алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 4-бөлім Сәулет өнері Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Сәулет өнері

Сынып:3 А

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н. З.

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу.

Еліміздегі ерекше көпірлер. Тура және ауыспалы мағыналы сөздер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.4.1өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

3.2.2.1 тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

 Сабақ мақсаттары

өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау

тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

 Бағалау критерийлері

  • мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтайды;
  • тура және ауыспалы сөздерді ажырата алады

 

 Сөздік қор

нысан, аспалы көпір, діңгек, шоғыр сым

 Құндылықтарды дарыту

Топтық, жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бойында достық,жолдастық, сыйласымдылық, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру;

Өздеріне деген сенімдерін,жұмыс орындау барысында жауапкершілікті арттыру;

 Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы

 және жаһандық азаматтықтың

 іске асуы

  • Еліміздің мәдениетін салт-дәстүрін құрметтеуге үйренеді
  • Алған білімді өмірде қолдануға үйренеді

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

 АКТ

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді біледі.

Сабақ барысы

Сабақ

тың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың мақсатымен таныстыру

  • мәтіннің тақырыбын, негізгі ойын анықтаймыз;
  • тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажырата аламыз.

Психологиялық дайындық

Презентация

Сабақ ортасы

35 минут

Оқиық

«Алдын ала берілген атаулар» әдісі

Сабақ барысында жаңа тақырып бойынша тақтаға «Ерекше құрылыс нысаны», «Аспалы көпір», «Асфальтты көпір», «Семейдегі аспалы көпір» деген тақырыптар тақтаға жазылады. Оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және мәтінмен қатынасы мен байланысы туралы ойлауын, содан кейін біреуін таңдап, таңдаған себебін мәтінге сүйеніп түсіндіруін сұрайды. Мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдайды.

(Т) Ойымызбен бөлісейік.

«Сұқ саусақ» стратегиясы арқылы оқушылардың сұраққа жауап беруін қамтамасыз етеді. Яғни, бір оқушы ортаға шығады. Қалған оқушылар шеңберде тұрады. Ортаға шыққан оқушының көзін байлап, бір айналдырады. Айналғаннан кейін сұқ саусағы арқылы бір баланы көрсетеді. Сол балаға өз сұрағын қояды.

Сұрақтар оқулықта берілген.

  •  Мәтін не туралы?
  •  Мәтінде көпір туралы тағы не айтылған?
  •  Көпірдің ерекшелігі туралы қай сөйлемде айтылған?

Мәтіннің тақырыбы мен ерекшелігін байланыстырып оқы. Ол мәтіннің негізгі ойы бола ала ма? Ойыңды айт

Анықтайық

Мәтінге қай тақырып сәйкес келеді?

Біреуін таңда. Неге бұл тақырыпты таңдадың?

Себебін түсіндір.

а) Ерекше құрылыс нысаны.

ә) Аспалы көпір.

б) Асфальтты көпір.

г) Семейдегі аспалы көпір.

(Т) Жазайық.

Тапсырманы «Фрейер моделі» әдісін қолдану арқылы орындау. Бұл әдістің кестесі болады. Берілген сөздердің тура және ауыспалы мағыналарына мысал келтіріп, сөйлем құрап, сол кестені толтырады.

«Фрейер моделі»

Ықтимал жауаптар.

Бет – адамның беті (тура), көлдің беті, кітаптың беті (ауыспалы); жүз, келбет (синоним).

Көз – адамның көзі (тура), күннің көзі (ауыспалы), жанар (синоним).

Терең – терең су (тура), терең білім (ауыспалы), таяз (антоним).

Дифференциация: Егер кейбір оқушы қажет деп есептесе, оларға сөздің тура мағынасы мен ауыспалы мағынасына мысалдар келтіріп қолдау көрсетіледі

Тексерейік

Жазған сөйлемдеріңді тексер. Сөйлемді қалай толықтыруға болады?

Сыныптағы жұмысты басқару.

Оқушыларға «Түсіндірме сөздіктің» қажет беттерінің нөмірін тақтаға жазады.

Білімді бекітуге арналған тапсырма

«Шұғыл есте сақтау»

Тақтаға тақырыпқа байланысты жеті сөз жазылады. Сонан соң екі­үшеуін өшіріп тастап, өшірілген сөздерді оқушылар жылдам айтып қайталайды. Егер жылдам сол сөздерді есте сақтап айтып бере алса, ұпай жинайды.

«Ерекше құрылыс нысаны», «Аспалы көпір»,

«Асфальтты көпір», «Семейдегі аспалы көпір» тақырыптары жазылған парақшалар;

«Түсіндірме сөздік

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

  • Қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға жауап беруге, тапсырманы орындауға көмектеседі.
  • Оқушыларға алдымен оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру үшін ойлануға уақыт беремін, жекелеген оқушылардан сұраймын.
  • Жазайық тапсырмасы бойынша түсінбеген тұстары болса, жекелеген оқушылардың жанына барып түсіндіріп кетемін.
  • Топта жұмыс жасалған уақытта барлық оқушылардың жұмыс жасауын мұқият қадағаланады.
  • Шағын топтардағы оқушылардың жауаптарын дәлелдеу кезінде жетелеуші сұрақтар қойып отырамын

«Оқиық» тапсырмасы «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалау;

«Ойымызбен бөлісейік» Tоптық жұмыс тапсырмасы шапалақтау арқылы бағалау;

«Жазайық» тапсырмасын смайлик арқылы бағалау: өз ойларын жүйелі жеткізіп, байланыстырып сөйлей білген, сауатты жаза білген оқушыларға беріледі;

  • Сергіту сәті өткізіледі.
  • Сабақ барысында кеудені партаға дұрыс отыру ережесі қайталанады;
  • Көзге арналған жаттығу жасалады

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:Сабақта оқушылар көптеген қызықты мәліметтер алды. Әміре Қашаубаевтың өмірімен оның шығармашылығымен таныса отырып, Кестені толтыр

2:Cалыстырайық

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?

Қос жазба әдісі


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
» Әскерде өзіне қол салған сарбаз туралы тың дерек шықты 23.01.2023
» Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады? 23.01.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы