Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 2 бөлім Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу. Мен ұқыпты баламын ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Сынып: 3

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық

бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (Жарық пен қараңғы) зерттеу . Мен ұқыпты баламын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

 Сабақ мақсаттары

3.1.3.1 түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, сөйлеу мәдениетін сақтап диалогке қатысу

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.1.1 э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазуды үйрену.

 Бағалау критерийлері

  • оқушылар пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыруға жаттығады;
  • өз сөзін жүйелі жоспарлай алады;
  • э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазуды үйренеді..

 Сөздік қор

мұнтаздай, мадақтау, бес батпан

 Құндылықтарды дарыту

Өз бетімен және жұппен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойын еркін айтады.

 Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы

 және жаһандық азаматтықтың

 іске асуы

Оқушы ұқыптылықтың маңыздылығын біледі

 Пәнаралық байланыстар

Өнер

 АКТ

Презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу мен айтуды біледі.

Сабақ барысы

Сабақ

тың жоспар

ланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақты ОМ таныстыру

  • пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырамыз;
  • э, ф, в, ц дыбыстары бар сөздердің жазу емлесін үйренеміз

Сабақ ортасы

35 минут

(Ж) Ойымызбен бөлісейік

Оқулықтағы суретке назар аудар

Бұл бөлменің иесі қандай бала деп ойлайсың?

Жұбыңмен пікірлес және ойыңды дәлелде.

Жазайық

Бөлмедегі заттарды ата. Олардың арасынан құрамында э, ф, в, ц дыбыс- тары кездесетін сөздерді тауып жаз.

Оқулықтың 84-бетінде берілген сөздікті қолданып, сөздердің жазу емлесін тексер.

Оқиық

Әмір сабақтан келген бойда сөмкені еденге тастай сала ойынға тартты. Ол шығысымен інісі Сәдір сөмкені ашып жіберді де, төмен қарайтөңкерді. Ішіндегі кітап, дәптер, қаламбірі қалмастан жерге саудырап түсті.

Біраздан соң Әмір үйге қайтты. Кітаптары әр жерде шашылып жатыр. Қақ ортада Сәдір отыр. Қолында қызыл бояу қаламы бар. Дәптердің бетін айқұш-ұйқыш сызғылап жатыр.

– Не істеп отырсың? Бүлдірдің ғой? – деді інісіне даусын көтеріп.

Сәдір ауыз үйде жүрген шешесіне қарай тұра жүгіріп, етегіне орала кетті. Әмір өкшелете қуып келіп:

Сәдір сөмкемді шашып, бәрін бүлдіріп тастапты. Ертең сабаққа қалай барамын, – деді жыламсырап.

Сөмкеңді қайда қойып едің?! – деді шешесі.

Ана жерге... Әмір турасын айта алмады. Тек қолымен нұсқай берді.

Өткенде аулаға тастап кетіпсің. Сүтке келген көрші Фатима әкеліп берді. Ұят-ай! Қашан ұқыпты боласың! – деді шешесі.

Әмірде үн жоқ. Бұрышта жатқан сөмкесіне қарады. Бет-аузы айғыз-айғыз. Құлағының бір жағы жұлынғалы тұр. Бәріне өзі кінәлі екенін түсінді.

Ахмет Сарбөпин

Қарамен берілген сөздердің жазылуын есте сақтап жаз.

Фатима сөзіне дыбыстық-буындық талдау жасап жаз.

Сәдірдің мұндай әрекетіне не себеп болуы мұмкін?

Әмір өз қателігін түзейтініне мәтіннен дәлел тауып келтір.

Мәтін бойынша сұрақ құрастыр.

Мәтіннен не түйдің?

«Сократтық семинар» әдісін қолдану.

Ол үшін оқулықта берілген мәтін мазмұны бойынша құрылған ашық сұрақты пайдаланады. Мәтінді оқымас бұрын сұрақ мазмұны таныстырылады. Сұрақ оқушыларды тақырыпқа байланысты және мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге жетелейді. Оқушыларға сұрақ берілген соң мәтінмен танысады. Содан соң оқушылар қара мен жазылған сөздерді дәптерлеріне көшіріп алады. Олардың мағынасы сұралады. Мұғалім тақтаға дәптер беті мен оқушының басы ғана бейнеленген суретті көрсетеді. Екеуінің де беті айқұш­ұйқыш сызылған, айғыз­айғыз. Оқушылар салыстыра отырып, мағынасын түсінеді. Олардың жазылу ерекшелігіне мән береді. Ортаға бір оқушы «Сократ» болып шығады. Ал қалған оқушылар шеңбер құрып, оны қоршап отырады. Оқушылар «Сократқа» сұрақтар жаудырады. «Сократ» берілген сұрақтарға мүдірмей жауап беруі тиіс. Мәтін талданып болғаннан кейін оқушылар Фатима сөзіне фонетикалық талдау жасайды.Тапсырма дәптерге орындалады. Әр оқушы жеке орындайды. Жұптаса отырып, бір­ бірінің жұмысын тексереді.

(Ұ) Ойымызбен бөлісейік

Кітаптар неге қашып барады?

Оқулықты қалай күтіп ұстау керек?

«Ереуіл» әдісі»

«Суреттен нені байқадың?

Неліктен осылай болды?». Содан кейін оларға стикерлер немесе түрлі түсті қағаз бен желім таратып береді. Олардан қосымша құралдарды қолдана отырып, митинг транспарантын жасауды сұрайды. Оқушылар сол транспаранттарға оқу құралдарын күтіп ұстау туралы, ұқыптылық туралы ұранды сөйлемдерін жазады. Оқушылардың орындарынан тұрып, «бейбіт ереуілге» шығып, сыныпты аралап жүріп, басқа оқушылармен ой бөліседі.

Құрастырайық

Сурет бойынша бөлмені ұқыпты ұстау туралы бес ереже құрап жаз.

Тапсырманы оқушылар алдымен жеке орындайды. Содан кейін жұбымен ой бөліседі. Содан соң сыныпта талқылайды.

Оқушылар оқулықтағы суретке назар аударады. Екі бөлменің ерекшелігін сараптап, қорытынды жасайды. Бөлмені ұқыпты ұстау туралы өзара ой бөліседі.

Негізгі 5 ережені белгілейді. Дәптерге жазады.

стикер, маркерлер, түрлі түсті қарындаштар, А4, А3 қағаздары, желім, бағдаршам түстері.

Оқулық: 46–47 беттер Жұмыс дәптері: 23­бет

Пәнаралық байланыстар: «Әдебиеттік оқу»,

«Өзін­өзі тану» пәндері

Сабақтың соңы

2 минут

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Әр топқа Э, Ф, В, Ц әріптерін беріледі. Әр топ сол әріптерге ауызша дыбыстық талдау жасайды. Ерекшелігін айтады.Топтан жеке немесе жұптасып осы әріптерді жазылу элементтерін ескере отырып қол­аяқ қимылдарымен бейнелеп көрсетеді.

Сондай­ақ шешуі э, ф, в, ц әріптері бар сөздер- ге жұмбақтар жасыруға болады.

Қақ жарған далаларды, Аралар қалаларды.

(автобус)

Бұл – пойыздың інісі, Жанға жайлы жүрісі.

(трамвай)

Аяғын жерге тірей қалып,

Шеңбер сызды шыр айналып.(циркуль)

Алмұртқа ұқсас бір зат бар,

Төбемде күнде жарқырар. (электр шамы)

Оқушылардың білімін тексеру

Оқушылар өзін­өзі бағалауды символдар түрін- де ұсынуға болады, мысалы, бағдаршам түстері. Оларды жеке немесе белгілі бір сұрақтармен, тұжы- рымдамалармен бірге пайдалануға боладыҚорыту: Бүгін сабақта не білдің?

Рефлексия. «Алған әсерім»

Не үйрендім? ... Не ұнады?... Не ұнамады? ...

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жауабы мадақталады.

Ұйымдастыру қабілеті жоғарылау оқушыларға жеке тапсырмалар ұсынылады.

Әр оқушының жауабы бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді?

Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме?

Егер жоқ болса, неге?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме?

Сабақтың уақыттық сатылары болды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы рейтинг

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)?

1:

2:

Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу