Адиабаталық процесс. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2C Термодинамика негіздері

Мектеп: Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карибжанова Ә.К.

Сынып: 10 ЖМБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адиабаталық процесс.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.2 - термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге және адиабаталық процеске қолдану;

Сабақ мақсаттары

Адиабаталқ процесс физикалқ мағынасын түсундіру. Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында тиімді және дұрыс формулаларды қолдана алады және тапсырмаларды орындауда процесстің өмірмен байланысына назар аударады

Бағалау критерийі

Оқушылардың барлығы:

Практикалық жұмысты толық және дұрыс орындай алады;

Параметрлер арасындағы тәуелділікті айқындай алады; Есептеуге қажетті формуланы табады және түрлендіреді.

Жұптық жұмыста ақпаратты дұрыс сараптай алады;

Берілген сұрақтарға дұры және толық жауап береді.

Бағалау түрі:

Өткен білімді еске түсіруде және ой қозғау кезеңінде: Сұрақ-жауап, яғни нақтылау сұрақтары арқылы оқушылардың жауаптарын бағалауға болады;

Мағынаны тану кезеңінде: топтар немесе оқушылар бір-бірін бағалайды, ол үшін бағалау критерийін қолдана отырып, таңдап алады.

Мағынаны ашу: бекіту тапсырмасында оқушылар өз-өздерін бағалай алады.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ішкі энергия

Внутренняя энергия

Internal energy

Жылу мөлшері

Количество теплоты

Amount of heat

Жұмыс

Работа

Work

Термодинамиканың бірінші заңы

Первый закон термодинамики

First Law of Thermodynamics

Термодинамиканың екінші заңы

Второй закон термодинамики

Second law of thermodynamics

Диалогқа қажетті сөз тіркесі:

Энергия ... нәтижесінде ауыстырылады.

Жылулық құбылыстар ....

Термодинамика дегеніміз ...

Термодинамикалық жүй дегеніміз...

Жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі...

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, мұғалім жағымды ынтымақтастық ортаны құру; оқушылармен бірге оқу мақсаттарына сәйкес жетістік критерийлерін бірге таңдайды; сабақ барысында ақпаратты іздеуде, тапсырмаларды жеке орындауда академиялық адалдыққа бағыттау; ақпарат барлық оқушыларға бір қалыпты бәріне бірдей беріледі және оқушы өз пікірін және ойын ашық білдіре алады; сабақ барысында ұқыптылыққа және өзіне және өзгелерге құрметпен қарауға бағыттау.

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті презентацияны қолдану.

Бастапқы білім

Термодинамиканың бірінші заңын изопроцесстерге қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру.

Оқушыларды түгендеу сабаққа дайындықтарын тексеру.

Сабақтың ортасы

3 мин

3 мин

7 мин

10 мин

10 мин

3 мин

Өткен білімді еске түсіру:

Өткен сабақ бойынша «Ақиқат және жалған» әдісін ұйымдастыру.

1. Дененің ішкі энергиясы дене массасы мен қозғалыс жылдамдығы арқылы анықталады (жалған);

2. Дененің ішкі энергиясы жұмыс жасалғанда және жылу алмасуда өзгереді (ақиқат);

3. Тұрақты температурада дене қатты күйден сұйыққа айналғанда дененің ішкі энергиясы тұрақты болып қалады (жалған).

4. Изотермалық процессте қысым артқан кезде идеал газ ішкі энергиясы артады (жалған).

5. Изохоралық процессте термодинамиканың бірінші заңы мына түрде жазылады. (Ақиқат).

6. Термодинамиканың бірінші заңының изотермалық процессте жазылуы. (Жалған).

Оқушыларға екі түсті карточка таратып беріңіз, жалған ақпаратқа қызыл карточканы ктереді, ақпарат ақиқат болса жасыл түсті карточканы көтереді.

Сұрақатрдың дұрыс жауаптарын презентация арқылы тақтаға шығарып отырыңыз.

Ой қозғау:

Сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау үшін, сыныпта көрсетілім сынып көріңіз.

Проблемалық сұрақ: Тұман дегеніміз не? Тұман қалай пайда болады?

Бұл сұрақтың жауабын бермес бұрын кішігірім көрсетілім ұйымдастыралық.

Көрсетілім: Алдарыңызда таратылып берілген айналарды алыңыздар (абайлаңыздар құлатып сындырып алмаңыздар). Айна бетін аузыныңызға жақындатып айнаға демалыңыз. Не бақыладық? Енді бағана қойлған сұраққа қалай жауап беруге болады?

Оқушылар не байқағанын алдымен жұппен соңан соң сыныпта талдайды. Оқушылар түрлі жауаптарды талдай келі, сіз олардың жауабын тұжырымдауға бағыттаңыз. Тұман – ауадағы кішкентай су тамшыларының жиынтығы, су буының салқын бетпен жанасқан кезінде салқындауынан пайда болады т.с.с. жауапқа жақын жауаптарды тұжырымдатыңыз.

Сабақ тақырыбын айту, оқу мақсатын жариялау.

Жетістік критерийлерін оқушылармен бірге айқындап алу.

Мағынаны тану:

Бүгінгі тақырыпты бастамас бұрын көрсетілімді қарастырып, талдап көрелік.

1. Көрсетілім: Түтікшеге су мен этил спиртінің қоспасын аздап құйып, тығынды вакуумдық насоспен жалғаймыз. Ауаны ішіне жібергенде тығын ытқып шығады да, түтікше ішінде бу пайда болады. Неліктен?

Оқушылармен талаңыздар. Талдау барысында газдың адиабаталық ұлғаю процессі екендігін түсіндіріңіз.

2. Көрсетілім: Тығыз жабылған түтік цилиндрде жанғыш зат бар. Поршенді бірден басып қалатын болса, түтік ішіндегі отын тұтанады. Неліктен?

Оқушылармен талаңыздар.

Оқушыларға ақпарат таратылады. Оқушылар жұптаса отырып, төмендегі тапсырмаларды орындайды. Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз жауаптарын парақтарына толықтырып жазады. Сұарқ туындаған жағдайда көмек белгісін қолдана отырып, мұғалімнен сұрақтарды сұрайды. Барлық жұптарға бірдей тапсырма беріледі.

Тапсырмалар:

№1. Q=0 шартынан адиабаталық процесс үшін, термоинамиакның бірінші заңы қалай жазылатындығын түсіндіріңдер.

№2. Алған заңдылықты қолдана отырып, осы процессте ыдыс ішіндегі ауаның температурасы мен ішкі энергиясы қалай өзгеретіндігін анықтаңыдар.

№3. Адиабаталық сығылу процессінде ыдыс ішіндегі ауаның температурасы мен ішкі энергиясы қалай өзгеретіндігін анықтаңыдар.

№4. Жалпылай отырып, изотермиялық процессте және адиабаталық процессте газдың қысымы көлемнен қалай тәуелді болатындығын салыстырыңыздар.

Бағалау критерийі:

1. Практикалық тапсырма толық әрі дұрыс жасалуы керек;

2. Есептеулерге қажетті формулалар дұрыс түрлендіріліп толтырылуы керек;

3. берілген 4 тапсыраның барлығы орындалуы тиіс.

Мағынаны ашу:

Кесте толтыру тапсырмасы:

Сынып оқушыларына кесте беріледі. Оқушылар алған білімдерін қодана отырып, кестені толтырады.

Газ күйінің өзгеру процессі

Тұрақты параметр

Газдың бір күйден екінші күйге ауысуында жұмыс

Ішкі энергияның өзгеруі

Адиабаталық процесс

Кестенің толтырылмаған жерлерін талдай отырып, сынып оқушылары бір-бірінің мәліметтерін толықтырып, тексереді.

Тапсырма. Оқулықпен жұмыс: оқушыларға оқулықтағы адиабаталық процесс тақырыбын оқуын ұсыну. Тмендегі сұрақтарға жауап берулері тиіс.

1. Қандай жүйе жылуоқшауланған жүйе болып табылады?

2. Адиабаталық процесс дегеніміз?

3. Адиабаталық процесс үшін, термодинамиканың бірінші заңы.

4. Адиабаталық ұлғаю/сығылу барысында газ температурасы қалай өзгереді?

5.Адиабаталық сығылу барысында ауаның бірден қызуы қайда қолданылады?

6. Адиабаталық ұлғаю процессіндегі газдың салқындауы қайда қолданылады?

Оқушылар сұрақтарға жұптаса отырып жауаптар жазады. Жұпқа біріктіруді мұғалім ұйымдастыруға болады. ол кезде әр оқушының жеке ерекшелегі ескерілуі керек (мысалы бір оқушы жақсы практик, басқасы теоретик,т.с.с)

Бекіту:

Оқушылар бекіту тапсырмасын өздігінен орындайды өздерін дұрыс жауаппен тексереді. Бекіту екі деңгей тапсырмаларынан тұрады.

Жалпылау:

Жалпы сабақ бойынша бүгінгі алған білімдерін жинақтау үшін, оқушыларға презентация арқылы жалпылау сұрақтарын қоя отырып, тақырыпты жалпылау

Презентация, қызыл, жасыл түсті карточкалар

Әр оқушыға айналар

Ішінде су және спирт тамшысы бар шыны түтік, тығын, вакуумды насос.

Поршенді ыдыс цилиндр түтік, тез тұтанатын жанғыш сұйық зат немесе мақта жанғыш сұйыққа мвлынып алынған

Тапсырмалар

Қосымша

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Жеке рефлексия.

Бүгінгі сабақты бағалаңыз: 0-жоқ, 1-иа.

  • Бүгінгі сабақ сізге қызықты болды ма?
  • Жаңадан ақпаратпен танытыңыз ба?
  • Берілген оқу материалы жеткілікті деңгейде болды ма?
  • Сізге түсінікті болды ма?
  • Бекіту тапсырмалары толық орындалды ма?

Үй тапсырмасы. Адиабаталық процесстің техникада немесе өндірісте қолданылуы туралы ақпарат қарастырып келу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптаса орындаған тапсырмаларда оқушылар өз рөлдерін ерекшелігіне сәйкес бөліп алады. Практикалық жұмысының жауаптарын жазуда, есеептеулерде оқушылардың жауаптары арқылы олардың тапсырманы орындай алу деңгейлерін аңғаруға болады.

Бекіту тапсырмалары деңгейлік тапсырма ретінде беріледі

Жұптық жұмыстарда бағалау критерийлеріне орай оқушылар жұптық бағалау жүргізеді және оқушылар бір-біріне баға бере алады.

Бекіту тапсырмасын орындау барысында әр оқушы өз жауабын дұрыс жауаппен салыстыра отырып, өз-өзін бағалай алады

Көзге арналған гимнастика ұйымдастыруға болады. Кабинеттегі жалпы қауіпсіздік ережесінің сақталуы. Көрсетілім барасындағы қауіпсіздікті қатаң қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу