Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың және будың ұлғайғандағы жұмысы

Оқу мақсаты: Термодинамиканың бірінші заңының мағынасын түсіндіру

Қалыптастырушы бағалау

Бағалау критерийлері:

  • Ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілі бар екенін біледі.
  • Ішкі энергия өзгерісінің 2 тәсілін сипаттап, қорытынды жасап, түсіндіре алады.
  • Термодинамиканың бірінші заңын біледі

І. Талдап, түсіндіріңіз (жұптық жұмыс):

    • Екі жағы жабық түтікшеде сынап тамшысы бар. Түтікшенің бір жағын қыздырды. Сынап тамшысының түтікше бойымен жылжуы кезінде жасалған жұмыс қандай энергия есебінен жүзеге асты , түсіндіріңіз?
    • Су түбінен жоғары қарай көтеріліп келе жатқан ауа көпіршігінің ішкі энергиясы өзгере ме? Неліктен, түсіндіріңіз?
    • Мұз еріген кезде ішкі энергиясы өзгере ме, қалай? Неліктен, түсіндіріңіз?
    • Дененің ішкі энергиясының жұмыс жасау барысында өзгеруіне мысал келтіріңіздер: үйкелу, соғу, сығу кезінде.

ІІ. Бекітуге арналған тапсырмалар

  • Мына жағдайлар үшін термодинамиканың І заңы қалай жазылады: а) калориметрдегі денелер арасындағы жылу алмасу; б) суды спиртовка көмегімен жылыту; в) соғу кезінде дененің қызуы.
  • Суретте А күйден Б күйге өткен идеал газ процесі көрсетілген.

Б күйіндегі осы газдың абсолюттік температурасы

    • А күйіне қарағанда 2 есе үлкен
    • А күйіне қарағанда 2 есе аз
    • А күйіне қарағанда 4 есе үлкен
    • А күйіндегі газ температурасына тең
  • Поршень астыңдағы газ молекулаларының қандай да бір орташа квадраттық жылдамдығы бар. Газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы арту үшін төмендегі процестердің қайсысы орындалуы керек?
    • изотермиялық ұлғаю
    • изохоралық қысымның азаюы
    • изобаралық ұлғаю
    • изотермиялық қысымның артуы
  • Поршень астыңдағы ауаны жайлап сығады. Цилиндр қабырғасы мен поршень жұқа, бірақ мықты металдан жасалған. Поршень астыңдағы ауамен жүргізілетін процесті нақтырақ сипаттайтын теңдеуді көрсетіңіз.

Термодинамиканың І-заңын изопроцестерде қолдану

Изотермиялық ұлғаю

Изотрмиялық

сығылу

Изобаралық қыздыру

Изобаралық салқындау

Изохоралық қыздыру

Изохоралық салқындау

Адиабаталық

ұлғаю

Адиабаталық

сығылу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу