1.Қазақ тілі_3-сынып_3-бөлім_Уақыт_№2сабақ_Сөздердің айтылуы мен жазылауы_КМЖ


Пән: Қазақ тілі

Бөлімі:

Тарау: Уақыт

Сабақ тақырыбы: 2-сабақ.

Сөздердің айтылуы мен жазылуы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жангазакова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

3.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын білдіру;

3.1.7.1 сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл);

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

- басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіруді үйренеді;

- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айту керектігін біледі;

-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді.

Оқушылардың көбі:

- басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын сұрақтарға сүйене отырып білдіреді;

- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазады;

Оқушылардың кейбірі:

- басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіреді және негіздейді;

- кейбір сөздердегі қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндестігін сақтап айтады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады.

Бағалау критерийлері

- басқаның пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіреді;

- сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтайды;

-үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін сақтап жазады;

- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады.

Сөздік қор

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөздердің жазылуы мен айтылуы, уақыт.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

- Байырғы заманда ұзындықты өлшегенде қандай өлшем бірліктері қолданылған?

- Байырғы заманда заттың салмағын өлшегенде қандай өлшем бірліктері қолданылған?

- Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола ма?

- Не себепті кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес деп ойлайсындар?

Құндылықтар

Қоршаған ортада сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтуға баулу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Түрлі жағдаятта сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатыса алады.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 минут

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

«Апталық тілек» ойыны. Оқушылардың қолдарына аптаның күндері жазылған парақ таратылу керек. Ол параққа өздеріне әр күнге бір сөзбен тілектерін жазады.

(Ж) «Уақыт бірлігін өсу ретімен орналастыр»

Ай, секунд, апта, минут, сағат, ғасыр, жыл, тәулік, мыңжылдық сөздері жазылған жұмыс парағын әр оқушы толтырады. Оқушылар жұптасып, тапсырманың дұрыстығын тақтада берілген дұрыс жауаппен салыстырады.

Қосымша №1

Қосымша №2

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

 

5-10 минут

10-25 минут

25-30 минут

30-35 минут

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

(Ұ, Ж) «Жұбыңды тап» ойынына қатысу. Берілген сөздің жұбын табу. Өз жауаптарын дәлелдеу.

Алдын ала сөздер жазылған қима қағаздар дайындалады: «түнеугүні», «алдыңғы күні», «кеше», «бүгін», «ертең», «арғы күні», «дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «жұма», «сенбі», «жексенбі», «қас қағым сәт», «1 секунд», «сүт пісірім уақыт» ,

«5-10 минут», «ет пісірім уақыт», «2-2,5 сағат», «сәске», «күннің бойы көтерілген мезгіл», «екінті», «күн батуға жақындаған мезгіл», «ақшам», «күн батып, шам жағар мезгіл», «биыл», «осы жылы», «былтырғы (өткен) жылы», «1 жыл бұрын», «бұрнағы жылы», «2 жыл бұрын», «одан арғы жылы»,

«3 жыл бұрын», «бұрынғы жылдар», «бірнеше жыл бұрынғы жылдар». Сөз жұптарының дұрыс сәйкестендірілуі қадағаланады.

3.3.6.1 (Ұ,Ө,Қ) «Дүйсенбі», «сейсенбі», «сәрсенбі», «бейсенбі», «сенбі», «жексенбі» сөздерінің айтылуы мен жазылуын салыстыру және жазу. Берілген сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.

Мұғалім үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін сақтап жазу қажеттілігін ескертіп, үлгісін көрсетеді.

Сергіту сәті

Дүйсенбіде доп ойнадық далада,

Сейсенбіде серуен құрдық далада,

Сәрсенбіде сурет салдық әдемі,

Бейсенбіде би биледік әдемі,

Жұма күні жидек тердік даладан,

Сенбі күні кино көрдік клубтан,

Жексенбіде бір ұйықтадық демалдық,

Осылайша өтіп кетті бір апта.

3.1.5.1 Қазақтың байырғы өлшемдері:

http://balakai.kz/sen_bilesin_be/888-azaty-bayyry-lshemder.html

Мұғалім әр оқушыға түрлі өлшемдегі түсті қағаздарды таратады. Оқушылар жұмыс парағында фильмде көрген өлшемдер бойынша анықтайды. Дұрыс жауабын мұғалім көрсетеді.

Оқушыларға талқылауға қойылатын сұрақтар:

- Байырғы заманда ұзындықты өлшегенде қандай өлшем бірліктері қолданылған?

- Байырғы заманда заттың салмағын өлшегенде қандай өлшем бірліктері қолданылған?

- Барлық сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола ма?

- Не себепті кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес деп ойлайсың?

3.1.7.1 К) Ереже

Төмендегі сөздерді салыстырып, айырмашылығын айтындар:

Сенбі – сембі, жексенбі – жексембі, сәнқой – сәңқой.

Түбірдің соңғы –н- дыбысы –б-п- дыбыстарының алдынан келсе, -н- дыбысы айтуда өзгеріп, -м- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. Мысалы: сен+бі – сембі, жексен+бі – жексембі, Жан+болат – Жамболат т.б.Түбірдің соңғы –н- дыбысы –к-қ-г-ғ- дыбыстарының алдынан келсе, айтуда –н- дыбысы өзгеріп, -ң- дыбысына айналады, бірақ жазуда ескерілмейді. Мысалы: түн+гі –түңгі, сән+қой – сәңқой, Аман+гүл – Амаңгүл т.б.

(Ұ,Ө) Сөздерді жазылуы және айтылуы бойынша екі бағанға бөліп жазу.

Жыланбалық-жыламбалық, қашша-қазша, ағүрпек-ақ үрпек, ақ жолақ-ағжолақ, құнамбәйге-құнан бәйге, бағбаңға-бағбанға, ата кәсіп-атагәсіп, ала-құла-алағұла.

Үлгі:

Жазылуы Айтылуы

тұтанбау тұтамбау

(Т) Сөздерді сәйкестендіру. Көрсетілмеген жыл мезгілінің атын табу және дұрыс айту. Кестедегі сөздермен сөйлем құрау.

жаздыгүні

қыстыгүні

күздігүні

қыркүйек

қаңтар

мамыр

ақпан

қазан

желтоқсан

шілде

маусым

қараша

сәуір

тамыз

наурыз

(Т) «Адасқан әріптер» ойыны. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.1. Ж, н, б, а, т, о, л, а. 2. С, р, ә, б, й, н, а, с, е3. Б, й, н, е, б, е, с, а, й

Жауабы: Жанболат, Сәрсенбай, Бейсенбай

Қосымша №3

Қосымша №4

Қосымша №5

Сабақтың соңы

Қорытынды бөлім

35-40 минут

5 минут

Рефлексия

Бағалау критерийлері

Бағалау критерийлері

Қолымнан келеді

Көмек

қажет етемін

Өз көзқарасымды білдіре аламын

Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтаймын

Үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін сақтап жазамын

Үйге тапсырма «Аптадағы игі істер» тақырыбына рефлексивті күнделік жазып келу.

Қосымша ақпарат

Саралау

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланысматематика

  • Тапсырма көлемі бойынша саралау;
  • Деңгейлік тапсырмаларды орындату;
  • Бақылау негізінде қолдауды қажет ететін оқушыларды белгілеу
  • Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін оқылым тапсырмалары негізінде ұйымдастыру
  • Топтық, жұптық жұмыс барысында берілген мәтін, өлең мазмұны бойынша тұжырым жасай алуы, сыпайы жауап бере білуге бағалау

Топта бірі-бірі тыңдау, сыйлау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба?

Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі әдіс.

1:

2:

Келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізетіндей осы сабақтан сыныптағы және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу