Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің мектебім Жазу ережелері ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 1 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазу ережелері (екінші сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж4 Өз ойынан мәтін жазу

2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады.

Ж 12 Пунктуациялық нормаларды сақтау

2.3.12.1 Сөйлем түрлерін құру барысында бас әріп пен сәйкес тыныс белгілерді (үтір, нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі) өз бетінше дұрыс қолдана біледі.

 Сабақ мақсаттары

Cуреттерге қарап әңгімелеу және мәтін жазу дағдыларын қалыптастыру. Сөйлем түрлері мен тыныс белгілері туралы білімдерін дамыту.

 Жетістік критерийлері

Мұғалімнің көмегімен сөздерді орынды қолдана отырып, берілген тақырып бойынша шағын мәтін құрап жаза алады.

 Сөздік қор

 

Мәтіндер жазу және оқу барысында оқушылардың сөздік қорлары молаяды. Үзіліс-перемена-turn, ойын-игра-game, дәліз-корридор-corridor, мәтін-текст-text, жазу-письмо-letter сөздерін үш тілде айтып үйренеді.

 Құндылықтарды дарыту

Үзіліс кезіндегі іс-әрекетті бақылау барысында мектеп ішінде тәртіпті сақтау керектігін түсінеді, ойын барысында пәнге деген қызығушылықтары артады, жұмыс барысында өзара көмекке ұмтылады.

 Пәнаралық байланыстар

Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады. Фотосуретке түсіру кезінде өнер пәнімен байланыс жүзеге асады.

 АКТ

Үзіліс кезінде түсірілген фотосуреттер слайд арқылы көрсетіліп, талқыланады.

Алдыңғы меңгерілген білім

«Үзілісте» тақырыбы бойынша әңгімелеп және сөйлем түрлерін ажырата отырып, шағын мәтіндер жазды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

(Ұ) Ойын «Сөздерді сәйкестендір» Оқушылар ойын-игра-game, дәліз-корридор-corridor, оқушылар-ученики-students, үзіліс-перемена-turn, мәтін-текст-text, жазу-письмо-letter сөздерін сәйкестендіреді.

Үш тілде жазылған қима сөздер

Сабақ ортасы

25 минут

(Ұ) Оқушылар шеңберде отырып, үзіліс кезінде көрген іс-әрекеттер туралы әңгімелейді.

(Ұ) Оқушылар үзіліс кезінде түсірген фотосуреттерді талқылайды. Оң қылықтар мен теріс қылықтарды бейнелейтін суреттерді екі қатарға жинастырады.

(МК) Тірек сызба арқылы сөйлем түрлері мен тыныс белгілері туралы ережелер еске түсіріледі.

Ой жинақтауға арналған сұрақтар:

- Сөйлем деген не?

- Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

(Т) Ойын «Тыныс белгілері» Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Оқушыларға қағаздан қиып жасалған тыныс белгілері беріледі. Ойын алаңына шығып, музыка әуенімен билеп жүреді.

Сөйлем әр баланың қасына барып, өз сөзін айтады.

Сен осы неге айқайлай бересің?

Сөйлемге қандай мағына бересің?

Жөн-жосығыңды түсіндірші,

Жазуда қандай жерде келесің?

Балалар жазылған тақпақтарды оқиды.

Леп белгісі:

Мен ылғи айқайлай бермеймін,

Қуана да күле де білемін.

Кейде өкініп ренжісем де,

Көбінесе – ақ, көтеріңкі көңілмен жүремін.

Әр істің көңіл-күйін білдіріп,

Сөйлемдердің соңында келемін.

Нүкте:

Мен сөйлемнің соңында тұрамын. Солында емес оңында тұрамын. Сөйлемдердің жігін ажыратып, Кідіріс белгісі орнында тұрамын.

Сұрақ белгісі:

Дауыс ырғағында ескер деймін,

Жазғаныңды үнемі тексер деймін.

Не жайында сұрап-білгің келсе де,

Сөйлемнің соңына қойсаң, жөн сілтеймін.

(Ұ) Сергіту сәті.

(Ж,Қ) (Дифф.) Өз жұбымен қалаған фотосуретті таңдап, сурет бойынша шағын мәтін құрастырып жазу ұсынылады. Жазу кезінде тыныс белгілерін дұрыс қоюлары ескертіледі. (Қабілеті жоғары оқушылар жазу кезінде басшылық жасайды)

Мысалы,

Үзілісте

Қоңырау соғылды. Оқушылар үзіліске шықты. Алима мен Мансұр жұмыс орындарын реттеп қойды. Олар ұқыпты оқушылар.

Үзілісте

Алақай, қоңырау соғылды!

- Жасмин, кітапханаға барасың ба?

- Иә, барамын. Адели, саған қандай кітап ұнайды?

- Маған ертегі кітап ұнайды.

(ОТ,Қ) Оқушылар жазған мәтіндерін оқиды. Ал тыңдаушы жұп өз пікірлерін білдіріп, өзара бағалау әдісі бойынша бағалайды.

(Ұ) Жазған мәтіндерден «Үзілісте» тақырыбы бойынша кітапша жасалынады.

Фотосуреттер слайд арқылы көрсетіліп, талқыланады.

https://www.youtube.com/watch?v=6JAdbNkc970

Қағаздан жасалған тыныс белгілері

https://www.youtube.com/watch?v=5GNjDy03aIc&list=RDeR7kCG3I8iA&index=4

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылар фотосуреттерді сөйлейтін қабырғадағы ережелердің қасына іледі.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың әр жауаптарына мадақтаулар айтылып, қолдау көрсетіледі.

Қабілеті жоғары оқушылар жазу кезінде басшылық жасайды

- фотосуреттер бойынша шағын мәтін құруы;

- жазу кезінде тыныс белгілерін дұрыс қоюлары бағаланады. Сондай-ақ, өзара бағалау жүргізіледі.

Сергіту сәті өткізіледі.

Дене сымбатын сақтау үшін оқу мен жазу кезінде денені түзу ұстап, партаға дұрыс отыру, жазу мен дәптер арақашықтығы 30-35 см болуы ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу