алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақ тақырыбы: Жылу мөлшері, меншікті жылу сыйымдылық.

Оқу мақсаттары: - жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;

– заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру

Теориялық материал

Жылу берілу кезінде ішкі энергияның өзгеруінің өлшемін жылу мөлшері деп атайды және оны Q - мен белгілейді.Басқаша айтқанда, жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады.Қыздыру барысында судың температурасын t1 - ден t2 - ге неғұрлым көбірек өзгерту керек болса, онда оған анағұрлым көп жылу мөлшерін беру қажет.Жылу мөлшері – физикалық шама және ол температураның t1 - ден t2 - ге дейінгі өзгерісіне пропорционал, яғниQ ~ (t 1 - t 2 ).Судың массасы неғұрлым көп болса, оны белгілі бір температуралар айырымына дейін қыздыру үшін соғұрлым көп жылу мөлшері қажет.Денеге қажетті жылумөлшері, оның қандай заттан жасалғанына да байланысты.Денені қыздыруға қажетті немесе ол суығанда бөлінетін жылу мөлшері, заттың тегіне, массасына және оның температурасының өзгеруіне тәуелді.Жылу мөлшері жылу берілу кезінде дененің алатын немесе шығаратын энергиясы болғандықтан, жылу мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде кез келген энергия сияқты 1 джоуль (1 Дж) және 1 килоджоуль (1 кДж) алынады.Заттың молекулалық құрылысы мен молекулалар қозғалысының энергиясы белгілі болмай тұрып - ақ, жылу мөлшерін өлшеу үшін қазіргі кезде есептеулер де әлі қолданылатын калория және килокалория деген арнайы бірліктер енгізілген.1 г суды 1 оС - қа қыздыру үшін берілетін жылумөлшерін калория деп атайды.Калория – калор - «жылу», «қызу» деген латын сөзінен шыққан.1 кал = 4, 19 Дж ≈ 4, 2 Дж.1 ккал = 1000 кал.1 ккал = 4200 Дж ≈ 4, 2 кДж.Массасы 1 кг заттың температурасын 1 оС - қа өзгерту үшін қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы заттың меншікті жылусыйымдылығы деп атайды. Заттың меншікті жылусыйымдылығы с әріпімен белгіленеді.

Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап

Эксперимент 1

3.Осы кезде судың ішкі энергиясы жылу берілудің қай түрі бойынша өзгергенін ата (жылу берілу)

4. Су жылуды алу немесе берілуі туралы жауаптарыңды негізде

(су қыздырғыш плитадан жылу алды, температурасы көтерілді, ішкі энергиясы артты)

5.Суды қыздыру кезінде оның алған жылу мөлшерін қалай есептер едің, ол үшін саған қандай шамалар қажет?

( қызған зат массасы, температураның өзгерісі)

Эксперимент 2

2.Бұл тәжірибенің алғашқы тәжірибеден айырмашылығы неде екенін түсіндір

( температура өзгерісі алдыңғы эксперименттегідей болғанмен, зат массасы көбірек)

4.Берілген жылу мөлшері тағы қандай шамаға байланысты болуы мүмкін

(зат массасына )

Эксперимент 3

1.Бұл тәжірибенің алғашқы тәжірибеден айырмашылығы неде екенін түсіндір

( температураның өзгерісі жоғары )

3.Бұл жағдайда суға берілген жылу мөлшері алғашқы тәжірибедегімен бірдей ме? Жауаптарыңды негізде

(Бірдей емес, көбірек жылу беру керек, массасы тұрақты болып қалғанмен жоғарғы температураға дейін көтеру керек)

4.Суға берілген жылу мөлшері қандай шамаға тәуелді болуы мүмкін

(температураның өзгерісіне)

Эксперимент 4

2.Алғашқы тәжірибеден айырмашылығы қандай?

( Заттың тегі басқа)

3.Екі жағдайда бірдей жылу мөлшері берілді ме? Өз жауаптарыңды негізде

(бірдей емес, әр түрлі зат жылуды әртүрлі қабылдайды)

4.Берілген жылу мөлшері тағы қандай шамаға байланысты болуы мүмкін

(зат тегіне)

Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының жауаптары

  • 924 кДж
  • 220 оС
  • 805 Дж/кгоС

Тест тапсырмаларының жауаптары

1

2

3

4

5

Жауабы

А

Д

С

А

С


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы