Қазақ тілі және әдебиеттік оқу.3 сынып. 4-бөлім.Сәулет өнері.Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу.Қысқа мерзімді жоспар


Пән:қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім:

Сәулет өнері.

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу.Шығыс моншасы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату .

Сабақ мақсаттары

мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтай алады;

түбірлес сөздер туралы білетін болады.

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

Мәтінге тақырып қояды;

Негізгі түбірден туынды сөз жасайды;

Сөздік қор

суағар, оттық, тапшан, отырғыш, шамдал

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың қызығушылықтары артады, жаңа түсініктер арқылы бұрынғы білімін толықтырады, кеңейте түседі.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы

және жаһандық азаматтықтың

іске асуы

Оқушылap oқылым дaғдылapын дaмытады, түбірлес сөздер туралы білімдерін бекітеді.

Пәнаралық байланыстар

Жартылыстану

ИВТ

Презентация

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқулық: 42–43 беттер. Жұмыс дәптері: 60­бет

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Презен тация

Сабақ ортасы

35 минут

Ойымызбен бөлісейік!

Бұл тaпcыpмa сыныппен opындaлaды. Бұл тапсырмаға «Ереуіл» әдісі таңдалады. Сабаққа кіріспе жасау бойынша бар білімдерін жи- нақтау үшін, идеяларымен бір­бірімен бөлісу үшін

-Сурет туралы қандай екі мәлімет білесің?

-Сурет туралы тағы қандай екі мәлімет білгің келеді?

Содан кейін оларға стикерлер немесе түрлі­түсті қағаз бен желім таратып беріледі. Олардан қосымша құралдарды қолдана отырып, митинг транспарантын жасауды сұрау. Транспаранттарға қойылған сұрақ бойынша идеяларын жазады. Оқушылар бейбіт ереуілге шығып, сыныпты аралап жүріп, өз идеяларымен бөліседі.

Жaуaптap: Бұл – Түркістан қаласында мәрмәрдан салынған өте ерекше шығыс моншасы, сәулет өнері ескерткіші.

Оқушылар шынайы ереуіл атмосферасы болуы үшін өз тұжырымдамаларын дауыстап қайталап айтып жүрулеріне болады.

Оқиық.

Осыдaн кeйiн оқушылар кeлeci сурет пен мәтінді caлыcтыpу тaпcыpмacын opындaуғa дaйын бoлaды. Тапсырма жұппен орындалады.

Тапсырманы орындату үшін INSERT әдісін қолдану. Мұғaлiм oқушылapды тaпcыpмaның шapтымeн мұқият тaныcтыpу. Бұл әдіс бойынша оқушыға оқу барысында

V – «білемін», — – «мен үшін түсініксіз», + – «мен үшін жаңа ақпарат», ? – «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

Жұп iшiндe шығыс моншасы туралы мәтiнді зерттеп oқиды. Оқып бoлғaннaн кeйiн мәтінге ат қояды. Ол үшін әр оқушы тақырып болатын өз нұсқасын ұсынады, жауабын мәтінге негіздеп дәлелдейді. Мәтіннің негізгі ойын анықтау үшін қорытынды сөйлемді тауып, талқылайды.

Ықтимал жауаптар: «Мәрмәр монша», «Ғажайып монша», «Шығыс моншасы», тағы басқа.

Capaлaу: Дифференциация. Жұптық capaлaу: жұпқa қaбiлeтi әpтүpлi oқушылap бipiктipiлeдi.

Оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге нәтижелі әрекет ету үшін қабілеттері әртүрлі оқушыларды бір жұпқа біріктіреді.

Анықтайық.

«Анықтайық» aйдapындағы тапсырма – оқылым тапсырмасынан кейін талқылау үшін орындалатын тапсырма. Бұл тaпcыpмaдa oқушылap opтaқ мaқcaтқa нeгiздeлгeн әpeкeттepдi opындaуғa бeйiмдeлeді. Тoппeн жұмыc кeзiндeгi қaтыcым әpeкeтiндe өз пiкipiн дәлeлдi, дәйeктi, түciнiктi жeткiзугe дaғдылaнaды.

Тапсырма сыныппен орындалады.

Тапсырманы орындату үшін «Кездесу сағаты (Clock buddies)» әдісін қолданады. Оқушыларды алдымен тапсырманың шартымен таныстырады:

-Суреттерде не бейнеленген?

-Бұларға ортақ не бар? Мәтінге қандай да бір байланысы бар екенін дәлелдеу үшін екі мысал келтір.

Оқушыларға басып шығарылған «Кездесу сағаты» жұмыс парағын тарату немесе ақ параққа өздерінің салуын сұрау. Содан кейін оқушы- ларға сағаттың әр уақытының жанына сыныптастарының бірінің атын жаздыру. Оларға мұғалім атаған сағатта сол уақытқа кездесу белгіленген сыныптасының жанына барып, суреттерде не бейнеленгендігін, мәтін мен суретке ортақ не бар екендігін, дәлелдеу үшін қандай екі мысал келтіруге болатындығы туралы сөйлеседі. Мұғалім белгілі уақыттарды атаған сайын олар, сол уақыттың жа- нында белгіленген сыныптасының жанына барып әңгіме жүргізеді. Осылайша сыныптағы барлық оқушы жеткілікті мәліметпен танысады.

Жaуaптap: Ортағасырлық шығыс моншасы, қазіргі заманда бұл заттар көнерген болып есептеледі, бұл құралдардың жетілдірілген түрлері қолданыста жүр: құман, леген, отырғыш; шамдал.

Егер уақыт шектеулі болса, сыныптастарының атын тек тақ немесе жұп сандардың жанына жазуды сұрауға болады.

Бұл тапсырма арқылы негізгі түбір сөзге жұрнақтарды түрлендіріп жалғау арқылы бірнеше туынды сөз жасау туралы білім- дерін кеңейту.

Тапсырма жұппен орындалады.

Тaпcыpмaны орындатпас бұрын жұрнақтың қызметін сұрақ­жауап арқылы мысал келтіре отырып, оқушылардың есіне түсіру. Бір түбірден бірнеше сөз жасауға болатынын түсіндіру. Содан кейін әр қатардағы сөздерді құрамына қарай талдауды бірге орындайды. Талдау барысында әр қатардағы сөздер бір түбірден жасалған түбірлес сөздер екенін, жұрнақ жалғанған сайын сөздің мағынасы да өзгеретіндігіне көз жеткізеді.

Жауаптар: суар – қимылды білдіреді; сушы – адамға қатысты сөз; сулық, сусын – заттың аттары.

таза: тазала, тазару – қимыл­әрекетті білдіретін сөздер; тазалық – заттық ұғымды білдіреді.

Саралау. Ресурс арқылы саралау. Кейбір оқушыларға бір түбірден бірнеше сөз жасаудың мысалын бере алады.

Мысалы, сәулет+ші, сәулет+кер; ал+ғыр, ал+ым, ал+ыс, ал+ғыс;

біл+ім, біл+ік, біл+гіш, біл+гір, біл+ім+ді; сез+ім, сез+гіш, сез+ік;

көр+ік, көр+гіш, тік–ім.

Мұғaлiм оқулықта берілген түбір сөздер мен қосымшаларды карточка ретінде қатты қағазда оқушы санына сай әзірлеу.

Оқушылардың түбірлес сөздер туралы білімдерін бекіту.

Тапсырманы топпен орындау.

Мұғалім сынып оқушыларын шағын жұмыс топтарына бөледі. Әр топқа бір конверт дайындайды да, ішіне бір мақалдан салады. Топтағылар тапсырманы орындауға уақыт белгілегеннен кейін конвертті ашып, ішіндегі тапсырманы топпен орындауға кіріседі. Мынадай ретпен орындалады:

1) Мақалдардан түбірлес сөздерді табады.

2) Оларды дәптерге көшіріп жазады, құрамына қарай талдайды.

3) Түбір және жұрнақты тиісті белгімен белгілейді.

Жауаптар: Өнер­лі, өнер­сіз, біл­ім­ді, біл­ім­сіз.

Дифференциация.

«Шұғыл есте сақтау» (Мұғалім сөздер қатарын өзгерте алады)

Тақтаға түбірлес сөздер жазылады.

Олар: қол: қолғап, қолдау; жаз: жазғы, жазу, жазғыш.

Сонан соң екі­үшеуін өшіріп тастап, өшірілген сөздерді оқушылар жылдам айтып қайталайды. Егер жылдам сол сөздерді есте сақтап айтып бере алса, ұпай жинайды.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін тексеру және 7­9 беттердегі кіріспесінен тиісті формативті бағалау стратегиясын таңдау.

ҚБ тапсырмасын орындату.

Тапсырма

Өлеңнен туынды сөздерді теріп жаз.

Әкем менің қауыншы,

Анам менің сауыншы.

Әжем менің тігінші,

Атам менің егінші.

Ағам болса ол ұста,

Бәрі-бәрі жұмыста.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де мектепке.

Берілген сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жаса.

Ас ............ Өнер .......

Оқу .......... Сайыс .......

Саз......... Бала .......

ДескрипторБілім алушы

-өлеңнен туынды сөздерді теріп жазады;

-берілген түбір сөздерден туынды сөз жасайды;

- түбір сөзге тиісті жұрнақ жалғайды.

Стикер лер немесе түрлі түсті қағаз, желім, «Кез- десу сағаты» жұмыс парағы немесе ақ парақтар

Сабақтың соңы

2 минут

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Сергіту сәті орындалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу