Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақжоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электростатика негіздері

Мектеп: НЗМ ФМН Талдықорған қ

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:Бейбитов Б.С.

Сынып:

 Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер

Осысабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.1 – электр зарядын сипаттау;

8.4.1.2– үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;

8.4.1.3 – электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру

 Сабақ мақсаттары

-оң және теріс зарядтардың бар екендігін білу;

- электрондар қозғалысы мен дененің электрондарды жоғалту/қабылдау негізінде дененің электрлендіру құбылысын түсіндіру;

- бір тектес зарядтардың тебілетінін, ал қарама-қарсы зарядтардың бір-біріне тартатынын білу;

- зарядтың физикалық мағынасын және оны өлшеу бірлігі кулонды білу және түсіну.

Бағалау критерийлері

-оң және теріс зарядтардың бар екендігін біледі;

- электрондар қозғалысы мен дененің электрондарды жоғалту/қабылдау негізінде дененің электрлендіру құбылысын түсіндіреді;

- бір тектес зарядтардың тебілетінін, ал қарама-қарсы зарядтардың бір-біріне тартатынын біледі;

- зарядтың физикалық мағынасын және оны өлшеу бірлігі кулонды білу және түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар электрлік құбылыстарды, зарядтың сақталу заңын, электростатикалық заряд, оң және теріс заряд, тартылу, тебілу, электрон, өткізгіш, изолятор ауызша тұжырымдай біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қазақ тілінде

Ағылшын тілінде

Орыс тілінде

Электр

Electronic

Электр

Денелердің электрленуі

The electrification of bodies

Электризация тел

Электр заряды

Electric charge

Электрический заряд

Оң зарядтар

The positive charges

Положительные заряды

Теріс зарядтар

Negative charges

Отрицательные заряды

Бір тектес зарядтар

like charges

Одноименные заряды

Әр аттас зарядтар

opposite charges

Противоположные заряды

Электр зарядының сақталу заңы

The law of conservation of electric charge

Закон сохранения электрического заряда

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, топтық жұмыста басқа оқушының ойын тыңдай алу, өз ойын дәлелмен айту, атақты ғалымдардың зерттеулерін ескере отырып, оқушылардың көшбасшылық дағдыларын дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәні бойынша табиғаттағы құбылыстар электрлену құбылысына қатысы қарастырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар ноутбуктер арқылы тақырыпқа байланысты бейне материалдар көреді, виртуалды тапсырмалар орындайды.

Бастапқы білім

Жаратылыстану сабақтарында оқушылар электрлену туралы алғашқы түсініктер алған.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10 мин

  • Ой қозғау.Неліктен киімге шаң тозаң жабысады?

Оқушылар үш топқа бөлініп тәжірибелер орындайды. (әр түрлі фигуралар арқылы)

жұлдызша-топ: шарды бөлменің қабырғасына жабыстыру;

төртбұрыш-топ: шар арқылы шашты жоғары көтеру;

үшбұрыш-топ: кофе ұнтақтарын шарға жабыстыру немесе краннан аққан су ағынын шарға қарай бағытталуы.

Оқушылар: осы тәжірибелерді қорытындылап, өз ойларымен бөлісіп, сабақтың мақсаттарына және сабақтың тақырыбына келеді. Күнделікті өмірден мысалдар келтіреді.

Мұғалім: сабақтың оқыту мақсаттарымен, тақырыппен таныстырады.

Үш үрленбеген шар, кофе ұнтақтары.

Слайд-1,2

Сабақтың ортасы

10-15 мин

15-20 мин

20-25 мин

25-30 мин

30-37 мин

2. Түсіндіру Мұғалім денелердің электрлену құбылысын түсіндіреді. Тарихқа қысқаша шолу: гректер- янтарь туралы, ағылшын ғалымы Вильям Гильберттің тұжырымдасы металл денелер электрленбейді деген, Орыс ғалымы Петров барлық заттар электрленеді деген, соның ішінде металл денелер де. Француз ғалымы Шарль Дюфе екі түрлі заряд бар деп айтқан.

Электрон, электрлену, электр заряды деген не екенін түсіндіреді, электр зарядының бірлігін айтады.

Оқушылар: негізгі ақпараттарды дәптерлеріне жазып алады.

Мұғалім: денелердің электрленуіне тәжірибе көрсетеді. Шыны таяқшаны жібекпен немесе қағазбен, ал егер эбонит таяқшаны жүн матаға үйкейді.

Оқушылар жұпта бақылаған тәжірибені талқылайды. Мұғалім кері байланыс жасай отырып, шыны таяқшаны жібекпен немесе қағазбен үйкегенде

оң заряд, ал қағаз сол мөлшердегі теріс зарядқа ие болатынын немесе эбонит теріс, ал жүн мата сол мөлшердегі оң зарядқа ие болатынын түсіндіреді.

Оқушылар топта тәжірибе жүргізеді. Үш топқа бөліну. (Сабақтың басында бөлінген фигураларда сандар арқылы бөліну)

1-топ: штативке ілінген гильзаларға «+» заряд беріп, олар тебілетінін көреді;

2-топ: штативке ілінген гильзаларға «-» таңбалы заряд бере отырып, олар тебілетінін байқайды;

3-топ: штативке ілінген бір гильзаға «+», ал екінші гильзаға «-» таңбалы заряд бере отырып, олар тартылатынын көреді. Әр топ өздерінің тәжірибелерінің қорытындысымен бөліседі.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып,біртекті зарядтар тебілетінін, ал әр текті зарядтар әрекеттескенде тартылатынын айтады.

Оқушылар: денелердің электрлену түрлеріне бейне материал көреді. Bilimland.kzсайтындағы тапсырманы орындайды.

3. Сабақты бекіту. Оқушылар: өтілген тақырыпқа байланысты өздік жұмыс орындайды.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Денелердің электрленуін сипаттайды.

- зарядталған денелердің өзара әрекеттесуін дұрыс көрсетеді

- зарядтардың таңбасын дұрыс анықтайды

- электрлік зарядтарды біледі

- үйкеліс арқылы электрлену құбылысын сипаттайды

-индукция арқылы арқылы электрлену құбылысын сипаттайды. - жанасу арқылы электрлену құбылысын сипаттайды.

Слайд-3,4,5

Шыны таяқша-жібек мата немесе қағаз, эбонит таяқша-жүн мата, кішкентай қағаз бөліктері.

Слайд-6

Штатив, жіп, фольгадан жасалған гильзалар, шыны және эбонит таяқшалары, жүн мата, қағаз.

http://www.bilimland.kz/kk/content/structure/1080-ehlektrostatika#lesson=11030 (2)

Үлестірмелі материалдар.

Сабақтың

соңы

37-40 мин

4. Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

5. Үйге тапсырма: параграф 28 оқу, сұрақтарға ауызша жауап. Есеп Генденштейн 11,23-11,24.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу. Қабілеті жоғары оқушылар топтық жұмыста түсінбеген оқушыларға көмек көрсетеді, түсіндіреді.

Топтық жұмыстағы оқушылардың орындаған тәжірибелерін бақылау жауптарын тыңдау Өздік бағалау жұмысы.

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен?

Жалпыбаға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу