![]() |
|
![]() |
Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 8 сынып, презентация.
Денелердің электрленуі. Электр заряды.
8.4.1.1 – электр зарядын сипаттау;
8.4.1.2– үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;
8.4.1.3 – электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру
Оқу мақсаттары:
Электрсіз қазіргі дүниені көз алдымызға келтіру қиын.
Атом құрылысы
Атомныӊ құрылысын ашудағы маӊызды рөл ағылшын физигі Э.Резерфордқа тиесілі. Оныӊ 1911 жылы ашқан планетарлық моделі бойынша: атом оӊ зарядталған ядро және оныӊ айналасында айналатын теріс зарядталған электрондардан тұрады. Ядроныӊ заряды оӊ және абсолют мәні бойынша барлық электрондардыӊ зарядына теӊ. Сондықтан, тұтас алғанда, атомда заряд болмайды, яғни ол – бейтарап.
Электр заряды
Элементар заряд. Элементар заряд шамасы Милликен және Иоффе тәжірибелерінде анықталды.
e = 1,602177·10–19 Кл≈1,6·10–19 Кл.
Электр заряды дискреттік (үзікті) қасиетке ие. Электр зарядының ең кіші порциясы (кванты) бұл элементар заряд (е). q = N·e; N – элементар зарядтар саны; q -бөлшектің заряды.
Электрон заряды: e = -1,6·10–19 Кл.
Протон заряды: p = 1,6·10–19 Кл.
Электронның электр заряды элементар заряд деп аталады.
Электронның массасы m=9,1·10-31 кг
Сутегі молекуласынан 3700 есе кіші
янтарь
Электрон деп атаған
Денелердің электрленуі деп атаған
Ежелгі заманымыздан (б.з.д. 600 жыл) жүнге үйкелген янтарьдыӊ женіл денелерді өзіне тартатыны белгілі болған. Янтарь – электрон (electron) деген грек сөзі.
Арадан 2000 жыл өткеннен кейін ағылшын врачы, физигі У.Гильберт (1544-1603) алмаз, шыны және басқа материалдарды жібекке үйкелегенде янтарь сыяқты қасиетке ие екендігін бақылайды.
Гильберт заттар янтарь сыяқты өзіне басқа денелерді тарты қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. Дене электр зарядына ие болды айтамыз.
Заряды жоқ денелер бейтарап (нейтраль) деп аталады.
Вильям Гильберт
Петров Василий Владимирович
Шарль Дюфе
Денелердің электрлену құбылысы
Электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлік өзара әрекеттесу қабілетіне ие болу қасиетін электр заряды деп аталатын физикалық шамамен сипаттайды.
Денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы денелердің электрленуі деп аталады.
Үйкелістен электрлену
. Жүнге үйкелген эбонит таяқшада немесе янтарьда болған зарядтар шартты түрде теріс «-», ал жібекке немесе жүнге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң «+» деп аталған
Зарядтың бір денеден екінші денеге өтуі:
Теріс зарядталған таяқша және зарядталмаған гильза берілген
Таяқшаны гильзаға тигізгенде оның теріс зарядының бір бөлігі гильзаға өтеді, нәтижеде екі денеде теріс зарядталып тебіседі
Индукция көмегімен электрлену
Денелерді бір-біріне жанастырмай-ақ электрлеуге болады. Зарядталған денені жақындатсақ екінші дененіӊ қасына жақындатсақ дене электрленеді. Бұл құбылыс әсерден электрлену немесе электрлік индукция деп аталады. Зарядталмаған екінші денеде пайда болған зарядтар индукцияланған зарядтар деп аталады.
Бір текті зарядтар бір-бірінен тебіледі.
Әр текті зарядтар бір-біріне тартылады.
Рефлексия.
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
немен жұмысты жалғастыру қажет.
Үйге тапсырма: параграф 28 оқу, сұрақтарға ауызша жауап. Есеп №11,23-11,24. Генденштейн
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023