№ 3 зертханалық жұмыс.«Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу». Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Оқу мақсаты: Электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау;

 

 Тест тапсырмаларының жауаптары

 

  • Еркін электр зарядтарын тасымалдаушылардың реттелген қозғалысы...............деп аталады.

№1 электр заряды №2 электр тогы №3 ток күші

2. Төменде келтірілген электр тізбегі символдары арасынан гальваникалық элементті көрсетіӊіз

3. Төменде келтірілген электр тізбегі символдары арасынан кілтті көрсетіӊіз

4. Төменде келтірілген электр тізбегі символдары арасынан электрлік шамды көрсетіӊіз

5. Төменде келтірілген электр тізбегі символдары арасынан резисторды көрсетіӊіз

6. Төменде келтірілген электр тізбегі символдары арасынан аккумуляторлар батареясын көрсетіӊіз

 

 

 Жауабы:

1

№2

2

№2

3

№1

4

№1

5

№3

6

№3

 

Мұғалімдер үшін əдістемелік ұсыныстар

Оқу мақсаты:

– электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау

Ескертпе

Зертханалық жұмысты бастамас бұрын оқушыларға қысқаша қауіпсіздік шараларымен таныстырып кету керек. Суретте көрсетілген электр тізбегіне арналған модул болмаса оның орнына жалғағыш сымдардың көмегімен жұмысты жүргізуге болады. Кернеулерінің мәндері ретінде 1,5 В, 4 В, қыздыру шамдарын қолдануға болады. Осы тәжірибедегі шамның кернеуі 1,5 В.

№ 3 зертханалық жұмыс.«Электр тізбегін құрастыру және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу»

Жұмыстың мақсаты: электр тізбегін жинау және оның әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу

Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі, жалғауға арналған сымдар, электр шамдары, кілт.

Жұмыс барысы:

1) амперметр мен вольтметрдің шкалаларын, аспаптың жүйеге қосылу клеммаларын, аспаптың өлшеу шегін мұқият қарап шығыңдар.

2) амперметр мен вольтметр шкаласы бөліктерінің құнын анықтаңдар.

n= 0,02А n=0,5В

3) сурет бойынша электр тізбектерін жинаңдар.

Амперметрді тізбекке ток көзі мен бірінші шам арасына қосыңдар. Қорек көзінде 9B кернеуді орнатып, кілтті тұйықтаңдар.

4) амперметр көрсетуі бойынша ток күшін анықтаңдар. Тізбектегі ток күшін анықтаған соң, қорек көзін өшіріңдер.

І=0,06А

5) өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.

6) сурет бойынша электр тізбектерін жинаңдар.

7) амперметрді бірінші және екінші шамдар арасында қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.

8) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, амперметр көрсетуі бойынша ток күшін анықтаңдар. Тізбектегі ток күшін анықтаған соң, қорек көзін өшіріңдер.

l=0,06А

9) өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңдар.

10) сурет бойынша электр тізбектерін жинаңдар. Амперметрді екінші шам мен ток көзі арасындағы тізбекке қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.

11) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, амперметр көрсетуі бойынша ток күшін анықтаңдар. Тізбектегі тоқ күшін анықтаған соң, қорек көзін өшіріңдер.

I=0,06А

12) өлшеулер нәтижесін кестеге толтырыңдар.

13) тізбекті құрастырыңдар.

14) вольтметрді бірінші шамға параллель етіп қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.

15) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, бірінші резистордағы вольтметр көрсетуі бойынша кернеуді анықтаңдар. Тізбекте кернеуді анықтаған соң, ток көзін өшіріңдер.

U=5,5В

16) өлшеулер нәтижесін кестеге толтырыңдар.

18) тізбекті құрастырыңдар.

19) вольтметрді екінші шамға параллель етіп қосыңдар. Кернеу мәнін өзгертпеген күйі, қорек көзін қосыңдар.

20) құрастырылған тізбекті кілтпен тұйықтап, екінші резисторда вольтметр көрсетуі бойынша кернеуді анықтаңдар. Тізбекте кернеуді анықтаған соң, ток көзін өшіріңдер.

U=5,5В

21) өлшеулер нәтижесін кестеге толтырыңдар.

22) тізбекті құрастырыңдар.

23) ток көзінде кернеу мәнін ауыстырмай кілтті тұйықтап, вольтметрдің көмегімен екі шамнан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер.

U=11,75В

24) Өлшеу нәтижесін кестеге жазыңдар.

Тізбектің бірінші бөлігіндегі ток күші

І₁ , А

Тізбектің екінші бөлігіндегі ток күші

І₂ ,А

Тізбектің үшінші бөлігіндегі ток күші

І3, А

Бірінші шамдағы кернеу

U₁ , В

Екінші шамдағы кернеу

U₂ ,В

Тізбек бөлігіндегі кернеу

U, В

0,06

0,06

0,06

5,5

5,5

11,75

Қорытынды. Шамдар тізбектей жалғанған кезде тізбектің кез-келген бөлігіндегі токтың мәні бірдей, ал әр шамдағы кернеу қосындысы тізбек бөлігіндегі кернеуге өлшеу қателігімен есептегенде тең болады.

 Тәжірибе жасау барысында қателіктердің болуына әсер ететін факторлар ретінде тізбек құрастыру үшін таңдап алынған жалғағыш сымдарды жатқызуға болады. Өйткені жалғағыш сымдардың ұзындығы, көлденең қимасының ауданы және қандай металдан жасалғанына байланысты кедергілерінің әртүрлі болуы әсер етеді. Екіншіден, ток күші мен кернеуді өлшеуге арналған құралдардың, амперметр мен вольметрдің шкалаларын көрсететін тілшелерінің бастапқы нөлдік деңгейде дәл тұрмауы да әсер етуі мүмкін. Оқушылар өздерінің көзқарасы бойынша басқа да факторларды жатқызуларына да болады.

Үй жұмысы жауабы

1

6000 Дж

2

20 В

3

2,5 А



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу