Қазақ тілі және әдебиеттік оқу.3 сынып. 4-бөлім. Сәулет өнері.Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу.Қысқа мерзімді жоспар


Пән:қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім:

Сәулет өнері.

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Нукербаева А.К

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Қызық оқиғалары бар көркем шығармаларды тыңдау және оқу.Көне қалалар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

 3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

 3.4.2.1 негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

Сабақ мақсаттары

мәтін мазмұны бойынша пікір білдіретін сұрақ құрастырады;

сұрақтарға жауап береді; туынды сөздерді табады.

Бағалау критерийлері

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;

Негізгі түбірден туынды сөз жасайды;

Сөздік қор

Шаһар, өркениет, теңгехана, ескерткіш

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдылары жетіледі. Берілген тапсырманы тыңғылықты орындауға дағдыланады, оқылым дағдысы қалыптасады, өзгенің көзқарасын білу мақсатында сұрақтар құрастырады, басқалардың сұрақтарына жауап беру арқылы өз пікірлерін білдіруге үйренеді, сөздік қоры байиды.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы

және жаһандық азаматтықтың

іске асуы

Тапсырманы орындау арқылы оқушылар туынды сөз туралы білімдерін қайталайды, сөздердің мағынасын ашу арқылы оқушыларға оқылатын мәтіннің мазмұнын түсінуге мүмкіндік жасалады. Туынды сөз туралы білімдері кеңейеді.

Пәнаралық байланыстар

жаратылыстану пәні

ИВТ

Презентация

Сабақ барысы

Сабақтың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқулық: 36–37 беттер. Жұмыс дәптері: 57­бет

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Презен тация

Сабақ ортасы

35 минут

Сөздердің мағынасын анықтайық.

Бұл тaпcыpмa тoптa opындaлaды. Топтағы оқушының біреуі хатшы болады, қалғандары ақпарат тасушы болады. Сабаққа алынған тірек сөздердің мағыналары сынып бөлмесінің әр жеріне жапсырылып қойылады. Хатшы партада отырып, топтағылардың әкелген хабарламаларын қағазға түсіріп (жазып) отырады. Барлық ақпаратты тасып жазып болғаннан кейін топтағылар бірігіп отырып, жазғандарын тексереді. Сөз мағыналарының анықтамалары дұрыс жазылғандығына көз жеткізеді.

Жауаптар: шаһар – қала, халық шоғырланып қоныстанған орталық өркениет – мәдени дамуы қалыптасқан қала, ел

теңгехана – теңге жасалатын орын

керуен сарай – алыс жол жүріп келе жатқан саудагерлердің керуені тоқтайтын орын

кереге – ағаш (киіз) үйдің қабырғалары, жіңішке сырықтардан тор көз етіп жасалады

Топ арқылы саралау:

топ ішінде рөлді бөліп алу (хатшы, ақпарат тасушы, дұрыстығын тексеру)

Сабаққа алынған тірек сөздердің анықтамаларын сабақ басталмастан бұрын сынып бөлмесіндегі қабырғаға, есіктің жақтауына, есікке, терезенің жақтауына, жиһазға, тақтаға, т.б. жерлерге жапсырып қояды.

Бұл тапсырма мәтін мазмұнына байланысты сұраққа жауап іздеу үшін мәтінді оқи отырып, оқушының оқылым дағдысын қалыптастырады. Тапсырманы орындату үшін алынған әдіс оқушыларға мәтінді өзара бірлесе оқу кезінде сұрақтарды қолдануға және сыни ойлауға мүмкіндік береді.

Тапсырма сыныппен орындалады.

Тапсырманы «Сократтық семинар» әдісін қолдану. Ол үшін оқулықта берілген мәтін мазмұны бойынша құрылған ашық сұрақтарды пайдаланады. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар мазмұны таныстырылады. Сұрақтар оқушыларды тақырыпқа байланысты және мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге жетелейді.

Ортаға бір оқушы «Сократ» болып шығады. Ал қалған оқушылар шеңбер құрып оны қоршап отырады. Оқушылар «Сократқа» сұрақтар жаудырады. «Сократ» берілген сұрақтарға ойланбастан, мүдірмей жауап беруі тиіс.

– Сығанақтағы ең қызықты екі орын деп нені атар едің?

– Әңгімелеуші не себепті Сығанаққа барғысы келді?

  • Сығанақ қаласы мен өзің тұратын жерді қалай салыстырар едің?

Ықтимал жауаптар.

Жерден керегелері шығып тұрған ғимараттар және теңге шығаратын теңгехана (оқушылар басқа да ғимараттарды атауы мүмкін).

Сұрайық, жауап берейік!

Бұл тапсырма алдыңғы тапсырманың жалғасы, оқушылар оқылған мәтін мазмұны бойынша өзгенің көзқарасын білу мақса- тында сұрақтар құрастырады, басқалардың сұрақтарына жауап беру арқылы өз пікірлерін білдіруге үйренеді.

Тапсырма жеке және жұппен орындайды.

Сұрақтың үлгісі беріледі. Оқушылар жеке отырып, мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырады. Мұғалім оқушыларға сұрақтың жауабы «иә» немесе «жоқ» деген жауапты талап ететіндей болмау керектігін ескертеді. Сұрақ құрастыру үшін мәтіннен бөліп алған тірек сөздері мен сөз тіркестерін пайдалануды ұсынады. Одан кейін оқушы өз бетімен сұрақ құрастырады. Барлық оқушы сұрақтарын құрастырып болғаннан кейін оқушыларды жұпқа бөледі. Одан кейін жұппен бірге құрастырған сұрағын талқылайды, бір­біріне сұрақ қойып, жауап береді. Сұрақ құрастыру барысында оқушылардың өз мәліметтерін пайдалануға болатындығы немесе өз қалауларынша мәтіннен басқа сөзді қолдануына болатындарын, сонымен қатар егер қажет деп тапса, сұрақ қою үлгілерін де қолдануға болатынын ескерту.

Саралау. Ресурс бойынша саралау.

Оқушыларға қолдау көрсету үшін сұрақ құрастырудың үлгілері беріледі.

Үлгілер: Жіңішке сұрақ:

-Олардың тарихи саяхаты қалай аяқталды? Жуан сұрақ:

-Саяхаттың басқаша аяқталуын елестете аласың ба?

Тапсырма топпен орындалады.

Көне қала Сығанаққа жасалған саяхат туралы мәтінде бірнеше туынды сөз қарамен жазылған. Осы сөздерді әр топқа бір­бірден бөліп беріледі. Топтағылар мәтінде қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдайды, мағынасын түсіндіреді.

Жауаптар: теңге­хана, кітап­хана, қаз­ба, ескерт­ кіш.

Саралау.

Тапсырманы бұрын аяқтаған оқушыларға –хана, ­ба, ­бе, ­па, ­пе, ­ма, ­ме жұрнақтары арқылы жасалатын сөздерді табу тапсырылады. Кейбір оқушылар осы сөздерге ұқсас туынды сөздерді атайды.

Cыныпты ұйымдacтыpу бoйыншa кeңecтep. Оқушыларды отырған орындарына қарай ыңғайлы етіп төрт топқа топтастыру.

Тапсырма топпен орындалады.

«Бала, сыйлық, оқу, тазалық, тату, балалық, татулық, сый, оқулық» деген сөздерді әр топқа бөлініп беріледі.

1­топқа – бала, балалық.

2­топқа – сый, сыйлық.

3­топқа – тату­татулық.

4­топқа – оқу, оқулық.

Топтағылар берілген сөздердің түбірі мен жұрнағын тауып, мағынасына қарай қандай сөз жасалғанын талдайды, түсіндіреді.

Жауаптар: Бала­лық, сый­лық, тату­лық, оқу­лық

«Жазайық» айдарындағы тапсырманы орындау арқылы оқушылар туынды сөз туралы білімдерін бекітеді.

Тапсырманы жеке/жұппен/сыныппен орындау.

Бұл тапсырманы орындату үшін «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолдану. Тапсырманың мәтіннен туынды сөзді тауып, дәптерге жазып, құрамына қарай талдауды, түбір және жұрнақты тиісті белгімен белгілеу туралы нұсқауы таныстырылғаннан кейін әрбір оқушы берілген уақыт ішінде орындайды. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2­3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрайды.

Жауаптар.

Мәтіндегі туынды сөздер: археология-лық, ор-та­лық, ортағасыр­лық, ескерт­кіш, сәулет­ті.

Дифференциация. «Сұрақтар жаңбыры»

Оқушылар топтарға біріктіріледі. Олар парақтарға сұрақтар жазып, басқа топқа лақтырады. Ал сол топтың лақтырған сұрағына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы сол жауаптан сұрақ тудырып, әрі лақтырады. Ойын солай жалғасады.

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін тексеру және 7­9 беттердегі кіріспесінен тиісті қалыптастырушы бағалау стратегиясын таңдау.

Тірек сөздер

дің анықта

малары

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Сергіту сәті орындалады.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу