1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№4сабақ_Сөздердің айтылуы мен жазылауы_КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:

Тарау: Уақыт

Сабақ тақырыбы: 4-сабақ.

Сөздердің айтылуы мен жазылуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жангазакова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу;

3.3.2.1 өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту керектігін біледі;

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.

Оқушылардың көбі:

- - сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;

- қызығушылықпен тыңдап, сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді;

- сөйлем құрылысын сақтап, іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.

Оқушылардың кейбірі:

- кейбір сөздердегі қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндестігін сақтап айтады;

- қызығушылықпен және комментарий айта отырып тыңдайды, түрлі жағдаяттарда жүйелі, сөйлеу мәдениетін сақтап сөйлейді

- болған оқиғаны сипаттап күнделік жаза алады.

Бағалау критерийлері

- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;

- сұхбаттасының айтқанын тыңдап, сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысады;

- үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза алады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөздердің жазылуы мен айтылуы, жыл басы, орфография заңы уақыт.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Ертегіні тез түсінуге не кедергі болып тұр?

- Ертегі қалай басталады?

- Әтештердің төбелесу себебі неде?

- «Таласқанға тас та жоқ» дегенді қалай түсінесің?

- Осы әтештер сияқты мінез көрсететін оқушылар бар ма?

- Оларға қандай ақыл-кеңес бересің?

Құндылықтар

Қоршаған ортада сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтуға баулу. Қоршаған ортада өзін-өзі ұстау мәдениетін сақтау.

Алдыңғы меңгерілген білім

Түрлі жағдаятта сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатыса алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) «Жүгіртпе» жаттығуы

Мұғалім жүгіртпе сұрақтарды қояды, бірінші болып қол көтерген оқушының жауабы тыңдалады. Дұрыс болмаса басқа оқушы түзетеді:

1. Таңертең нешеде тұрасың? (сағат 07.00-де)

2. Таңғы асты нешеде ішесің? (сағат 07.20-да)

3. Мектепке нешеде келесің? (сағат 07.50-де)

4. Аптаның қай күндері үйірмелерге барасың? (дүйсенбі, бейсенбі)

5. Кезек соңын қалай сұрайсың? (Кезектің соңы кім?)

6. Киноға аптаның қай күні барасың? (жексенбі). Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Презентация слайды

Сабақтың басы

Негізгі бөлім

5-10 минут

10-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

3.1.7.1 «Ойлан-жұптас-бөліс»

Естілуінше жазылған сөздерді орфография заңы бойынша жазып, себебін түсіндіріңдер.

Жажса, сөшшен, шенше, Божжігіт, Ақпала, ұшқышшың, Дошшан, көб жер, көреге жоқ.

Сөздерді жазылуы және айтылуы бойынша екі бағанға бөліп жазу.

Жанбай-Жамбай, Егінбай-Егімбай, Тоғанбек-Тоғамбек, Жанболат-Жамболат, Жаманбек-Жамамбек.

Үлгі:

Жазылуы Айтылуы

Жанқожа Жаңғожа

3.1.3.1 (Ж,Т) «Жұптас-топтас-бөліс» Сұхбат құрастыр

1-топ. Кино – 16.00-17.30

2-топ. Үйірме жұмысы – 15.30-16.00

3-топ. Бос уақыт – 16.30-18.00

4-топ. Сабақ дайындау – 19.00-20.00

Үлгі:

- Сәлем, Әлия!

- Сәлем, Айнұр!

- Әлия, бүгін сабақ нешеге дейін болады?

- Сағат сегізден екіге дейін болады.

( Ж). Оператормен диалогті қалпына келтір.

- Қайырлы күн! Алматы ___________ Астана_________ ____________ пойыз қай күндері ?

- Алматыдан Астанаға пойыздар _________ жүреді.

- Сағат ______________ ?

- Кешкі сағат (19.30) _________ жүреді.

3.3.2.1 (Ж) Сағат нешеде? Сөйлемдерді толықтырып жаз.

«Жас режиссер» клубы (дүйсенбі-жұма, 10.00-14.00) – _______________________________

__________________________________

Менің анам (дүйсенбі-сенбі, 09.00-18.00) – _______________________________

__________________________________

Үлгі: «Байқоңыр» кинотеатры бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері сағат 12-ден кешкі 18-ге дейін жұмыс істейді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Белді бекем буайық.

Оң қолыңды сол жаққа,

Сол қолыңды сол жаққа,

Шеңбер жасап бұлғайық.

Жақсылап бір байқа да,

Бес-алты рет қайтала.

(Қ) Ертегіні мұқият оқы. Ертегі бөлімдерін (басы, ортасы, соңы) анықтап, жақша ішіне жазып, төртбұрыш ішіне мәтін бөліктерінің ретін нөмірлеп шық.

Сөйтіп, шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайта-қайта шұқып, жем жегізбей, мазасын алады. Ақырында сұр әтеш ызаланып, шұбар әтешті шоқып қалады. Осыдан соң екі әтеш жүндері үрпиісіп, төбелесе кетеді. Екеуінің де үсті-басы жұлым-жұлым болады. (...)

 Ертеде бір кемпір-шалдың екі әтеші болған екен. Олар қолдарына түскен жемдерін сол әтештеріне беріп асырапты. (...)

 Бұлар таласып жатқанда, көрші үйдегі тауықтың балапандары келіп, жемді түк қалдырмай жеп кетеді. «Таласқанға тас та жоқ» деген мақал осыдан қалса керек. (...)

 Бір күні кемпір құстарына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер жүгіріп келеді. Шұбар әтеш қасында жүрген сұр әтештен жемді қызғанып, бергісі келмейді.

 «Шіркін, мына жемнің бәрін өзім жеп, бір тойсам-ау» деп ойлады. (...)

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Ертегіні тез түсінуге не кедергі болып тұр?

- Ертегі қалай басталады?

- Әтештердің төбелесу себебі неде?

- «Таласқанға тас та жоқ» дегенді қалай түсінесің?

- Осы әтештер сияқты мінез көрсететін оқушылар бар ма?

- Оларға қандай ақыл-кеңес бересін?

Ертегі

Баяғы бір заманда бір билеуші он екі жылды бір мүшел деп бөліп алып, әрбір жылға жер бетіндегі хайуанаттардың атын бермек болады. Бұл хабарды естіген есті айуандар қуанып, жыл басынан дәмелі болады. Егер бұл сыйлы орынға ие болса, он екі жылда бір айналып келетін «Жыл басы» деген құрметті атаққа қол жеткізіп, үлкен даңққа бөленіп, мәртебесі артады екен. Сондықтан барлығы оған иек қышытып, іштей көңілдері құлай құмартыпты. Межем сәт туғанда бәрі бір жерге жиналып, жылдың келуін күтіпті. Қалған бәсекелестерінен бойы биік түйе өзінің «Жыл басы» болатынына аса сенімді болыпты. Анда-санда мойнын созып, жыл келетін еңселі белдің арғы жағына қарап қояды екен. Бір кезде желдей есіп жыл келіпті. Бірақ «Жыл басы» деген мәртебелі орын түйеге емес, түйенің табанынан да келмейтін тышқанға бұйырыпты. Бұған түйе аң-таң қалыпты. Сөйтсе жер бауырлаған қу тышқан жыл келетін сәтте жүгіріп ойсыл қараның құлағына шығып алған екен. Жыл алдымен соны көріп, соған тоқтапты. «Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалыпты» деген тәмсіл содан қалыпты. Бұл жайды күн өткен соң білген түйе қатты ашуланыпты. Тышқанға зығырданы қайнапты. Тышқанның інін көрсе, жынын шашып, жүгіріп барып, таптап тастағысы келіп тұратыны содан қалыпты.

Кейін мүшелге кірген жануарлар кеңесіп, Үркерді жерде ұстап тұрмақ болады. Себебі Үркер жерге түскен мезгіл – мамыр, маусым айлары мал жанға жайлы, ал көкке көтеріліп кететін күз, қыс маусымы тиімсіз екен. Содан алғашқы кезек «Жыл басынікі» болғандықтан, тышқан бір ай бойы басып отырыпты. Кезек екінші орындағы сиырға келгенде, Зеңгі баба оқыралап кетіп, Үркерден айрылып қалыпты. Соның салдарынан Үркер жерде қырық-ақ күн тұратын болып, қыс ұзарып кетіпті дейді.

(«Балдырған» журналынан)

Сөздік жұмыс:

Дәмелі болады болғысы келеді;

Иек қышытып – жыл басы болуына тілек тілейді;

Межем сәт туғанда – белгілі уақыт келгенде;

Тәмсіл – нақыл сөз;

Зығырданы қайнапты – ашуы келді;

Жынын шашып – ашу-ызасын көрсетіп.

Ертегі бойынша тапсырма.

1. Ертегіге сәйкес тақырып таңда

А) Жыл аттары

Б) Жыл басы

В) Жылдың келуі

С) Тышқан – жыл басы

2. Ертегіден басты тірек сөздерді тап.

А) Межем сәт туғанда, жыл басы

Б) зығырданы қайнапты, жүгіріп барып

В) Жыл басы, мүшелге кірген жануарлар

С) Үркер, тышқан

3. Ертегіде жауабы бар сұрақты тап

А) Жыл басы болу деген не?

Б) Жыл аттары қалай анықталды?

В) Түйе қалай жыл басы болды?

С) Сиыр қалай жыл басы болды?

4. Ертегіге сәйкес жауапты анықта

А) Он екі ай

Б) Түйе жыл басы

В) Сиыр жыл басы

С) Жыл басы

5. Ертегінің негізгі ойын анықта

А) Тышқан мен түйенің достығы туралы

Б) «Жыл басы» деген мәртебесіне ие болу

В) Бір билеуші он екі жылды бір мүшел деп бөліп алыпты

С) Әрбір жылға жер бетіндегі хайуанаттардың атын бермек болады

(Ө) Әр оқушы болашаққа жоспарын кестені толтырып құрады

Мақсаты: уақытты тиімді пайдалануға үйрену

Аты-жөніңіз:

1

Өзіңіз туралы айтыңыз (қай мектепте оқисыз, сүйікті пәніңіз, қызығушылығыңыз, жетістіктеріңіз)

2

Бір жылдан соң қол жеткізгіңіз келетін жағымды мақсатты ойланыңыз. Кім болғыңыз келеді?

3

Осы мақсатқа жету үшін сіз не істеу керексіз? Ол үшін қандай қадамдар жасау қажеттігін сипаттаңыз.

4

Сіз өз мақсатыңызға жеткеніңізді елестетіңіз, сезініңіз және сол тәжірибені сипаттаңыз. Өзіңізге сырт көзбен қараңыз. Нәтижеге көңіліңіз тола ма? Өзіңізді сырттай көргеніңізге бақыттысыз ба?

5

Осы мақсатқа жетуге не кедергі келтіреді? (уақыт жоқтығы, жалқаулық, адамдар)

6

Өз мақсатыңызға жету үшін бұрынғы мәселелерден қалай құтыласыз? 

7

Сіздің мақсатыңызға жетуге не көмектеседі? (мұғалімдер көмегі, достар)

8

Сіз мақсатқа жеткеніңізді қалай білесіз?

Қосымша №1

Қосымша №2

Қосымша №3

Қосымша №4

Қосымша №5

Қосымша №6

Қосымша №7

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтаймын

Диалогке қатыса аламын

Үлгі негізінде өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік жаза аламын

Үйге тапсырма: «Уақытты тиімді пайдалану» тақырыбына нұсқаулық құрап жазып келу.

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысматематика

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Топтық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлең мазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу