Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары. Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Сабақ тақырыбы: Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары

Оқу мақсаты:

  • температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;
  • температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу

Эксперименттік тапсырма «Салқындап бара жатқан судың температурасының уақытқа тәуелділігін зерттеу»

  • Мензуркаға 200 мл ыстық су құйыңдар және оның бастапқы температурасын өлшеңдер.
  • Температураны әрбір 2 минут сайын өлшеңдер.
  • Мәндерді кестеге толтырыңдар:

t/ 0С

t/ мин

  • Салқындап бара жатқан судың температурасының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар.

Қалыптастырушы бағалау

Оқу мақсаты:

8.3.1.3 Температураны әр түрлі температуралық шкалада ұсыну (Кельвин, Цельсий); 8.3.1.4 - жылулық ұлғаюдың негізінде температураны өлшеуді сипаттау;

Бағалау критерийі:

  • Температураны әр түрлі температуралық шкалада ұсынады (Кельвин, Цельсий);
  • температура ұғымын МКТ тұрғысынан түсінеді

Тапсырма

  • Цельсий шкаласы бойынша бір дененің температурасы анықталған. Термометрдің көрсеткіші суретте көрсетілген.

a) Термометрдің бөлік құнын анықтаңдар___________________________

b) Термометрдегі температура көрсеткішін жазыңдар ___________________________

c) Температураны Кельвин шкаласына түрлендіретін формуланы жазыңдар. Термометр көрсеткішін Кельвинде жазыңдар____________________________

d) Термометрді ыстық суға салды. Температура қалай өлшенетінін және термометр көрсеткішінің өзгеру себебін түсіндіріп жазыңдар.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Суретте екі түрлі термометрлер бейнеленген.

i) Цельсий шкаласы мен Кельвин шкаласы арасындағы байланыс формуласын жазыңыз._______________________

ii) Берілген суретті пайдалана отырып, белгісіз термометр көрсеткішін анықтаңыз.

ііі)Сұйықтық термометрде температураны өлшеу үшін температураның қандай шамаға тәуелділігі және қандай қасиеті пайдаланылады?

Бағалау критерийлері:

Дескриптор

Температураны әр түрлі температуралық шкалада ұсынады (Кельвин, Цельсий);

a) термометрдің бөлік құнын анықтайды

b) дененің температурасын градус Цельсийде анықтайды

С)Кельвин шкаласына түрлендіру формуласын дұрыс жазады;

температураны градус Цельсийден Кельвинге түрлендіреді

температураны өлшеуді және термометр көрсеткішінің өзгеру себебін түсіндіреді

Екі шкала арасындағы байланыс формуласын жазады

Сурет арқылы белгісіз термометрдің көрсеткішін жазады

Температура ұғымын МКТ тұрғысынан түсінеді

Температура қандай физикалық шамаға тәуелді болатынын жазады

Температураның ұлғаюын МКТ негізінде түсіндіреді

Құрылымдық тапсырмалар

  • 1.1 суретте сұйықтықтық термометр көрсетілген.

сурет 1.1

(а) Термометр мектеп зертханасындағы тәжірибелерде температураны өлшеу үшін қолданылады.

Температуралар өлшенетін бірлікті жазыңы……………………………[1]

(b) 1.1 суретке сұйықтықтың көтерілетін деңгейін белгілеңіз, егер термометрді

(і) еріп жатқан таза мұзға орналастырса (бұл нүктеге МҰЗ деп жазыңыз)[1]

(іі) қайнап тұрған судың буына орналастырса (бұл нүктеге БУ деп жазыңыз) [1]

(с) Сұйықтықтық термометрде температураны өлшеу үшін сұйықтың ұлғаю қасиетін пайдаланамыз. Басқа термометрлерде температураға байланысты басқа қасиеттерінің өзгеруін пайдаланады.

Төмендегі кестеге сұйықтың ұлғаюынан басқа, температураны өлшеу үшін қолдануға болатын екі мысал жазыңыз.

мысалы

сұйықтың

ұлғаюы

1

2

Cambridge IGCSE Physics 0625 Paper 2_w2007

http://papers.xtremepapers.com/CIE/Cambridge%20IGCSE/Physics%20(0625)/0625_w07_qp_2.pdf Марк схемасы: http://papers.xtremepapers.com/CIE/Cambridge%20IGCSE/Physics%20(0625)/0625_w07_ms_2.pdf



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу