Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

Термодинамика негiздерi

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.2.17 –термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

  • Ішкі энергия, газдың жұмысы ұғымдарын білу;
  • Термодинамиканың бірінші заңының физикалық мағынасын түсіндіру;
  • Термодинамиканың 1-заңын изопроцестерге қолдану.

Бағалау критерийлері

1. Ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілін сипаттайды;

2. Термодинамиканың 1- заңы энергияның сақталу заңымен сәйкес екендігін түсіндіреді;

  • 3. Газдың атқарған және газбен атқарылған жұмыстың арасындағы айырмашылықты біледі;
  • 4. Термодинамиканың 1-заңын изопроцестерге қолдана алады.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар білуі тиіс:

Ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілін ауызша сипаттау және термодинамиканың 1- заңы энергияның сақталу заңымен сәйкес екендігін ауызша/ жазбаша түсіндіру

Пәнге тән лексика мен терминология:

Температура, энергияныңсақталу заңы, термодинамикалықжүйе, газжұмысы,

ішкіэнергия, ішкі энергияның өзгерісі,жылу мөлшері

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Термодинамиканың бірінші заңы жылу құбылыстарындағы ... заңы

Жүйеге жылу берілсе, жүйенің ішкі энергиясы ...

Газдың жұмысы ...

Жүйеге жылу берілмесе ...

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға, сыни ойлау дағдысы мен коммуникативтік дағдыны жетілдіруге бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс,термодинамикадағы жұмысты фигура ауданы арқылы анықтау.

Бастапқы білім

Оқушылар 8-сыныптың 1- токсанында ішкі энергия, жылу мөлшері ұғымдарымен танысқан болатын. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3-10 минут

11-21 минут

28-37 минут

1.8.3.2.1 "Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау" оқу мақсаты бойынша алған білімдерін еске түсіру.

Жұптық жұмыс

    • Екі жағы жабық түтікшеде сынап тамшысы бар. Түтікшенің бір жағын қыздырды. Сынап тамшысының түтікше бойымен жылжуы кезінде жасалған жұмыс қандай энергия есебінен жүзеге асты, түсіндіріңіз?
    • Су түбінен жоғары қарай көтеріліп келе жатқан ауа көпіршігінің ішкі энергиясы өзгере ме? Неліктен, түсіндіріңіз?
    • Мұз еріген кезде ішкі энергиясы өзгере ме, қалай? Неліктен, түсіндіріңіз?
    • Дененің ішкі энергиясының жұмыс жасау барысында өзгеруіне мысал келтіріңіздер: үйкелу, соғу, сығу кезінде.

Бағалау критерийлері:

Берілген мысалдарды дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері арқылы түсіндіреді.

2. Ой қозғау.Бұл жерде көптеген мүмкін болатын көрсетілімдер , мысалы, велосипед сорғысының көрсетілімі (адиабатикалық сығылу үшін); өрт сорғысымен тәжірибе(ресурстарды қараңыз); тұрақты қысымда қыздыру кезінде газдың белгілі массасының ұлғайуы және т.с.с. Бірқатар тәжірибелерді көрсете отырып, оқушылардан ішкі энергия, жылу мөлшері және жұмысты есепке алғанда не болатынын талқылауды сұраңыз.

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру

4. Түсіндіру.

Ішкі энергияның осы жүйені құрайтын барлық молекулалардың кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы түрінде анықталатынына оқушылардың назарын аударыңыз.

U анықтау кезінде оқушылардың назарын аударыңыз. Идеал газ үшін бөлшектер потенциалдық энергияға ие емес (өйткені бөлшектердің өзара өзара әрекеттесу күші өте аз). Сонымен қатар оқушылардың КЭ контейнердің өзінің қозғалысы есебінен қандай да болмасын қосымша жүйелік КЭ емес, өзінің контейнеріне қатысты бөлшектердің кездейсоқ жылу энергиясы U болып табылатынын түсінулеріне көз жеткізіңіз.

U, Q және W пайдаланып термодинамиканың 1-ші заңын мына түрде жазуға болатынын көрсетіңіз: U = Q + W

Ең бастысы оқушыларға энергияның сақталу заңының мысалы болып табылатынын жеткізіңіз. Термодинамиканың 1-заңын изопроцестерге қолдануды түсіндіріңіз.

5. Сабақты бекіту. Оқушылар тапсырмаларды орындау үшін жоғарыдағы алған білімдерін қолданады.

  • Мына жағдайлар үшін термодинамиканың І заңы қалай жазылады: а) калориметрдегі денелер арасындағы жылу алмасу; б) суды спиртовка көмегімен жылыту; в) соғу кезінде дененің қызуы.
  • Суретте А күйден Б күйге өткен идеал газ процесі көрсетілген.

Б күйіндегі осы газдың абсолюттік температурасы

    • А күйіне қарағанда 2 есе үлкен
    • А күйіне қарағанда 2 есе аз
    • А күйіне қарағанда 4 есе үлкен
    • А күйіндегі газ температурасына тең

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/f53a2095-f74b-4ff4-ac6f-361d4344a481/8_74.swf

Адиабаталық сығылу:

https://www.youtube.com/watch?v=dQeCEqkE9eE

38-40 минут

6. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

7. Үйге тапсырма: Термодинамиканың 1- заңын оқу

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды орындай отырып өзара бағалау жасайды.

«Ыстық орындықта» отырған оқушыны сыныптастары бағалайды.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу