Адиабаталық процесс. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


САБАҚ: № 15-16

10.1BЖылу физикасы - молекулалық физика

Мектеп: Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы: Адиабаталық процесс.

Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары

10.2.2.1 - идеал газ күйінің негізгі теңдеуін қолдану және изопроцестер графиктерін ажырату;

 Сабақтың

 мақсаты

Изопроцесстердің графиктерін айыра біледі; изотермиялық, изохоралық және изобаралық процестерді бір-бірінен айыра алады; адиабаталық және изотермиялық процесстер графиктерін айыра біледі;

Бағалау

 критерийі

  • Изопроцесстердің графиктерін айыра біледі;
  • Изотермиялық, изохоралық және изобаралық процестерді бір-бірінен айыра алады;
  • Адиабаталық және изотермиялық процесстер графиктерін айыра біледі;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Изопроцестерге сәйкес заңдарды ғылыми тілде жеткізе алады

Пәндік лексика мен терминология:

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Идел газ

Идеальный газ

Ideal gas

Изотермиялық процесс

Изотермический процесс

isothermal process

Бойль заңы

Закон Бойля

Boyle's Law

Изобаралық процесс

Изобарический процесс

isobaric process

Гей-Люссак заңы

Закон Гей-Люссака

Guy-Lussac's Law

Изохоралық процесс

Изохорический процесс

isochoric process

Шарль заңы

Закон Шарля

Charles' Law

Қысым

Давление

Pressure

Температура

Температура

Temperature

Көлем

Объем

Volume

Термодинамикалық параметр

Термодинамический параметр

Thermodynamic parameters

 

Диалог құру және жазылымға қажетті пайдалы сөз тіркестер:

Жылудан оқшауланған жүйеде өтіп жатқан процесс ........... деп аталады.

Құндылықтарды дарыту

Физиканың тарихын, әртүрлі физикалық теориялардың дамуын бағалау. Мысалы, термодинамика туралы теорияның тарихы:термодинамика – ол.........және теориялардың әрқайсысын қолдау үшін дәлелдерді жинау мен интерпретациялау.

 Пәнаралық байланыстар

Математика, химия

 АКТ қолдану дағдылары

  • Деректерді жинау, өңдеу және ұсыну үшін АКТ (ноутбуктер, веб-сайттар, электронды калькуляторлар) қолдану.
  • АКТ көмегімен интернет ресурстарымен жұмыс істеу. Мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқып, тиісті материалды таңдайды, көшіреді және оны жеке құжат немесе файлға сақтап, ақпарат көздеріне сілтемені жасайды.

Алдыңғы білім

8 -сынып: қатты денелер, сұйықтықтар мен газдар құрылымы; броундық қозғалыс ; газқысымы; p= F/A; жылу энергиясын беру; ыстықтан суыққа берілетін жылу ағыны; жылулық тепе-теңдік; қарапайым молекулалы-кинетикалық модель.

Жоспар

Сабақ қезеңдері

Сабақта орындалуы тиіс іс әрекеттер

Оқыту ресурстары

0 – 2 минут

2-10 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі.

«Ой қозғау» . Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Мұғалім әрекеті: оқушыларға сұрақтар қояды. Оқушылардың жауабын тыңдайды.

Оқушы әрекеті: сұрақтарға жауап береді, өз ойларын ортаға салады.

  • Меншікті жылусыйымдылығы дегеніміз не?
  • Жылу мөлшері дегеніміз не?
  • Жылусыйымдылығының өлшем бірлігі қандай?
  • Термодинамикадағы энергияның айналу және сақталу заңы?
  • Румфорд тәжірибелерінің жылу табиғатын зерттеудегі рөлі қандай?
  • Дэвидің жүргізген тәжірибелерінен кейін қандай қорытындылар жасалды?
  • Джоульдің тәжірибелерінің жылу табиғатын зерттеудегі рөлі қандай?
  • Майердің жылулық құбылыстарды зерттеуге сіңірген еңбектері қандай?

https://www.twig-bilim.kz/search/?search=%D0%93%D0%B0%D0%B7%20%D0%B7%D0%B0%D2%A3%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B

ІІ. Негізгі бөлім

(W) Сыныппен жұмыс. Видеокөрініс. Термодинамиканың І заңы. Адиабаталық процесс. Білім Land

(T) Мұғалім түсіндірмесі.

Жылудан оқшауланған жүйеде өтетін процесс адиабаталық процесс деп аталады

Мысалы: велосипад камерасы, ауа оттығы,дизель қозғалтқышы, жер атмосферасы, құрғақы мұз алу.

Адиабаталық процесс өту шарттары:

а) Жүйе жылу өткізбейтін қабықшады түру керек (Дьюар ыдысында,

термостарда)

b) Процесс өте тез өтуі тиіс, сонда жылу қоршаған ортаға беріліп

үлгермейді

c) Процесс газдың үлкен көлемінде өтуі тиіс (атмосфера), сонда газ

параметрлерінің жеке дара кішігірім облыстарда өзгеруі процестің

өтуіне әрекет етпейді.

(W) Сыныппен жұмыс. Видео көрініс. Адиабаталық ұлғаю.

Мұғалім әрекеті: Бейнероликті көрсетеді. Оқушыларға бейнеролик мұқият қарауға нұсқаулық береді. «Адиабата сығылғанда газ температурасы қалай өзгереді?» сұрақ қояды.

Оқушы әрекеті: бейнероликті мұқият қарайды. Сұраққа жауап іздейді. Өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады

ІІІ.Бекіту тапсырмалары

«Конверттегі есептер». Жұптық жұмыс

Мақсаты: термодинамиканың бірінші заңын изопроцестерге қолдану, адиабаталық процесс тақырыбы бойынша бойынша формулаларды есеп шығаруда қолдану.

Мұғалім әрекеті: оқушыларға конверттегі есептерді жұппен шығаруға береді. Дескриптормен таныстырады.

Оқушы әрекеті: сабақта алған білімдерін пайдалана отырып есепті шығарады.

Дескриптор:

  • Есептің шартын жазады;
  • Өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіреді;
  • Формуланы тиімді қолданады;

(I). Жеке жұмыс.

«Семантикалық картаны толтыру». Сұрақ пен дұрыс жауаптың қиылысына «+» таңбасын қойыңыз. (екі сұрақтың жауабы біреу болуы мүмкін)

http://bilimland.kz/index.php/kz/Адиабатикалық сығылудағы қарапайым анимация:

http://www.youtube.com/watch?v=dQeCEqkE9eE

https://www.youtube.com/watch?v=4KEp5RxwYf0

Идеалды газдың кері изотермиялық сығылу анимациясы:

Қосымша 1

Қосымша 2

Рефлексия

  • Бүгінгі сабақтан … үйрендім
  • Бүгінгі сабақта маған ұнады…
  • Маған қиындық келтірді…

Үйге тапсырма. Тәжірибелік тапсырма

(D) Велосипед сорғысын алыңыз және ұшына саусағыңызды қойыңыз. Оны шапшаң тербелтіңіз –оқушыларды температураның біршама артуын сезінуге шақырыңыз. Оны ақырын тербелтіңіз – температураның қандай да болмаса артуы байқалмайды.

(I) Оқушылардан изотермиялық және адиабаталық сығылу үшін көлемнен қысымға тәуелді графикті салуды сұраңыз (жоғарыдағы велосипед сорғысындағыдай).

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқытуКөбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Бұл барлық оқушыларға қол жетімді кіріспе және зерттеу белсенділігі.

Қалыптастырушы бағалау жұмысы арқылы, сыныппен жұмыс кезіндегі оқушының белсенділіг, қойылған сұраққа дұрыс әрі нақты жауап бере алуы.

Осы сабақ кезіндегі қызмет оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді, мысалы әйнекті сындыру кезінде. Бұл оқушылар үшін қатерді мұқият бағалау мен нақты нұсқауды талап етеді.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

Қосымша 1

1 жұп

  • Термодинамикалық жүйеге 60 Дж жылу мөлшерін бергенде, ол 25 Дж жұмыс істеді. Жүйенің ішкі энергиясы қалай өзгерді?
  • 127 0С температурадағы массасы 4г гелийдің ішкі энергиясы неге тең? (М(Не)=4*10-3 кг/моль)
  • жұп
  • Адиабаталық ұлғаю кезінде газ 200 Дж жұмыс атқарды. Газдың ішкі энергиясы қалай өзгерді?
  • Бір атомды идеал газдың 2 молін 50 К-ге қыздырған. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі? (R=8,31 Дж/моль )
  • жұп
  • Изотермиялық процесс кезінде газға берілген жылу мөлшері Q. Газ қандай жұмыс атқарған?
  • Молекулаларының саны 1028 бір атомды идеал газдың температурасы 73°С-дан 127°С -ға дейін артқанда ішкі энергиясының өзгерісі неге тең?
  • жұп
  • Изотермиялық процесс кезінде газ 2,3 кДж жұмыс істеді. Газдың алған жылу мөлшері қандай?
  • 500 г темір кесегін -100С-тан +100С-қа дейін қыздыру үшін қажетті жылу мөлшері (темірдің меншікті жылу сыйымдылығы 780Дж/кг0С)
  • жұп
  • Адиабаталық сығылу кезінде сыртқы күштер 750 Дж жұмыс істеді. Газдың ішкі энергиясы қалай өзгерді?
  • Массасы гелийді 100 К-ге изохоралы қыздыру үшін қажетті жылу мөлшерін және газдың жұмысын анықтаңыз? ( М=4*10-3 кг /моль);

Қосымша 2

Сұрақ

Идел газдың ішкі энергия

Адиабаталық

процесс

Изотермиялық

процесс үшін термодинамика-ның І заңы

Изохор.пр үшін термодин І заңы

Изобаралық процесс

үшін термодин

І заңы

Майер формуласы

Термодинамика-ның І заңы

Термодинамика-лық жұмыс

Меншікті жылу

сыйымдылық



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу