай мәтінде нақты, қай мәтінде бейнелі сипатталған?

(Ж.Ж) 53-жаттығу «Салыстыр» әдісі

Оқы. Түбір сөздерді тәуелденген сөздермен салыстыр.Түбір сөздер тәуелденгенде қандай өзгеріс байқадың? Бұл сөздердің жазылуын есіңе сақта.

Осы тәуелденген сөздермен сөйлем құрастырып айтып көр.

(М.К) Ереже: Тәуелдік жалғау жалғанғанда түбір сөздің соңындағы қатаң п, к, қ дыбыстары ұяңға өзгереді:

доп-добы, жүрек-жүрегі, қалақ-қалағы.

Тәуелдік жалғау жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: халық-халқы, әріп-әрпі.

Сергіту сәті: «Егіздер ме?»

Төменде берліген заттар бір-біріне қалай ұқсайтындарын түсіндір. 1. Жемпір / көрпе

2. Жел / су

3. Балық / сабын

4. Қуыршақ /сабын

5. Жаңбыр / көз жасы

6. Арыстан / бүркіт

7. Тарақ / ара

8. Көктем / жастық шақ

9. Сұлы / нан

3.3.4.1 (Ж) «Суретті сөйлет» әдісі

Суреттің және тірек сөздердің көмегімен «Ісмер» тақырыбына мәтін құрастырып жаз. Құрастырылған мәтінніңнен тәуелдеулі сөздерді тауып, астын сыз.

Тірек сөздер: тұскиіз, бөлме қабырғасын сәндеу, ұлттық жиһаз, ісмер, түсті жіп, кестелеу, ұсақ моншақтар, алтын зерлі жіп, өрнек, сән беру.

КЕРІ БАЙЛАНЫС:

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

Үйге тапсырма: 54- жаттығу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу