Зертханалық жұмыс. Архимед заңын тексеру. Физика, 7 сынып, презентация.


№6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС.

АРХИМЕД ЗАҢЫН ТЕКСЕРУ

Архимед заңы –закон Архимеда-Archimedes principle

Судың тығыздығы – плотность воды - density of water

Кері итеруші күш – Выталкивающая сила - buoyant force

Дененің көлемі – Объем тела - volume of the body

Сұрақтар:

Сұйық өзіне батырылған денеге неліктен төменнен жоғары қарай бағытталған қысым түсіреді?

Архимед күшінің әрекеті қалай байқалады?

Архимед күші қандай шамаларға тәуелді?

Архимед заңын пайдалана отырып, дененің тығыздығын қалай анықтауға болады?

Зертханалық жұмыс. Архимед заңын тексеру

Сабақта пайдаланған құрал-жабдықтар: суы бар ыдыс, массасы әр түрлі жүктер, динамометр, мензурка, жіп, мектеп таразысы, көлемдері әр түрлі жүктер және тығыздығы әр түрлі сұйық (су, сұйық май)

1-тапсырма: су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу

Жұмыстың барысы:

1-тапсырма: Су ішінде массасы 100г денеге әрекет ететін ығыстырушы күшті өлшеу

Жұмыстың барысы:

1. Мензурка көлемімен жүктің көлемін анықтау

2. Дененің өлшеген Vд көлемі мен су ρсу тығыздығы бойынша ығыстырылған су салмағын табу. Р0= ρсу Vд g

Vд=V2-V1 V1-судың бастапқы көлемі

V2- дене салынғаннан кейінгі көлемі

3. Денені жіпке байлап, динамометр ілгегіне іліп және оған әрекет етеін ауырлық күшін (дененің ауадағы салмағын) мәнін табыңдар. Р-?

4. Динамометрге ілінген жүкті түгелімен суға батырып, оның су ішіндегі салмағын анықтаңдар. Р1-?

5. Ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең бе? Тексеріңдер.

6. Тәжірибені басқа денемен жасаңдар

7. Кестеге алынған мәліметтерді жазу

 

2-тапсырма Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру

Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массасы 100 гр болатын көлемдері әр түрлі екі дене, суы бар екі ыдыс.

Жұмыстың барысы:

Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;

Егер екі денені де суы бар ыдыстардың ішіне батырсақ, таразының тепе теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.

3-тапсырма Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру

Құрал – жабдықтар: мектеп таразысы, массалары мен көлемдері бірдей екі дене, суы бар және судан басқа кез келген сұйық құйылған ыдыстар;

Жұмыстың барысы:

Жүктерді таразы иіндеріне бекітіп, таразыны тепе теңдік қалпына келтіріңдер;

Егер бір денені де суы бар ыдысқа, екіншісін басқа сұйық құйылған ыдысқа батырса, таразының тепе – теңдігі бұзыла ма? Сұраққа жауап беріңдер. Жауаптарыңды тәжірибеде тексеріңдер.

Бір ағаш білеушені сынап құйылған ыдысқа, сосын су құйылған ыдысқа, одан соң керосин құйылған ыдысқа салғандағы жағдайда білеушеге әрекет ететін Архимед күшін салыстырыңдар.

Рефлексия

Үй тапсырмасы:

Неге тәрелкені суға қырымен салса батады, ал түбімен салса батпайды? Түсіндірме әңгіме құрастыру 26 - жаттығу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу