4.Казақ тілі_3 сынып_Жанды табиғат_№3 сабақ Мәтін_Әдістемелік нұсқау_


  Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Тірі табиғат

Сабақ тақырыбы: 3-сабақ. Мәтін

Ресурстар: сызба, таблицалар, түрлі түсті қарындаштар, А4 қағазы

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау үшін сабақта бой сергіту жаттығулары ұйымдастырылады. («Көңілді күн» сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=beeh9s5ILYY)

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

  • Түсіндірме сөздікпен жұмыс. (Зеңгір, шарбы бұлт, түтін сөздерінің мағынасын қай дереккөздерден табуға болатыны оқулықта берілген суреттер арқылы және сөздіктер арқылы анықтатылады)
  • Ғылыми-танымдық мәтін

Түсіндірме сөздіктер - қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал. Тіліміздің лексика-граммататикалық, мағыналық, стильдік үлгілерін көрсетеді.

Ғылыми-танымдық мәтіндер – ғылыми тұрғыдан негізделген, деректік қоры айқындалған, оқушының таным өрісін кеңейтетін қызықты мәтіндер.

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

Бұл әдісте мәтін туралы, мәтінге тән белгілерін, білімдерін ой елегінен өткізіп, қайталату және оқушылардың тыңдалым дағдыларын, сыни ойлауын дамыту, қызығушылығын арттыруға көңіл бөлінеді.

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:

Мысалы: Негізгі ой, әңгімелеу, сипаттау т.б

  • Қайда? Бұл терминдерді сендер бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңдер?
  • Қалай? Өз тәжірибелеріңнен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласың ба?
  • Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсың?

 Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды. Оқушылар осылайша мәтінге тән белгілерге басты назар аударып, ой тұжырым жасайды.

Көркем жазу

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға дәптеріне үлгі көрсету, әріп элементтерін бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйретуге болады.

Сызбамен жұмыс. Мейірімдіілк

Тірек сөздерді пайдалана отырып, жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастыра білуге үйрету ұсынылады.

  • Оқушыларға сызба арқылы мәтін тақырыбы, жоспар мен тірек сөздер беріледі.

(Мейірімділік, Арман, күшік, шалшық су, сотқар балалар, апасы, риза т.б.)

  • Топта ой бөлісіп, талқылап, А4 қағазға жазады.
  • Сынып алдында жариялайды.

Тыңдалым мәтінімен жұмыстың ерекшелігі

«Өрісте» тақырыбындағы мәтінімен жұмыста оқушылардың тыңдалым дағдыларын, сыни ойлауын дамыту арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтап, ат қою ұсынылады.

Қолдау көрсету барысында сұрақтар қоюға болады. (Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой. Мәтін арқылы автор не айтқысы келді деп ойлайсың? Қандай мәтін түріне жатады? Мәтіннен қандай ой түйдің?)

  • «Өрісте» тақырыбындағы мәтінді тыңдау..
  • Мәтіннің негізгі ойын анықтау.
  • Мәтінге ат қою.
  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату.
  • Мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасау.

Топта ақылдасып, ортақ шешім қабылдайды.

Саралау

8-жаттығу

Оқушыларға мүмкіндігіне қарай белгіленген уақыт аралығында, яғни 3 минут ішінде тапсырманы орындауды ұсыну.

1. Ақпаратты ой елегінен өткізу.

2. Оларды сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлеріне ажырату.

13-жаттығу. Шығармашылық үзіліс

Мәтінді оқып, бөліктерді дұрыс қалыпқа келтіру керектігі айтылады.

  • Мәтінді оқу.
  • Бөліктерді дұрыс қалыпқа келтіру.
  • Мәтіннің түрін анықтау.
  • Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы білу.

14-жаттығу. Саралау тапсырмасы

  • Әже мен немересінің диалогін қатесіз, көшіріп жазу.
  • Диалогті өздері ауызша жалғастыру.
  • Әріптердің биіктігін сақтап, көлбеу, біркелкі, шапшаң жазады
  • Дәптерлерін жұптарымен ауыстырып, қатесіз, сауатты жазылуын тексеру. Өзара бағалау.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар сабақта әр тапсырманы орындау барысындағы жеткен жетістіктерін мадақтап, үнемі қолпаштап отыру-оқушының алға қарай қадам басуына негіз болады.сондықтан үнемі қолдау көрсетіп отыру қажет. Бағалау критерийлері бойынша өзін бағалайды. Өзіне деген сенімін арттырады. Сыни тұрғыдан, салыстыра отырып, әділ бағалайды. Сызбадағы дескриптордың қайсысынан оқушыларға қаншалықты көмек қажет екенін мұғалім байқап отырады. Түзету, қайта түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуы керек.

Оқушының сабақтағы оқу мақсатын толық меңгеруіне жағдай жасап, тиімді шараларды жоспарлаңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу