Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің мектебім Жазу ережелері ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 1 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жазу ережелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж1 Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу

2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.

Ж4 Өз ойынан мәтін жазу

2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады.

Ж6 Өз көзқарасы негізінде әр түрлі жанрларда мәтін жазу

2.3.6.1 Белгілі бір мақсатқа сай және өзгелерді сендіру үшін сөздерді немесе суреттерді қолданып, шағын мәтіндер жазады.

Ж 12 Пунктуациялық нормаларды сақтау

2.3.12.1 Сөйлем түрлерін құру барысында бас әріп пен сәйкес тыныс белгілерді (үтір, нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі) өз бетінше дұрыс қолдана біледі.

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларды сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырып, тиісті тыныс белгілерін қолдана отырып, мәтін жазуға үйрету.

 Жетістік критерийлері

Мұғалімнің көмегімен сөздерді орынды қолдана отырып, берілген тақырып бойынша шағын мәтін құрап жаза алады;

берілген тірек сөздерді қолданып, қарапайым мәтіндер/өлеңдер/ақпараттар жаза алады.

 Сөздік қор

 

Мәтіндер жазу және оқу барысында оқушылардың сөздік қорлары молаяды. Үзіліс-перемена-turn, мәтін-текст-text, жазу-письмо-letter сөздерін үш тілде айтып үйренеді.

 Құндылықтарды дарыту

Үзіліс кезіндегі ережелерді білу арқылы әдептілікке, ұқыптылыққа бейімделеді. Топпен және жұппен жұмыс барысында оқушылар ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдауға, өз пікірін білдіруге үйренеді, мәтін жазу барысында сауаттылығы артады.

 Пәнаралық байланыстар

Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады. Үзіліс кезіндегі ережелерді құрасырып, сөйлейтін қабырға жасау және фотосуретке түсіру кезінде өнер пәнімен байланыс жүзеге асады.

 АКТ

Үзіліс кезінде түсірілген фотосуреттер слайд арқылы көрсетіліп, талқыланады.

Алдыңғы меңгерілген білім

Көркем суреттер желісі бойынша сөйлемдер жазды және тыныс белгілерін сақтай отырып тұтас мәтін құрастырып үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

(Ұ) Оқушылар үзіліс кезінде қандай іс-әрекеттерді байқағанын әңгімелейді.

(МТ) Бүгінгі сабақта үзіліс кезіндегі ойын ережелері мен қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттар жазатыны түсіндіріледі.

Оқушылар үзіліс-перемена-turn, мәтін-текст-text, жазу-письмо-letter сөздерін айтып, естеріне сақтайды.

Сабақ ортасы

25 минут

(Ұ,Қ) Оқушыларға үзіліс кезін бейнелейтін суреттер беріледі. Әр оқушы осы суретке сәйкес «Үзілісте» тақырыбында шағын мәтіндер жазады. Сөйлем түрлерін ажыратып айтады.

Мысалы: Алақай, қоңырау соғылды! Айдар үзіліс кезінде аулаға шығып ойнады. Марат пен Самат кітапханадан кітап алды.

  • Алма, не жазып отырсың? т.с.с.

(Ж) Оқушылар үзіліс кезінде көргісі келетін оң қылықтар мен көргісі келмейтін теріс қылықтарды анықтаулары үшін берілген ережелерді кестеге орналастырады. Мысалы,

Оң қылықтар

Теріс қылықтар

Сәлемдесу

Дәлізде жүгіру

Өзінің жұмыс орнын реттеу

Сынып бөлмесінде жүгіріп ойнау

Мұғалімнің рұқсатынсыз аулаға шықпау

Бірін-бірі итеру

Дидактикалық ойындар ойнау

Доппен ойнау

...........................

................................

(Ұ) Сергіту сәті.

(Т, Қ) Оқушылар топқа бөлінеді. Жұппен толтырған кестені негізге ала отырып, бағытталған жазу әдісі арқылы осы шақта үзіліс кезіндегі негізгі ережелерді жазады.

(Дифф.) Қабілеті жоғары оқшыларға ережені жазу ұсынылса, ал жазу қабілеті төмен оқушыларға ережені оқу ұсынылады.

(МК) Жазбас бұрын сөйлемдерді ауызша айтып, әртүрлі сөздер мен сөз тіркестерін таңдап жазуды көрсету. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болатынын. Сөздердің байланысын сұрақтар қою арқылы анықтайтынын. Әр сөйлемнің бас әріппен жазылатынын еске түсіру.

Сондай-ақ,

- ереже ерекшеліктерін есте сақтаулары;

- сөйлемдерді оқырман түсіне алатындай етіп жазулары;

- жазу кезінде тыныс белгілерін дұрыс қоюлары ескертіледі.

Мысалы:

  • Үзіліс кезінде мұғалімдермен сәлемдесуді ұмытпа;
  • Өзіңнің жұмыс орныңды реттеп қой.
  • Сынып бөлмесінде жүгіріп ойнама.
  • Есіңе сақта! Сынып бөлмесіндегі электр желілеріне жақын ойнама! ...

Суреттер

Кесте

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Оқушылар құрастырған ережелерді сөйлейтін қабырғаға іледі.

Үзіліс кезіндегі іс-әрекеттерді фотосуретке түсіру тапсырылады. Келесі сабақта фотосуреттер осы ережелердің қасына ілінеді.

Фотосуреттер слайд арқылы көрсетіліп, талқыланады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға үзіліс кезінде көргісі келетін оң қылықтар мен көргісі келмейтін теріс қылықтарды әңгімелеу барысында мадақтаулар айтылып, қолдау көрсетіледі.

Топпен жұмыс кезінде қабілеті жоғары оқшыларға ережені жазу ұсынылса, ал жазу қабілеті төмен оқушыларға ережені оқу ұсынылады.

- ереже ерекшеліктерін есте сақтаулары;

- сөйлемдерді оқырман түсіне алатындай етіп жазулары;

- тыныс белгілерін дұрыс қою білігі бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

Үзіліс кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу