Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Электростатика негіздері

Сабақ тақырыбы:

Денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштер мен диэлектриктер

Мектеп: ХББ НЗМ Алматы

Мерзімі:

Мұғалімнің аты:

Сынып:

8

Оқушылар саны

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.1 – электр зарядын сипаттау;

8.4.1.2 – үйкеліс арқылы денені электрлену және индукция құбылысын түсіндіру;

8.4.1.3 – электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру

Сабақтың мақсаттары

  • электр зарядын сипаттау;
  • үйкеліс арқылы дененің электрленуі;
  • индукция құбылысын түсіндіру;
  • электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру;
  • өткізгіш және диэлектриктерді білу.

Бағалау критерийлері

Оқушылар біледі:

- зарядтар шартты түрде оң және теріс зарядтарға бөлінетіндігін

- аттас және әр аттас зарядтардың өзара әрекеттерін

- электроскоп және электрометр кұралдарының айырмашылығын және атқаратын қызметін

- өткізгіш және диэлектриктің айырмашылығын және осы заттарға мысалдар келтіруді

- зарядтың сақталу заңын және оны қолдануды.

Тілдік

мақсаттар

 Оқушылар электрлік құбылыстарды, зарядтың екі түрін, зарядтың сақталу заңын ауызша тұжырымдай біледі және оларды сұрақтарға жауап беруде қолдана алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Электрлік құбылыстар- phenomena

Заряд- charge

Оң заряд- positive charge

Теріс заряд- negative charge

Тебісу- repulsion

Тартысу- attraction

Зарядтың сақталу заңы- The law of conservation of charge

Электроскоп- electroscope

Электрометр- electrometer

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Денелердіӊ өзара әрекеттесу қабілетіне ие болуы олардыӊ электрленуі деп аталады.

Зарядтардыӊ екі тегі болады: оӊ зарядтар (таӊбасы оӊ +) және теріс зарядтар (таӊбасы -). Бірдей таӊбадағы зарядтар аттас зарядтар деп аталады. Әр түрлі таӊбадағы зарядтар әр аттас зарядтар деп аталады.

Аттас зарядтар өзара тебіледі, ал әр аттас зарядтар өзара тартылады.

Электрленуді байқауға арналған еӊ ыӊғайлы аспап электроскоп деп аталады.

Өткен сабақ материалдары

Қайталау. Жылу құбылыстары.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың топпен жұмыс жасай алу, зерттеушілік және өз жұмысының нәтижесін талдай алу құндылықтарын дарытады.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану пәні бойынша табиғаттағы құбылыстар электрлену құбылысына қатысы қарастырылады.

Бастапқы білім

Атом құрылысын, затты құрайтың бөлшектерді біледі.

ЖОСПАР

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

0-3 мин

3-5 мин

  • Ой қозғау. Электрсіз қазіргі дүниені көз алдымызға елестетейік.

 

 Оқушылар өз ойларын айтады. Мұғалім кері байланыс жасай отырып оқушыларды бүгінгі сабақтың оқу мақсатына қарай бағыттайды.

  • Мақсатты болжау. Сабақ мақсаты оқушылармен бірге талқыланады.
  • электр зарядын сипаттау;
  • үйкеліс арқылы дененің электрленуі;
  • индукция құбылысын түсіндіру;
  • электрленудің оң және теріс әсеріне мысалдар келтіру;
  • зарядтың сақталу заңын білу;
  • өткізгіш және диэлектриктерді білу.

Сабақтыңортасы

5-25 мин

25-35 мин

  • Түсіндіру.
  • Мұғалім үйкеліс арқылы электрленуді демонстрациялайды.

Оқушылар тәжірибеге қорытынды жасайды: олар үйкеліс кезінде екі дене де электрленетінін және тегі әртүрлі зарядтарға ие болатынын түсінулері тиіс. Мұғалім теріге (немесе жібекке) үйкелген шыны таяқшада пайда болатын электр зарядын оң, жүнге үйкелген янтарьда (немесе эбоните) пайда болатын электр зарядын теріс заряд деп атау қабылданған айту тиіс.

  • Мұғалім зарядтың бір денеден екінші денеге өтуін демонстрациялайды. Теріс зарядталған таяқша және зарядталмаған гильза берілген

Таяқшаны гильзаға тигізгенде не себепті тебілетінін оқушылар түсіндіреді.

  • Мұғалім денелердіӊ электрленуін байқау үшін электроскопты демонстрациялайды. Оң зарядталған таяқшаны электроскопқа жақындатады. Оқушылар электроскоп жапрақшаларының бір-бірінен не себепті ажырайтынын түсіндіреді.
  • Электрлік потенциалды өлшеуге арналған құрал электрометрді мұғалім демонстрациялайды. Электрометрға оң зарядталған және теріс зарядталған таяқшаларды тигізеді. Оқушылар электрометр тілшесі стерженнен неліктен тебілетінінін және бастапқы орнына қайтып келетінін түсіндіреді.
  • Мұғалім бір электрометрден екінші электрометрге зарядтың берілуін демонстрациялайды. Екі электроскопты металл стерженмен кейін диэлектрик арқылы қосады. Оқушылар электр зарядтарын өткізбейтін заттар бар екенін түсінулері тиіс
  • Мұғалім индукция көмегімен электрленудә демонстрациялайды

Оқушылар денелерді бір-біріне жанастырмай-ақ электрлеуге болатынын түсінулері тиіс

  • Сабақты бекіту

Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. (Қосымша 1)

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669ba064-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/3_1.swf

Сабақтың соңы

35-40 мин

5. Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

  • Үйге тапсырма.

оқу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының тәжирибе нәтижесін талдауға қатысуын қадағалау.

Қабілетті оқушылар сұрақты талдауда оларға көмек көрсетулеріне болады.

Тест тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың теориялық материалды қалай түсінгендіктерін бағалау.

Тәжірибе орындау барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу