Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары. Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Сабақ тақырыбы: Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары

Оқу мақсаттары: - температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау; - температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу

Теориялық материалдар:

МКТ Негізгі қағидалары :

  • Барлық заттар атомдар мен молекулалардан тұрады
  • Атомдар мен молекулалар үздіксіз бей-берекет қозғалады
  • Заттың атомдары мен молекулалары бір-бірімен тартылу және тебілу күштері арқылы әрекеттеседі

Бізді қоршаған ортадағы жылулық құбылыстар - температураның өзгеруіне байланысты құбылыстар. Салқын және жылы денелер. Температура - дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама. Температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші. Температура скаляр шама. Жылу алмасу - екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қатты қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.Жылулық тепе-теңдік.Жылу алмасу денелер арасында жылулық тепе - теңдік орнағанға дейін жүреді.Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал - термометр. Оның жұмыс істеуі денелердің жылулық ұлғаюына негізделген.Термометр - температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене.Термометрлердің түрлері.

I. Сұйық термометрлер.а) сынапты, өлшеу шегі - 38°С - тан 260 °С - ка дейін;б) спиртті термометр в) термопара (- 269 °С - тан 2300 °С - қа дейін)г) термисторлар кедергісі температураның өзгеруіне негізделген құралдар.2. Газды термометрлер.Цельсий шкаласы - негізгі екі нүктесі ретінде мұздың еру (0°С) және судың қайнау (100°С) температуралары алынған шкала.Абсолют нөл температура - табиғаттағы ең төменгі шекті температура ол - 273, 15 0°С - қа тең.Кельвин шкаласы - халықаралық бірліктер жүйесі бойынша қабылданған температураның абсолюттік термодинамикалық шкаласы. Бұл шкала бойынша есептеу - 273 °С - қа тең абсолют нөлден басталады.Цельсий шкаласы бойынша температура 1°(С) мен абсолюттік температураның Т(К) арасындағы байланыс:Т = (t+273) К немесе t = (Т - 273) °С.Ремюр, Фарангейт шкалалары.Температураны өлшеу әдістері (тәжірибе көрсетуге болады)Термометрді қолда ұстап тұрып, ондағы сынап (спирт) бағанасының көтерілуін бақылау. Сынап (спирт) бағанасының көтерілу себебін айқындау. Сынап (спирт) бағанасы көтерілуін қашан тоқтатады? Термометр нені өлшейді? Термометрді температурасы өлшенетін ортадан алып қарауға бола ма? Неліктен? Түтікше бойымен көтерілген кезде сынап (спирт) молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы жөнінде не айтуға болады?

Эксперименттік тапсырма жауаптары

(а) Термометр көрсеткішін 23°C [1]

(b)Термометрдің көрсеткішінің көтерілуі тоқтағанша дейін күту керек [1]

(c) Кесте 2.1

t/с

Мақтасыз түтік

θ/°C

Мақтамен оралған түтік

θ/°C

0

79

80

30

65

67

60

58

60

90

55

57

120

53

56

150

52

55

180

51

54

[1]

(d) оқшауланбаған түтікте суу тезірек немесе маңызды ерекшелік жоқ [1]

мақтасыз түтік пен мақтамен оралған түтік температурасының ерекшелігімен түсіндіру [1]

өзекті ғылыми біліммен түсіндіреді (мысалы, мақта жақсы/ жақсы емес оқшауландырушы немесе конвекция мен сәуле таралу арқасында ең жақсы суытқыш болып табылады және т.б.) [1]

(e) Температураның шамалы ерекшеліктерінің арқасында сапасы төмен [1]

Кез келген екі жақсартуға ұсыныс:

Судың алғашқы температурасын көтеру

Алғашқы температуралардың бірдей екеніне көз жеткізу

Қақпақты қолдану

Судың үстіңгі мен астыңғы жағынын ерекшеліктерін жою үшін суды араластыру

Қалыңырақ оқшауландырушы қолдану

Сезімталдығы жақсырақ термометр мен мәлімет тіркеушіні қолдану [макс 2]

(f) Кез-келген екеуі:

Зертхана температурасы

Жабық/ ашық терезелер

ыстық судың температурасын қолдану [макс 2]

(g) 5-50см3 [1]

Тест жауаптары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу