Векторлар. Векторларға қолданатын амалдар. Физика, 9 сынып, презентация.
ОМ: 9.1.1.1 - параллель және параллель емес векторларды қосу және азайту амалдарын орындау.
БК:
Параллель (коллинеар) векторлардың қосу және азайту тәсілдерін демонстрациялайды;
Параллель емес (коллинеар емес) векторлар үшін үшбұрыш ережесін қолданады;
Параллель емес (коллинеар емес) векторлар үшін параллелограмм ережесін қолданады;
9.1А: Векторларға қолданылатын амалдар
Тақырып: Векторлар. Векторларға қолданылатын амалдар.
7-сынып материалын еске түсірейік!
1. Физикалық шамалар қандай түрге бөлінеді?
2. Векторлық шамаларға анықтама беріңіз. 3 векторлық шаманы атаңыз.
______________________________
3. Скаляр шамаларға анықтама беріңіз. 3 скаляр шаманы атаңыз.
______________________________
Векторларға қолданылатын амалдар:
Вектор деп бағытталған кесіндіні айтады.
Вектордың скалярға көбейтіндісінің мысалы
2. Векторларды қосу.
Вектор модуль мен бағытымен анықталады!
Егер вектордың өз-өзіне параллель көшірсек, ол өзіне тең болып қалады.
Үшбұрыш ережесі
Үшбұрыш ережесі бойынша:
1-ші вектордың басынан 2-ші вектордың ұшына қарай жүргізілген вектор сол екі вектордың қосындысын береді.
Параллелограмм ережесі
Праллелограмм ережесі бойынша:
2 векторды бастарын түйістіре параллелограмның екі қабырғасы болатындай етіп өз-өзіне параллель көшіріп, екі вектордың шыққан нүктесінен диагональ қорытқы вектор болып табылады.
Нәтижелерді салыстырайық:
Денелердің орын ауыстырулары.
Бірнеше векторларды қосу.
Бір денеге түсірілген күштер.
Көпбұрыш ережесі
R- қорытқы вектор
Геометриялық оптикада кездеседі
3. Векторларды азайту.
Қосуды азайтуға келтіру
Азайту үшін үшбұрыш ережесі:
Екі вектордың бастары бір нүктеден шығып, олардың ұштарын азайтқыштан азайғышқа қарай бағытталған вектор қорытқы вектор болады.
Азайту үшін параллелограмм ережесі:
Тапсырма-1.
1-суретте көрсетілген а мен b векторлардың қосынды векторын (үшбұрыш ережесі бойынша )
І және ІІ жағдай үшін тұрғызыңыз.
1-сурет
Дескрипторлар: - үшбұрыш және параллелограмм ережесін қолданады;
- а және b векторлардың қосынды векторын кескіндейді.
Тапсырма-2.
2-суретте көрсетілген а мен b векторлардың айырым
векторын І және ІІ, ІІІ жағдай үшін тұрғызыңыз..
2-сурет
Дескрипторлар: - үшбұрыш және параллелограмм ережесін қолданады;
- а және b векторлардың қосынды векторын кескіндейді.
- а және b векторлардың айырым векторын кескіндейді.
Тапсырма-3
Үш векторларының бір жазықтықта жататын қосынды векторын тұрғызыңыз (4 және 5-суреттер).
3-сурет 4-сурет
Дескрипторлар: - векторларды қосу кезінде көпбұрыш ережесін қолданады;
- қорытқы векторды кескіндейді.
РЕФЛЕКСИЯ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру