Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикадағы жұмыс. Жылу мөлшері, жылу сыйымдылық. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Термодинамика негіздері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Идеал газдың ішкі энергиясы. Термодинамикадағы жұмыс. Жылу мөлшері, жылу сыйымдылық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.1 - бір атомды және екі атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Идеал газдың ішкі энергиясы туралы мағлұмат алу.
  • Идеал газдың ішкі энергия формуласын бір атомды және екі атомды газ үшін қолданып есептер шығару.
  • Жылу мөлшері және жылу алмасудың молекулалық көрінісін тұжырымдау.
  • Термодинамикадағы жұмыстың қандай физикалық шамаларға тәуелділігін график арқылы түсіндіру

Бағалау критерийлері

  • идеал газдың ішкі энергиясының формуласын есептер шығаруда қолданады

Тілдік мақсаттар

 

Пәндік лексика және терминология:

Идеал газ, энергия, ішкі энергия, екі атомды газ, жұмыс, жылу берілу, бір атомды идеал газ

Energy - энергия

ideal gas - идеал газ

ideal gas energy - идеал газ энергиясы

energy change ideal gas - идеал газдың ішкі энергиясының өзгерісі

heat capacity – жылу сыйымдылық

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

 Жалпы газдың ішкі энергиясы.............

 Идеал газдың молекулалары бір-бірімен......... олардың

 Идеал газдың энергиясы тәуелді...... сол себепті

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды нақты жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге, сыни ойлауға қалыптастыру. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқушылардың  өз бетінше ғылыми ой-қорытындыларын жасай білуге жетелеу, ғылыми дүниетанымын

қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Математика. Идеал газдың ішкі энергиясын есептеуде математикалық талдай жасай алуға дағдыландыру

АКТ қолдану дағдылары

Microsoft PowerPoint презентация

Бастапқы білім

Идеал газ. МКТ

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 минут

2-10 минут

10-12 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйін сұрау. Сынып ішіндегі тазалықты қадағалау

ІІ. Жаңа сабақ:

  • Физикалық шамалардың белгіленуін U, A, Q көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу және оқыту мақсатын жариялау.
  • Жаңа сабақты өз бетімен игеру мақсатында «Түртіп алу » әдісін өткізу. Берілген тақырыпты оқушылар жеке – жеке танысып, оқып шығады және маған таныс, мен үшін жаңа, мен білетін түсінікке сәйкес келмейді, тереңірек білгім келеді? деген сұрақтармен жұмыс жасай отырып әр оқушы өздерінің білімін толықтырады.
  • «Бағдаршам» әдісін өткізу. Оқушылардың жаңа білімді түсінгенін түстерді көрсету арқылы сұрау. Жасыл түс барлығы түсінікті, қызыл түс мүлдем түсініксіз, сары түс маған әліде уақыт керек. «Бағдаршам» әдісі арқылы оқушылардың қаншалықты түсінгенін бағалау

Қосымша № 1

Сабақтың ортасы

10-22 минут

22 – 32 минут

32-38 минут

Оқушылардың алған білімін жүйелеу үшін және өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «ЖИГСО» әдісін өткізу. Ол үшін:

  • Оқушыларды энергия, жұмыс, жылу мөлшері атты физикалық шамалар арқылы үш топқа бөлу
  • Берілген тақырыпты оқушылар топпен қорғайды
  • Бекіту мақсатында топтарға тақырып бойынша сұрақтар қою

- Ішкі энергия дегеніміз не?- Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы неге тең?-Неге бір атомды газ деп атаймыз?-Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы неге тәуелді?-Ішкі энергия қандай макроскопиялық параметрлерге тәуелді?-Ішкі энергияны өзгерту тәсілдерін ата-Жылу мөлшері дегеніміз не?- Жылу алмасудың молекулалық көрінісі қандай?

  • Тақырып бойынша есептер шығару
  • Оқыту мақсатына қол жеткізу үшін қалыптастырушы бағалау жұмысын алу

Қосымша № 2

Қосымша № 3

Сабақтың соңы

38-40 минут

Кері байланыс.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия парағын толтырады

Рефлексия

(кестеде өз ойларыңызды белгілеңіз)

Пікірлер

иә

жоқ

білмеймін

Сабақта:

1)Көп жаңа нәрселер үйрендім

2)Өз білімімді көрсеттім

3)Сыныптастарымменбіргежұмысжасадым

Сабақта мен өзімді:

1)Еркін сезіндім

2)Қысылып отырдым

Сабақта маған ұнады:

1)Топпен жұмыс

2)Көрнекілігі

3)Басқалай

Үйге тапсырма: Идеал газдың ішкі энергиясы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу