Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Мектеп: Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Электростатика негіздері

Өткізілетін күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Жамиева А.К.

Сыныбы: 8 сынып

Оқушылардың саны:

Сабақта жоқ оқушылардың саны:

Сабақ тақырыбы:

Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.1 – электр зарядын сипаттау;

8.4.1.2– үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;

8.4.1.3 – электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаттары

  • электрлік кұбылыстарды үйрену және білу
  • табиғаттағы зарядтардың түрлерін білу
  • оң заряд және теріс зарядты білу
  • оң және теріс зарядтардың өзара әрекеттерін білу
  • электроскоп және электрометр құралдарымен танысу және білу
  • өткізгіш және диэлектриктерді білу
  • электр зарядының белгіленуін және өлшеу бірлігін білу
  • зарядтың сақталу заңын білу
  • зарядтың сақталу заңын қолдана білу

Бағалау критерийлері

Оқушылар біледі:

- зарядтар шартты түрде оң және теріс зарядтарға бөлінетіндігін

- аттас және әр аттас зарядтардың өзара әрекеттерін

- электроскоп және электрометр кұралдарының айырмашылығын және атқаратын функциясын

- өткізгіш және диэлектриктің айырмашылығын және осы заттарға мысалдар келтіруді

- зарядтың сақталу заңын және оны қолдануды.

Тілдік мақсаттар

 Оқушылар электрлік құбылыстарды, зарядтың екі түрін, зарядтың сақталу заңын ауызша тұжырымдай біледі.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электрлік құбылыстар- phenomena

Заряд- charge

Оң заряд- positive charge

Теріс заряд- negative charge

Тебісу- repulsion

Тартысу- attraction

Зарядтың сақталу заңы- The law of conservation of charge

Электроскоп- electroscope

Электрометр- electrometer

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Денелердіӊ өзара әрекеттесу қабілетіне ие болуы олардыӊ электрленуі деп аталады.

Зарядтардыӊ екі тегі болады: оӊ зарядтар (таӊбасы оӊ +) және теріс зарядтар (таӊбасы -). Бірдей таӊбадағы зарядтар аттас зарядтар деп аталады. Әр түрлі таӊбадағы зарядтар әр аттас зарядтар деп аталады.

Аттас зарядтар өзара тебіледі, ал әр аттас зарядтар өзара тартылады.

Электрленуді байқауға арналған еӊ ыӊғайлы аспап электроскоп деп аталады.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың топпен жұмыс жасай алу, зерттеушілік және өз жұмысының нәтижесін талдай алу құндылықтарын дарытады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәні бойынша табиғаттағы құбылыстарэлектрлену құбылысына қатысы қарастырылады.

Бастапқы білім

Атом құрылысын, затты құрайтың бөлшектерді біледі.

Сабақ барысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Сабақтың ортасы

5-25 мин

25-35 мин

Сабақтың соңы

35-40 мин

  • Ой қозғау.Неліктен киімге шаң тозаң жабысады?

Жұпта оқушылар талқылайды

Оқушылар электростатикалық күшті бақылау үшін қарапайым тәжірибелер жасай алады, мысалы:

- ауа шарын қандай да бір материалмен үйкеп, қабырғаға жабыстырып қойыңыздар;

- ауа шарын оқушылардың шаштарына үйкеңіздер және шарды жақындатқанда олардың шаштарынын шарға қарай тартылғанын бақылаңыздар.

-эбонит таяқшасын жүнге/жібекке үйкеңіздер және оны краннан ағып жатқан суға жақындатыңыздар, судың ағыны иіледі.

- эбонит таяқшасын үйкеп, оны ұсақ қағаздарды жабыстырып алатынын бақыланыз

Оқушылар орындалған тәжірибелерді талқылап қорытынды жасайды. Мұғалім кері байланыс жасай отырып денелердің электрлену құбылысын, үйкеліс арқылы электрленуді түсіндіреді.

Ескерту: зарядты дымқыл ауа-райында нашар алуға болатындықтан, тәжірибені құрғақ күндерде жүргізген дұрыс.

  • Мақсатты болжау.Оқушылармен бірге талқыланады
  • электр зарядын сипаттау;
  • үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;
  • электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру
  • Түсіндіру.

Электр зарядтарының өзара әрекеттесу сипатын анықтау үшін шағын тәжірибелер жасатыңыз

а) Эбонит таяқшасын изоляцияланған штативке жібек жіппен іліп қойыңыз.

Теріс және оң зарядтардың бар екенін түсіну үшін электрленген эбонит таяқшасының дәл сондай электрленген эбонит таяқшадан тебілетінін, ал электрленген шыны таяқшаға тартылатынын бақылауды ұсыныңыз. Тәжірибелердің нәтижесін талдай отырып, оқушыға аттас зарядтардың бір-бірінен тебілетінін, ал әраттас зарядтардың бір-біріне тартылатынын түсіндіріңіз. Денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуынсипаттайтын физикалық шама –электр заряды деп аталады.

b) Индукция көмегімен электрлену құбылысын демонстрациялаңыз

Тәжірибе нәтижесін талдай отырып, денені үйкеліс арқылы және индукция көмегімен электрлеуге болатынын атап өтіңіз.

с)Дене бетінін зарядталғанын анықтау үшін жапырақты электроскопты қолданып, зарядтың бөлінуін демонстрациялау. Зарядталған эбонит таяқшасының көмегімен бір электроскопты зарядтаймыз. Екінші зарядталмаған электроскоптың шарын бірінші электроскоптың шарымен металл таяқшасымен диэлектрик ұстағыш көмегімен қосқанда, онда бірінші электроскоптың жапырақшалары төмен түседі, ал екінші электроскоп дәл сондай заряд алады. Содан кейін екінші электроскоптың шарын қолмен ұстап, разрядтау. Экспериментті бірнеше рет қайталанғаннан кейін оқушыларға зарядтың сақталу заңын және зарядтың ең кіші, ары қарай бөлінбейтін шамасы болатынын түсіндіру.

d) Зарядталған электроскопты қолданып, дененің дененің электрді өткізетінін немесе өткізбейтінін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету

  • электроскопқа шыны, эбонит немесе фарфор таяқшасын жақындатыңыз, электрлік күйі өзгермейді
  • металдар немесе графитті жақындатыңыз, электрлік күйі өзгереді.
  • Сабақты бекіту

Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. (Қосымша 1)

5. Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

  • Үйге тапсырма.

оқу

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар тәжірибені талдауға қатысады. Орташа қабілетті оқушыларға жетелеуші сұрақтар қою арқылы қолдау көрсетіледі.

Оқушылар тест тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау жасайды.Тәжірибелерді талдау дағдыларын бақылау арқылы.

Тәжірибе жасау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу