Векторлар. Векторларға қолданатын амалдар. Физика, 9 сынып, қосымша материал.


І. Сәйкестендіру тапсырмасы

1.скалярлық

А. күш

В. жол

C.масса

D.жылдамдық

2.векторлық

E.үдеу

F.орын ауыстыру

G.температура

H. тығыздық

Дескриптор: векторлық және скалярлық шамаларды ажыратады

ІІ. Сандық есептер

  • Ұшақ 400 км жүріп, перпендикуляр бағытта тағы да 300 км өтеді. Ұшақтың жолы мен орын ауыстыруын табыңыз.
  • Оқушы көше бойымен шығысқа қарай 2 квартал және солтүстікке қарай тағы 2 квартал жүреді. Кварталдың ұзындығы 150 м. Жол және орын ауыстыру неге тең?
  • Адам батысқа қарай 30 км, солтүстікке қарай 30 км жүреді. Жол және орын ауыстыру неге тең?
  • Футболшы футбол алаңында солтүстікке 40 м, шығысқа қарай 10м, оңтүстікке 10м, шығысқа қарай 30 м жүрді. Футболшының орын ауыстыру модулі қандай?
  • Мектеп пен үйдің арасындағы жолы 500 м тең. Оқушының мектепке және мектептен келгендегі жолы мен орын ауыстыруы
  • Доп 5 м биіктіктен құлап еденнен 1 м биіктікке көтерілді. Доптың орын ауыстыруы
  • Гараждан шыққан автобус 12 рейс жасайтын болса, такси осы бағыттағы 6 рейс жасайды. Орын ауыстыруы мен жолын салыстырыңыз.
  • Бір автомобиль оңтүстіктен солтүстікке қарай 80 км/сағ, ал екіншісі батыстан шығысқа қарай 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Екінші автомобильдің біріншіге қатысты жылдамдығы қандай?
  • Сағаттың минуттық тілшесінің ұзындығы 2 см болса, 1200 мен 1215 аралықтарында оның ұшының орын ауыстыруын табыңыз.
  • Дене координатасы (7; 2) нүктеден координатасы (-5; 7) нүктеге орын ауыстырды. Орын ауыстыру модулін табыңыз.

Дескрипторлар:

1.Қорытқы вектордың бағытын дұрыс анықтайды

2.Қорытқы вектордың ұзындығын дұрыс табады

3.ХБ жүйесіне дұрыс айналдырады



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу