Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жылу құбылыстары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.3 – Температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;

8.3.1.2 – температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар білуі тиіс:

  • Температура ұғымын , жылу алмасу процесін біле отырып, денелердің жылулық тепе – теңдігін түсіндіру.
  • Температураның әр түрлі шкалаларын біле отырып, үщтік нүкте , абсолют нөлі және молекулалар қозғалысының энергиясын түсіндіре алу.

 Бағалау критерийлері

1. Жылу алмасу процесін біледі;

2.Денелердің жылулық тепе – теңдігін түсінеді;

3. Әртүрлі температуралық шкаланы біледі және пайдалана алады;

4. Абсолют температура мен молекулалардың ретсіз қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы арасында қандай байланыс бар екендігін біледі;

 Тілдікмақсаттар

Оқушылар білуі тиіс: Температура ұғымын , жылу алмасу процесін біле отырып, денелердің жылулық тепе – теңдігін ауызша түсіндіру.

Температураның әр түрлі шкалаларын біле отырып, үщтік нүкте , абсолют нөлі және молекулалар қозғалысының энергиясын ауызша түсіндіре алу.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Температура, жылу алмасу, термометр, градус, шкала , үштік нүкте, абсолют нөлі ,молекулалардың ретсіз қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жылулық тепе – теңдік дегеніміз...........

Температураның ........... нөлі ........

Үштік нүкте деп.....................

 Құндылықтарды дарыту

 Бұл сабақ оқушылардың белсенділігін арттыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және коммуникативтік дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс:

Әртүрлі температуралық шкаланы қолданып есептеулер жүргізу.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта жылулық қозғалысты және МКТ негізгі үш қағидасын қарастырған. Жылулық қозғалысқа мысалдар келтіріп ,оны МКТ қағидалары негізінде түсіндіре алуы тиіс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

5-10 мин

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Ауызша сұрақ -жауап.

1.Қандай қозғалыс жылулық қозғалыс деп аталады? 2. Броундық қозғалыс деп қандай қозғалысты атайды? 3. Диффузия дегеніміз не?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын ескере отырып кері байланыс жасайды.

2.Ой қозғау. Әр партаға суы бар ыдыс және термометр беріледі және оқушыларға сұрақ қойылады. «Сендерге қандай өлшеуіш аспап берілген, ол аспаппен қандай физикалық шаманы өлшеуге болады?

3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:

  • Температура ұғымын , жылу алмасу процесін біле отырып, денелердің жылулық тепе – теңдігін түсіндіру.
  • Температураның әр түрлі шкалаларын біле отырып, үщтік нүкте , абсолют нөлі және молекулалар қозғалысының энергиясын түсіндіре алу.

Сабақтың ортасы

10-20 мин

20-35 мин

4. Түсіндіру. Сабақты түсідірмес бұрын оқушылар жүпта талқылайды .“Температура деген не? Осы физикалық шамаға қандай анықтама берер едіңдер? Температура жайлы не білесіңдер? Қандай температуралық шкалаларды білесіңдер?”

Талқылаудан кейін оқушылар әр түрлі ойларын тақтаға жазады.

Мұғалім кері байланыс жасай отырып температура макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама екенін және температуралық шкалаларды түсіндіреді.

5. Сабақты бекіту. Оқушылар жұптасып эксперименттік тапсырма орындайды. Эксперименттік тапсырма «Салқындап бара жатқан судың температурасының уақытқа тәуелділігін зерттеу»

  • Мензуркаға 200 мл ыстық су құйыңдар және оның бастапқы температурасын өлшеңдер.
  • Температураны әрбір 2 минут сайын өлшеңдер.
  • Мәндерді кестеге толтырыңдар:

t/ 0С

t/ мин

  • Салқындап бара жатқан судың температурасының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар.

Қабілетті оқушыларға тапсырманы орындау барысында кездескен бір қиындықты жазып, оны шешу жолын ұсыну тапсырылады.

Бағалау критерийлері:

1. Өлшеу нәтижелері кестеге дұрыс жазылған.

2. Осьтегі физикалық шамалар өлшем бірліктерімен жазылған.

3.Масштаб сақталған.

4. Тәуелділік графигі дұрыс сызылған.

6. Жетістікті бағалау. Оқушылар бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алғандарын және тапсырма орындау барысында қандай қиындықтар кездескенін ауызша атап өтеді. Оқушылардың жауаптарына қарай мұғалім кері байланыс ұйымдастыра алады.

Презентация

Сабақ түсіндіру барысында видеоны қолдануға болады https://www.youtube.com/watch?v=pJdlgH0SrnY

Сабақтың соңы

35-40

7. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

8. Үйге тапсырма:

"Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары" тақырыбын оқу. Қосымша 1 тапсырмасын орындау

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: жылу алмасудың ыстық денеден суық денеге энергия тасымалы екенін біледі;

Температураны анықтау кестесін толтырады және тәуелділік графигін сызады;

Кейбір оқушылар: термодинамикалық, фаренгейт шкаласында термометрді градуирлей алады.

Әр жұптың жанына барып олардың өзара талдау, пікір-таластарын бақылау.

Демонстрациялық эксперимент нәтижесі арқылы талдау дағдыларын бағалау

Алған білімдерін бағалау критерийлері арқылы тексеру.

Ыстық сумен жұмыс істегенде абай болу;

Шыны ыдыстар және термометрмен жұмыс істеу барысында техника кауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу